Дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасы

Кафедра меңгерушісi

ogienko n

Огиенко Надежда Анатольевна

Педагогика ғылымдарының кандидаты

e-mail:

Кафедра 1968 жылы құрылған және спорт пәндері кафедрасы деп аталды; қазіргі уақытта кафедра дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы деп аталады, 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» және 5В090200 – «Туризм» мамандықтары бойынша кадрларды даярлап шығарады.

Оқытушылардың ішінде: 3 «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» дәрежесі бар, 3«Спорт шебері», 4 «Жоғары ұлттық санаттағы жаттықтырушы», 3 «Халықаралық санаттағы төреші», 5 оқытушы «Ұлттық санаттағы төреші» дәрежесі бар. Көптеген оқытушылар үкіметтік марапаттарға ие: «ҚР дене шынықтыру және спортты дамытудағы еңбегі үшін», ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінің Құрмет белгісі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің және облыс әкімдігінің марапаттарын иеленген.

Кафедра оқытушылары мұғалімдер мен балалар-жасөспірімдер орта мектебінің жаттықтырушыларының біліктілігін арттыру мақсатында дене шынықтыру бойынша өңірлік орталық пен Қостанай облысындағы дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері жөніндегі олимпиадалық дайындық орталығымен тығыз қарым-қатынас жасайды.  

Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары оқуға деген жауапкершілікке тәрбиелеу, болашақ мамандардың біліктілігін арттыру, құқықтық мәдениетті арттыру, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұжымдастыру.

Кафедраның ғылыми қызметінің басым бағыттары «Дене тәрбиесі және оқитын жастардың спорттық дайындығын жетілдіру» мәселесін шешумен байланысты. Соңғы жылдары 50 ғылыми мақала, баяндама тезистері, әдістемелік ұсыныстар жарияланды. Тақырып бойынша ғылыми зерттеу материалдарына негізделіп, 2009 жылы: «Жаттығу қызметін кешенді бақылау негізінде ауыр атлеттердің біліктілігін арттыруды басқару» тақырыбына докторлық диссертация қорғалды.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

ДШСжТТмП кафедрасында 10 ғылыми-зерттеу үйірмелері жұмыс істейді, онда бірнеше бағыт бойынша зерттеулер жүргізіледі: ДШ және C педагогикасы, ДШ және С психологиясы, дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі және спорт, таңдаулы спорт түрлері. Осы жұмыстың нәтижелері халықаралық конференциялардың жинағында (Қостанай, 2012, Астана 2013, Челябі 2012 - 2013, Павлодар 2013) және соңғы біліктілік жұмыстарында жарияланды

Жыл сайын мамандық студенттеріне анатомия (наурыз), ДШ психологиясы (сәуір) және ДШ педагогикасы (мамыр) пәндері бойынша білімдерін көрсететін пәндік олимпиадалар өткізіледі.

Дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасының студенттері Орал ДШМУ-нің магистранттарымен бірлесіп университеттің оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу мәселесі бойынша семинарларды ұйымдастыруға және өткізуге белсене қатысады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Факультеттер Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті Дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасы