Ынтымақтастық

Республикалық және облыстық білім мекемелерімен ынтымақтастық

Филология департаментінің оқытушылары «Тіл және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша «Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің С. Мауленов атындағы гимназиясы» ММ, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» ММ, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің А. М. Горький атындағы гимназиясы» ММ, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі» ММ, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №2 мектебі» ММ, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Б. Момышұлы атындағы №5 орта мектебі» ММ, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №7 мектебі», «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 8 мектебі» ММ, "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 мектебі» ММ, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М. Хакімжанова атындағы №20 орта мектебі» ММ, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №115 мектебі» ММ педагогтарымен ғылыми байланыс іске асырылуда.

Филология департаментінің ПОҚ қала және облыстың жалпы білім беру мекемелерімен ынтымақтастықта: «Қостанай Дарыны» орталығы, «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты; жыл сайын Алматы қ., Нұрсұлтан қ., «Өрлеу» РИПКСО жанындағы біліктілікті арттыру курстарынан, сондай – ақ Қостанай қ. білім беру орталықтарында өзінің кәсіби деңгейін жоғарылатады.

Филология департаменті Қазақстандағы іргелі оқу орындарымен тығыз байланыста: «Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық университеті», «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті», «А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты», «Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті», «Қазақ қыздар педагогикалық университеті», «Ш. Құдайбердиев атындағы Семей мемлекеттік университеті», «Н. Гумилева атындағы Еуразиялық университеті».

Халықаралық ынтымақтастық

2016 жылғы 14-25 қараша аралығында ҚР БҒМ 204100 «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау жəне білім алушыларға əлеуметтік қолдау көрсету» бюджеттік бағдарламасы негізінде Қостанай педагогикалық университетінде университет оқытушыларына дəріс жəне «Орыс тілі мен əдебиеті», «Қазақ тілі мен əдебиеті» мамандықтарының студенттеріне арналған оқу сабақтары өтті. «Орыс тілі мен əдебиеті» мамандығының студенттері халықаралық Славян зерттеу тобына кіруге мүмкіндік алды. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Батыс-Венгр университетімен (Венгрия) шығармашылық байланыстары бір жыл бойы жалғасады. Ынтымақтастық туралы шарт жасалды, екі жоғары оқу орны оқытушыларының іскерлік ынтымақтастығы жүргізілуде, бұл, əрине, оқытушыларды байытады жəне мамандарды даярлау жүйесін жетілдіре отырып, оқу процесіне жаңа элементтерді енгізуге мүмкіндік береді. Бірлескен жоба аясында 2016 жылы «Гуманитарлық ғылымдардың өзекті мəселелері» мақалалар жинағы шығарылды. Оның шығарылуына гуманитарлық ғылымдар саласындағы жетекші мамандар тартылды: тарих ғылымдарының докторы Əбіл Еркін Аманжолұлы, PhD философия докторы Даумова Батима Бексұлтанқызы. 2017-2018 оқу жылында «Қазақ-орыс əдеби байланыстары» халықаралық əдеби-тарихи жобасын əзірлеу мақсатында Мəскеу ауданының «Берегиня» ОМБУ-мен шарт жасалды. Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Erasmus+ бағдарламасы Академиялық ұтқырлық бойынша студенттер үшін ғана емес, сонымен қатар ЖОО қызметкерлері үшін 2017-2020 жж. ұзартылды. Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасын бірлесіп əзірлеу жүргізіледі – TEL learning-KUTEL, Адоб Презентер бағдарламасында дəріс əзірлеу (2 модуль, Гульельмо Маркони университеті 2017-2020 жж.).

2019 02 25 kutel

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз