Көптілділік орталығы

Көптілділік орталық жетекшісі

Иванова Елена Сергеевна

Иванова Елена Сергеевна

«Көптілділікті» қалыптастыру – ұзақ және қиын, қазіргі заман саяси және экономикалық болмысында қалыптасуының тұрғысынан өте маңызды процесс. Тілдерді оқыту, әр тілдің әлеуметтік, тарихи, мәдениеттік құндылықтарымен байланысты халықтар арасындағы өзара түсіністіктің құралы болуы тиіс. Тілдік құзыреттің қалыптасуы жалпы өз мәдениетін байытудағы құндылық. Көптілді білім беруді сезіну көптілді тұлғаның қалыптасуына бағытталған, ғылыми жобалар мен тәжірибелік іс-шаралардың іске асыруындағы өзектілікті негіздейтін құндылық. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті білім беру алдында үш тіл меңгерген бәсекеге қабілетті маман дарлау мақсатын қойған: мемлекеттік тілді – қазақ тілін, орыс тілін ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде, ағылшын тілін жаһандық экономикадағы табысты интеграция тілі ретінде. Осыған байланысты және Қазақстан Республикасы Президенті «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауының «Тілдердің үштұғырлы» мәдени жобасын іске асыру үшін, 2013 жылы Көптілділік орталығы құрылды.

Орталық мақсаты: Көптілділік білім беру шеңберіндегі оқытушының кәсіби дамуын ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуін қамтамасыз ету, сонымен қатар «Тілдердің үштұғырлы» ұлттық жобасын іске асырудағы жаңа кескіндегі педагогтын даму процессін басқарылуына жәрдемдесу.

Орталық міндеттері:

  1. Көптілділік саласындағы біліктілігін арттырудын әр түрлі формаларының арқасында кадрлық және ғылыми әлеуетін жетілдіру.
  2. НЗМ тәжірибелерімен алмасу, шетел және ұлттық көптілді ЖОО мен профильді пәндерді оқыту мектептері, және көптілді кадрларды дайындау бойынша ынтымақтастықты орнату.
  3. ҚМПУ студенттері мен оқытушылары үшін ағылшын, орыс және қазақ тілі курстарын ұйымдастыру және өткізу.
  4.  Ғылымның заманауи жетістіктері негізінде орталықтың мәселелері бойынша инновациялық-зерттеу және эксперименттік қызметін өзектендіру.
  5. Көптілді топтардағы оқу дайындығын жобалайтын және іске асыратын оқытушылармен жұмысты жандандыру.
  6. Жан-жақты, көптілді тұлғаны тәрбиелеу бойынша студенттермен іс-шаралар өткізу.

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Факультеттер Филология факультеті Көптілділік орталығы