Филологиясы факультеті

Декан

Есиркепова Кенжегул Кабылгазиновна

Есиркепова Кенжегул Кабылгазиновна

Филология ғылымдарының кандидаты

e-mail:

Декан орынбасары

Шошакова Жанар Карасыновна

Шошакова Жанар Карасыновна

Филология магистрі

e-mail:

Мамандықтары:

  • 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»
  • 5В012100 – «Қазақ тілде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»
  • 5В011800 – «Орыс тілі мен әдебиеті»
  • 5В012200 – «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»
  • 5В011900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі»

Факультетің тарихы

1939 жылдың 21 тамыз 1939 жылдың 21 тамыз айында Қазақ ССР Кеңес халық комитеті және республиканың ағартушы халық комитетінің келісімі бойынша Қостанай облыстық атқару комитеті Президиумы еңбекші депутаттар Кеңесі «Қостанай мұғалімдер институты және оның бөлімшелерін ұйымдастыру туралы қаулы қабылдады, онда: «1. Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен Қостанай педучилище базасының құрамында физика-математикалық және жаратылыстану-географиялық екі факультеті бар Қостанай екі жылдық мұғалімдер институты құрылсын» делінген.
1942 жылы күзде орыс тілі мен әдебиеті бөлімі және кафедралар ашылды.
1955 жылдың 5 шілде айында мұғалімдік институт негізінде Қостанай педагогикалық институтын ашуға шешім қабылданды. 50-ші жылдардың екінші жартысында- жеке кафедралар құрылды: орыс тілі, орыс және шетел әдебиеті.
1989 - 1992 жылдарға дейін факультетте орыс және қазақ бөлімдері бар.
1992 жылдан бастап екі факультетке бөлінеді.
1996 жылы факультетте журналистика бөлімі ашылады.
2003 жылы орыс және қазақ филология факультеті біріктірілді.
2009 жылдың тамыз айында шетел тілдері факультетіне қосылып филология факультеті атауы берілді.
2013 жылдың қаңтар айында филология факультеті құрамынан бөлініп, қазақ және орыс филологиясы факультеті құрылды.

Ғылыми – практикалық жұмыстар

Кафедралар ғылыми-зерттеу жұмыстарын профессорлық-оқытушылар құрамының ҒЗЖ жоспары негізінде жүзеге асырады.
Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы ғылыми жұмыстарды кафедраларда талқыланып, бекітілген арнайы бағыттарда жүргізеді.
Кафедралардың негізгі ғылыми бағыттары:
1. Тіл білімінің теориялық негіздері мен функциональды аспектілері;
2. Этнолингвистика және лингвомәдениеттаным;
3. Әдебиет тарихы мен теориясының ғылыми негіздері;
4. Қазақ және орыс тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық методологиясы.
Факультетте студенттердің ғылыми ізденісін, танымдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге ерекше назар аударылады. Кафедра апталығы аясында дәстүрлі түрде ғылыми жобалар байқауы өткізіліп, студенттермен оқытушылардың бірлескен ғылыми мақалалары конференциялар мен ғылыми басылымдарда жарияланып отырады.
-
-

Мектеппен байланыс

Факультет Қостанай қалалық Ы.Алтынсарин атындағы "Дарынды" балаларға арналған мектеп-интернаты, С.Мәуленов атындағы гимназия, Н.Наушабаев атындағы қазақ орта мектебі, дарынды балаларға арналған «Озат» мектеп-интернаты, физика-математикалық гимназия, М.Хакімжанова атындағы №20, №10, №11, №9, № 115, №1, №2, №7 орта мектептермен оқу-әдістемелік және ғылыми байланыс орнатқан. Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы дәстүлі түрде өтіп тұратын қалалық, облыстық пәндік олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми бірлестіктерінің жұмысына қазылық етеді.
К.Қ. Есіркепова, К.М. Мырзағалиева, С.Ғ. Қанапина, Э.А. Исова, Т.Р Пчелкина, Г.В. Мустакимова, С.Б. Арсаева, К.К. Сегизбаева сияқты оқытушылар оқушылардың ғылыми жұмыстарына ғылыми кеңес беруді, пікір жазып, ғылыми жұмыстарды ұйымдастыруды жүйелі жүргізіп отырады.
-
-

Тәрбие жұмысы

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ және орыс филологиясы факультетінде жас мамандарды дайындауда көптеген жұмыстар атқарылуда. Бұл іс-шаралардың барлығы студенттердің өз мемлекетін, мамандығын сүю үшін, яғни елінің патриоты болуға тәрбиелейді.
Факультеттің тәрбиелік іс-шараларының мақсаты:

  • Студенттердің сенімдік қасиеттерін танып -білу және дамыту.
  • Студенттердің ұжымда белсенді жұмыс атқара отырып, жақсы қарым - қатынаста болуға үйрету.
  • Алдарына келген кез-келген мәселені ұстамдықпен, ақылмен шешуге тәрбиелеу.
  • Алға қойылған мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойылады:
  • Студенттердің интеллектуалдық танымды, мәдени деңгейін көтеру.
  • Азаматтық, патриоттық тәрбие беру. Өз елінің тарихына деген сыйласымдық, өздерінен үлкен кісілерге құрмет көресету. Жалпы әдет- ғұрып пен салт-дәстүрге ізеттілік көрсету.
  • Салауатты өмір салты мен спортты үгіттеу, спорттық және ұлттық ойындарды жоғары деңгейге көтеру;
  • Қоршаған ортаны қорғап, экологиялық жағдайды көтере білуге тәрбиелеу;
  • Шығармашылық және ұйымдастыру жұмыстарын жақсы атқаруға жетекшілік ету.
-
-
М.Мақатаетың поэзиялық кеші
Студенттер қатарына қабылдау
-
-
Наурыз мейрамы
«Менің Отаным - Қазақстан»
көркемөнерпаздар байқауы

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Факультеттер Филология факультеті