Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Кафедра меңгерушісi

Канапина Сауле Галымбековна

Канапина Сауле Галымбековна

Филология ғылымдарының кандидаты

e-mail:

1989 жылы Қостанай педагогикалық институты филология факультетінің құрамында қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша мұғалімдер дайындайтын қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы құрылды. Кафедра тәуелсіздік алған жылдардан бері Қостанай өңіріндегі мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін дайындап, мемлекеттік тілдің дамуына зор үлес қосып келеді.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» туралы заңдарын іске асыру мақсатында студенттердің білімін заман талабына сай жаңа сапаға жоғары деңгейде көтеру қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы ұжымының алдына қойған мақсатттарының бірі болып табылады. Кафедра мүшелерінің ғылыми-методикалық жұмыстарын жақсарту барысында ғылыми жұмыспен шұғылдануына, кафедра оқытушыларының педагогикалық шеберлігін арттыру, жаңа технологиялық әдістерді, ғылымдағы жаңа бағыттарды тәжірибе жүзінде іске асыруына үнемі жағдай жасалынып отырады. Сонымен қатар кафедра оқытушылары ұйымдастыру-тәрбие жұмысын оқу-әдістемелік жұмыспен қатар жүргізе отырып, студенттерді өздері қалап алған мамандықтарына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында үнемі тәрбие беріп отырады.

Кафедра Қазақстандағы іргелі оқу орындары Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық универститеті, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Ш.Құдайбердиев атындағы Семей мемлекеттік университеті, Н.Гумилев атындағы Еуразия университетімен тығыз байланыс жасайды. Олардың арасында ынтымақтастық қатынас, ғылыми-зерттеушілік, тәжірибе алмасу жұмыстары жолға қойылған. Кафедра ұжымы ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарына өз үлестерін қосып келеді.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұстаз-ғалымдары қазіргі қазақ тілі, когнитивтік лингвистика, лексикография, әдебиеттану, Ахметтану, этнолингвистика ғылымдары салаларында өзекті мәселелерді көтеріп, ғылыми үрдіске белсенді қатысып келеді.

Кафедра мамандықтары:

  • 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»
  • 5В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»

Мамандықты бітірген студенттер жалпы білім беретін орта мектептерде, ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер, әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында, орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде мұғалім, кеңесші болып жұмыс істей алады.

Оқыту формасы:

 - күндізгі – 4 жыл
 - орта арнайы білім негізінде күндізгі және сырттай – 3,5 жыл
 - жоғары білім негізінде -2 жыл

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасыАкадемиялық дәрежесі: - қазақ тілі мен әдебиеті бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Кәсіби қызметінің түрлері: жалпы білім беретін орта мектептерде, ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер, әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында, орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде мұғалім, кеңесші.

Ғылыми жұмыстар бағыты: кафедраның ғылыми-ізденушілік жұмысы оқытушылардың, студенттердің кәсіби білімін арттыру, ғылыми ізденіске тарту мақсаты болғандықтан мынадай кешенді тақырыптарды қамтиды. Қазақ тілі мен әдебиетінен алған теориялық білімдерін жүйелі түрде филологиялық және лингводидактикалық жақтан жетілдіру.

Кафедра оқытушылары білім берумен қоса тәрбие жұмыстарына да баса назар аударады. Кафедра жанынан құрылған «Тілтаным», «Жас өркен» ғылыми, әдеби танымдық үйірмелер студенттердің заман талабына сай бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуларына үлестерін қосады.

Дәрісханалар оқу мазмұнына сай тіл үйренуге қажетті, заман талабына сай арнайы жарақталған техникалық құралдармен жабдықталған, оқытудың жаңа технологиялары: әдістемелік, лингофондық кабинеттер, мултимедиялық құралдар және компьютерлік кластарзаманауи сұранысқа сай қамтылған.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Факультеттер Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы