Дене шынықтыру дайындығының оқу-тәрбие орталығы

Орталық меңгеруші

Тулегенов  Аманжол  Багытжанович

Тулегенов Аманжол Багытжанович

Аға оқытушы

Дене шынықтыру дайындығының оқу-тәрбие орталығында оқу процесін ұйымдастыру нормативтік-құқықтық құжаттармен бекітілген және оқытушылардың жылдық жүктемесі бекітілген жоспарға, келісілген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жүзеге асырылады.

Оқу үрдісінің сапасын арттыру үшін орталық оқытушылар:

  • оқу сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану (лекция, практикалық);
  • оқу үрдісінің сапасын арттыру үшін оқытушылар студенттерге арналған тест тапсырмаларын әзірлеуде жаңа технологияларды меңгереді;
  • біліктілікті арттыру (семинарларға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуға);
  • оқу үдерісін жетілдіру үшін инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу.

Дене шынықтыру орталығы спорттық бағытта спортклубпен және дене шынықтыру факультетінің бапкерлері мен және оқытушылары мен бірге оқу жылы бойы барлық спорттық және бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырып өткізеді.

Университетің студенттері қаланың және облыстың барлық спорттық іс-шараларына, соның ішінде көктемгі және күзгі кросстар, 9 мамырға арналған жүгіріс, ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсарин сыйлығына арналған кросс, қалалық эстафеталарда, Облыстық студенттік фестиваль «Студенттік көктем», Жоғары оқу орындары арасындағы Спартакиада және т.б. жарыстарға белсенді түрде қатысады.

Сонымен қатар республикалақ дегейде баскетбол мен футзалдан Ұлттық студенттік лигаларға қатысады, Қазахстан Республикасының Жоғары оқу орындары арасындағы жазғы және қысқы Универсиадасына, Дүниежүзілік Универсиадаға және Халықаралық студенттік жарыстарға белсенді қатысады.

Біздің студенттер жыл сайын түрлі денгейдегі қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болады.

kspukspu

Біздің университетімізде дене шынықтыру факультетінің және спортклубтың бапкерлері әр түрлі спорт түрлерінен секциялар жүргізеді. Олар:

  • волейбол
  • баскетбол
  • мини-футбол
  • үстөл теннисі
  • күрес
  • фитнес
  • интеллектуалдық ойындар (дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ)
  • президенттік көпсайыс
  • гір спорты
  • пауэрлифтинг.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Факультеттер Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті Дене шынықтыру дайындығының оқу-тәрбие орталығы