Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы

Кафедра меңгерушісi

Исина Диана

Исина Диана Амантайевна

Педагогика ғылымдарының магистрі

e-mail:

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында оқыту екі білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады:

  • 5В011800 – «Орыс тілі мен әдебиеті»
  • 5В012200 – «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»

Оқу мерзімі: күндізгі толық – 4 жыл, күндізгі қысқартылған – 3 жыл, қашықтықта оқыту – 2 жыл және 3 жыл.

Білім беру бағдарламалары: 5В011800 Орыс тілі мен әдебиеті, Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті.

Кәсіби іс-әрекеттің түрлері:

  • орта арнаулы білім беру мекемелерінде, кәсіптік мектептерде, сондай-ақ оқу
  • орындарында, түрлі оқу курыстарында, жалпы орта білім беретін мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде білім беру;
  • тәжірибиелік-зерттеу – зерттеуші мұғалім ретінде, сондай-ақ түрлі қорлар мен
  • жобалардың қызметкерлері ретінде;
  • ұйымдастыру-басқарушылық-мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелері мен
  • ұйымдардың әр түрлі дәрежелі жетекшісі ретінде;
  • редакторлық-баспа-редакторы ретінде;
  • дикторлық-БАҚ қызметкері ретінде.

Кәсіби іс-әрекеттің нысаны

Түлектердің кәсіби іс-әрекеттің нысаны – жалпы орта білім беретін мектептер, орта арнайы білім беру ұйымдары, гимназиялар, лицейлер, колледждер болып табылады.

Кафедраның оқу бағыты

https://www.kspi.kz/images/articles/2018-2/5-12-12-rll-startup_3.JPG

Кафедраның негізгі мақсаттарының бірі - білім беру, тәрбие және ғылыми-зерттеу қызметінің сапасын жақсарту, оқытушылар мен студенттердің ұтқырлығын дамыту, көптілді білім беру элементтерін еңгізу, 12 жылдық білім беруге көшуге сәйкес жұмыс бағдарламаларын жетілдіру болып табылады. 4 курс студенттері "инновациялық білім беру технологиялары" оқу зертханасымен бірге "балалар әдебиеті" бойынша бейнефильм жасады.

Өткізілген сабақтардың сапасын арттыру үшін:

  • «19-20 ғасырлардағы кейіпкермен автордың эстетикалық қарым-қатынас принциптері» монографиясы Lambert (Алмания) баспасынан шығарылды, "ХХ ғасырдың басындағы орыс әдебиеті" пәні бойынша оқу сабақтарын дайындау және өткізу барысында пайдаланылуы мүмкін. "Әдеби шығармадағы көркем уақыт және кеңістік" оқу құралының материалдары студенттерге орыс әдебиетінің ерекшелігін меңгерумен байланысты күрделі мәселелерді қабылдау мәселелерде көмектеседі.
  • "Сөзжасамның өзекті мәселелері" оқу құралы;
  • "Жоғарғы оқу орындары мен мектепте филология бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру" оқу-әдістемелік құралы;
  • «Сөйлеудің ғылыми стилі» электронды оқулық;
  • «Қазақ әдебиетін жоғарғы оқу орындарымен мектепте оқыту ерекшеліктері» оқу әдістемелік құралы;
  • «Информатиктер үшін кәсіби орыс тілі» оқу әдістемелік құралы. Оның негізінде 1 электрондық оқу құралы дайындалды.

Т.Р. Пчелкина «ХХ ғасырдың орыс әдебиетінің ерекшелігі» электрондық оқу құралы дайындалды, ҚР ӘМ зияткерлік Комитетінің қорғау құжатын алған.

2018 жылдың қаңтар айында "Орыс тілі мен әдебиеті" модульдік білім беру бағдарламасы талқыланды, оның барысында жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша жаңа пәндер еңгізілді: қазіргі заманауи мектепте балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу, ЖОО мен мектепте филология ғылымдарының ғылыми зерттеу негіздері, қазіргі мектепте филолог-мұғалімнің жобалық қызметін ұйымдастыру негіздері, филолог-мұғалімнің кәсіби қызметіндегі ғылыми және іскерлік құжаттамалар, жаңартылған білім беру жүйесіндегі орыс тілі мен әдебиеті бойынша дарынды балалармен жұмыс.

Тәрбие бағыты

-

Оқу ғимаратын көріктендіру мақсатында студенттердің сенбілікке қатысуын ұйымдастыру. Кураторлармен улгерімі нашар студенттердің ата-аналарымен жұмыс жүргізіледі. Кафедра оқытушылары мен студенттер «Денсаулық күні», ҚР тәуелсіздігіне арналған мерекелік іс-шараларға белсенді қатысады. Оқытушылар студенттермен бірге Орыс драма театры, Қазақ драма театры, Облыстық өлкетану мұражайына жиі барып турады. Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада, Орыс драма театрында діни төзімсіздік көрсету элементтерімен байланысты профилактикалық өткізілетін іс-шараларға қатысады. 2017 жылы 8 қарашасында Н.Островский атындағы ұйымдастырған «Қазақстан-Ресей», «Шекарасыз оқу» атты халқаралық он-лайн конференцияға «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері қатысты. Екі елдің мәдениеті мен ғылымы туралы әңгімеге орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к., Т.Р.Пчелкина қатысты, қоғам қайраткері, ғалым, А.Н. Альферов Ресей Жазушылар Одағының мүшесі (Мәскеу).

Облыстық білім беру мекемелерімен ынтымақтастық

Кафедра оқытушылары «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің ММ Физико-математикалық лицейі», «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің ММ №1 мектеп-лицейі», «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің ММ №2 мектеп-лицейі», «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің ММ №7 орта мектебі» ұстаздармен ғылыми байланыс жасайды.

Кафедра қала және облыстың жалпы білім беру мекемелерімен тығыз байланыста: «Қостанай-Дарыны» орталығы, «Озат» дарынды балаларға арнлаған мектеп-интернаты. Кафедра оқытушылары жыл сайын Алматы қ., Астана қ. «Өрлеу» республикалық институты білім беру жүйесі біліктілікті арттыру курыстарынан өту түрінде өзінің кәсіби деңгейін жоғарлатады.

Кәсіби-үгіттеу бағыты

Кафедра оқытушыларымен Физика математикалық лицейі, №1, №2, №7 орта мектептермен ғылыми байланыс жасалады.

Жыл бойы Қостанай қаласының орта мектеп оқушыларына ҰБТ-ға дайындық мақсатында сабақтар өткізіледі. Қостанай қаласы мен Қостанай облысы мектептерімен үгіттеу жұмысы жүргізіледі.

Демалыс кезінде мектеп бітірушілермен кездесу өткізіледі. Кафедра оқытушылары Т.Р.Пчелкина, К.К.Сегізбаева оқушылардың Аймақтық ғылыми-практикалық конференциясының әділ-қазылар мүшесі болып табылады.

Филология ғылымның кандидаты Т.Р.Пчелкина жетекшілігімен, Т.Назарук Республикалық олимпиадаға дайындалып, 2014 жылы қатысып орыс тілі мен әдебиетінен 1 орынға ие болды.

Біздің болашағымыз

Әр жылдары кафедра Қостанай облысының гуманитарлық саласында шығармашылық жұмыстарды есімдері көпке белгілі тұлғаларды дайындап шығарды. Біздің түлектеріміз - депутаттар, ғылым қайраткерлері, бизнесмендер, мектеп директорлары, ұстаздар, республикалық және облыстық газеттердің, радио және теледидар корреспонденттері, Ресей, Қазақстан үздіктері, шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары, әр түрлі фестивальдардың жүлдегерлері. Бүгінде кафедрада шығармашылық тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуге, филолог, ақын, прозаик, публицист, журналистің дарынын дамытуға барлық мүмкіншілік бар. Біздің болашақ студенттерімізді шығармашылық, белсенді, білімді, интеллегентті, парасатты тұлға ретінде дамытамыз. Бұған оқу процесінен тыс өткізілетін апталық іс-шаралар, Славян жазулар күндері, студенттердің ғылыми конференциялары, олимпиадалар, байқаулар мүмкіндік береді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Факультеттер Филология факультеті Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы