Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті

Декан

Кифик Наталья Юрьевна

Кифик Наталья Юрьевна

Педагогика ғылымдарының кандидаты

e-mail:

Декан орынбасары

Шкваренко Никита Сергеевич

Шкваренко Никита Сергеевич

Туризм магистрі

ДШСжТ факультеті 1967 жылы құрылды, алғашқы түлектер 1971 жылы бітіріп шықты. Осы жылдар ішінде факультет дене шынықтыру саласында 3000-ға жуық маман дайындап шығарды. 2005 жылдан бастап факультет «Туризм» мамандығын даярлайды.

Факультет түлектері Қазақстанда және шетелде дене тәрбиесі және спорт жүйесінің әртүрлі бөлімдерінде, дене шынықтыру және спорттың әртүрлі деңгейлі басқару органдарында, жоғары оқу орындарында, колледждерде, жалпы білім беру мектептерінде, балалар-жасөспірімдер және арнайы спорттық мектептерде, спорттық клубтарда еңбек етеді.

Факультет өзінің түлектерін мақтан тұтады атап айтсақ, грек-рим күресі бойынша ҚР алғашқы спортқа еңбегі сіңген шебер, Сидней және Атланта ойындарына қатысушысы, Хиросимо қаласындағы Азия ойындарының чемпионы, студенттер арасында әлемнің екі дүркін чемпионы, Азияның алты дүркін чемпионы Сергей Матвиенко, бадминтон бойынша Еуропа чемпионы Куставлетова С., студенттер арасында бадминтон бойынша әлемнің екі дүркін чемпионы Дмитриев И., Азия чемпиондары, Олимпиада ойындарына қатысушы Ногано Борцов және Селезнева О., Атлантадағы Олимпиада ойындарына қатысушы гимнаст Рыбалко Д., Атлант, Сидней және Афинадағы Олимпиаданың үш рет қатысушысы жеңіл атлет Борцов В., Азияның екі дүркін чемпионы, пауэрлифтинг бойынша әлем Чемпионатының жүлдегері Кувамбаев З.

Көптеген түлектер педагогикалық қызметте маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Жоғары дәрежелі «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағын Солянкина Г.С., Лавриненко В.И. (бокс), Матвиенко В.П. (грек-рим күресі), Досмагамбетова М.К., (грек-рим күресі), Мусафарова М.К. (бадминтон), Тажмакина М.К., (бокс), Попков С.А., (спорттық гимнастика), Тарасов К.В. (таеквондо (JRT)) иеленді.

Факультеттің түлектері ғылыми-педагогикалық қызметте айтарлықтай із қалдырды. Педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесі диссертациясын қорғағандар Макаренко В.Г., Луконина О.В., Панов В.А., Шкреба В.А.,Усмангалиев М.К., Огиенко Н.А., Ибраева Р., Мамиев Н.Б.

Бүгінгі күні факультетте «Дене шынықтыру және спорт» және «Туризм» мамандықтары бойынша 500-ден астам студент оқиды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Факультеттер Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті