Психология және педагогика факультеті

Декан

Айдналиева Назгүл Аманжолқызы

Айдналиева Назгүл Аманжолқызы

Педагогика ғылымдарының кандидаты

e-mail:

Декан орынбасары

Алипбаева Гульжан Агыбаевна

Алипбаева Гульжан Агыбаевна

Магистр биологии

e-mail:

2004 жылы Қостанай мемелекеттік педагогикалық институты қайта құрылған кезден педагогика және психология факультеті құрылды. Факультет келесі мамандықтарды қосады: «мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «дефектология», «педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі», «психология», «педагогика және психология».

Факультет білім беру күндізгі және сырттай түрінде білім береді: сырттай қысқартылған түрі – орта арнаулы білім беру базасынан кейін, сырттай жеделдетілген түрі – жоғары білім беру базасынан кейін. Білім беру ақысы - мемлекеттік білім беру гранты және келісім шарт негізінде. Білім беру орыс және қазақ тілдерінде жүргізіледі. Псхологиялық және педагогикалық факультетте келесі мамандықтар бойынша студенттерге білім береді.

Бакалавриат:

  • 5В050300 — «Психология»
  • 5В010300 — «Педагогика және психология»
  • 5В010100 — «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбелеу»
  • 5В010500 — «Дефектология»
  • 5В010200 — «Педагогика және бастауыш оқу әдістемесі»

Факультет мамандықтарына қабылдау ҰБТ қорытындысы бойынша жүргізіледі (таңдау пәні – биология)..

Психология және педагогика факультетінің түлектері келесі жұмыс орындарында қызмет жасай алады:
  • білім беру жүйесінде: колледжде, мектепте, бала бақшада, шағын-орталықтарда, білім беру бөлімдері мен басқару, біліктілікті арттыру институттарында, түзету және арнаулы мектептерде, психологиялық және педагогикалық түзету кабинеттерінде ж.б.;
  • өндірістік мекемелерде;
  • құқық қорғау жүйесінде және түзету мекемелерінде;
  • әлеуметтік бейімдеу және қалыпқа келтіру орталықтарында;
  • в центрах профориентации и профессионального обучения
  • кәсіби білім беру және кәсіп таңдау орталықтарында;
  • жұмыспен қамтамассыз ету орталықтарында;
  • саяси технология және қоғам көзқарасын білу орталықтарында;
  • спорттық ұйымдарда;
  • ғылыми – зерттеу орталықтарында.
  • денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мекемелерінде.

Студенттерге тәрбие беру жұмысы азаматтықты қалыптастыру, патриотизм, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар ортасында кездесетін қолайсыз жағдайларды жеңу негізіне бағытталған.

ППФ

Педагогика және психология факультеті жастардың мәдени өмірімен, бос уақыттарын тиімді өткізуге, спорттық іс - шаралармен, студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстарын дамыту дәстүрлерімен көзге түсуде. Жыл сайын факультет студенттері республикалық сайыстарға қатысады. Жыл сайын жаңа хореографиялық қойылымдарды шығарып, әрдайым жетіліп отыратын би тобы және жоғары деңгейлі хор ұйымдастырылған. Дәстүрлі түрде «Студенттер күні», «Денсаулық фестивалі», бірінші курс студенттер арасында «Аламан», «Көктем Аруы» шаралары аса қызықты өтеді.

ППФ ППФ ППФ

Факультеттің барлық мамандықтары бойынша ақпараттық-кітапханалық қоры жинақталған, оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыздандырылған. Оқу сабақтары үзінділерінің бейнетаспалық қоры қалыптастырылуда. Факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамы электрондық кітапхана қорын толықтыру бойынша жоспарлы жұмыс атқаруда.

Психология және педагогика факультеті студенттерге кепілдік береді:
  • толыққұнды және сапалы кәсіби білім беруді, педагогика саласының кәсіби құзырлығын алуды;
  • гуманитарлық мәдениетті, адамға, қоғамға, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасты бағыттаушы эстетикалық және құқықтық нормаларды меңгеруді;
  • қазіргі педагогикалық іс-әрекет үшін маңызды болып келетін танымдық, ақпараттық-коммуникативтік, конструктивтік, жобалық, ұйымдастырушылық қабілеттерді дамытуды;
  • арнайы педагогика саласы бойынша кәсіби құзырлықты қалыптастыру, педагогикалық іс-әрекеттерді жүзеге асырудағы негізгі дайындық ретіндегі педагогикалық шеберлікті меңгеруді;
  • ойлау мәдениетін, өз білімін жетілдіру қабілеттерін және еңбектің ғылыми ұйымдастырылуын дамытуды;
  • бала тұлғасы дамуының кіріктірілуін, толыққұнды әлеуметтенулерін қамтамасыздандыратын инновациялық педагогикалық технологияларды кеңінен қолдану диапазонын меңгеруді;
  • білім берудің жеке бағдарламасын таңдауды;
  • жоғары кәсіби білім берудің келесі сатыларында білім алуды жалғастыру;
  • интеллектілері, сөйлеу дағдылары төмен, көру, есту анализаторларында, жүру - қозғалыс аппараттарында және ақыл - естерінде бұзылу байқалған балалар үшін арнайы мектепке дейінгі және мектептік ұйымдардағы түзету-педагогикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыру.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Факультеттер Психология және педагогика факультеті