Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы

Заведующий кафедрой

Ли Елена Дмитриевна

Ли Елена Дмитриевна

Педагогика ғылымдарының кандидаты

e-mail:

Мектепке дейінгі білім беру Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында басымды міндеттердің бірі ретінде белгіленген:

  • мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту;
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту;
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету;

ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің қойған міндеттерін іске асыру мақсатында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің мамандарын даярлау үшін мемлекеттік білім беру гранттарының саны артуда.

Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасы мынадай мамандықтар бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асыруда:

  • 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» мамандығы бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту Бакалавры» академиялық деңгейі 2004 жылдың қыркүйегінен (2004 жылдың 23 шілдесінен лицензиясы АА № 0000208) беріледі.
  • 5В010200 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Бакалавры» академиялық деңгейі 2004 жылдың қыркүйегінен (2004 жылдың 14 мамырынан лицензиясы АА № 0000208) беріледі.

Бакалаврларды даярлау күндізгі және сырттай оқыту түрлері арқылы жүргізіледі (орта білім, сырттай қысқартылған оқу түрі – орта арнайы білім беру базасы негізінде, сырттай жеделдетілген оқу түрі – жоғары білім базасы негізінде). Оқытудың қаржылық негізі – мемлекеттік білім беру гранттары және келісімшарт негізінде оқу. Оқыту тілі – қазақша, орысша.

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы өздерінің біліктіліктерін жиі жетілдіріп отырады, оқу-әдістемелік материалдарын, ғылыми монографияларды дайындауды жүзеге асырады, халықаралық, республикалық конференцияларға үнемі қатысып отырады.

Кафедра оқытушылары облыстық және қалалық іс-шараларға белсенді түрде қатысады, оқушылардың аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияларында, облыстық және қалалық пәндік олимпиадаларда, интеллектуалдық ойындарда және т.б. әділ-қазылар мүшесі болып табылады.

Городская предметная олимпиада младших школьников

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың қалалық пәндік олимпиадасы

Кафедра оқытушылары облыстың білім беру мекемелерімен тәжірибелік байланысты жетістікпен жүзеге асырады: оқулықтарға сын-пікір беру, мектеп мұғалімдерінің оқу-әдістемелік нұсқауларына, түзету мекемелерінің мамандарына ғылыми-әдістемелік көмек беру, Қостанай облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты, облыстық білім беру Басқармасымен қызметтестік байланыс жасайды.

-

Қалалық және облыстық мектептермен кафедра мамандықтары бойынша студенттерінің қызметтестігі

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Факультеттер Психология және педагогика факультеті Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы