Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасы

Кафедра меңгерушісi

Амантаева Айгуль Багитжановна

Амантаева Айгуль Багитжановна

Философия ғылымдарының кандидаты

"Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері" кафедрасы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жетекші кафедраларының бірі. Кафедра 6В01405 Құқық және экономика негіздері Білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайды.

Кафедра меңгерушісі философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А. Б. Амантаева болып табылады. Кафедрада 11 ғылым кандидаты, 6 экономика, педагогика, құқықтану, гуманитарлық ғылымдарның магистрі бар.

"Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері" кафедрасы орта жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындарында оқыту, оқу-тәрбие және әдістемелік қызметті ұйымдастыруға, құқық және экономика саласындағы өзекті мәселелерді зерттеуге, кеңес беру қызметін көрсетуге, сондай-ақ білім беру ұйымдарында ұйымдастыру-басқару және үйлестіру қызметіне бағытталған.

Кафедраның профессорлық - оқытушылар құрамы мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытады. Сонымен қатар, "жоғары оқу орындарындағы жаңартылған білім беру аясындағы заманауи педагогикалық технологиялар", "ҚР педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары негізінде әзірленген жаңа білім беру бағдарламалары", "инклюзивті білім беру", "қаржыны тиімді басқарудың негізгі принциптері" атты оқыту әдістерін қолдана отырып оқытады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы оқу үрдісінде интерактивті технологияларды әзірлеу және қолдану бойынша үнемі жұмыс істейді.

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы

"Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері" кафедрасы барлық мамандықтағы студенттерді келесі пәндермен қамтамасыз етеді: "дінтану", "әлеуметтану", "саясаттану", "философия", "экономика және кәсіпкерлік негіздері", "құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері".

6В01405"Құқық және экономика негіздері" Білім беру бағдарламасы бойынша, мамандарды даярлау мақсатында келесі траекториялар бойынша модульдік білім беру бағдарламасы әзірленді: "құқық және экономика негіздері, көшбасшылық және кәсіпкерлік білім беру негіздері", "Құқық, экономика және қоғамтану негіздері".

Кафедрада кәсіби-бағдар беру жұмысы шеңберінде келесі іс-шаралар жүзеге асырылады: Қостанай облысының жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларымен, колледж студенттерімен кездесу, кафедраның "ашық есік күні", облыстық, қалалық турнирлерге, олимпиадаларға қатысу.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ғылыми-зерттеу қызметімен айналысады: ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруға арналған "Қостанай облысы жастарының көпмәдениеттілігі мен әлеуметтілігін қалыптастырудағы өлкетанудың рөлі", "Қостанай облысының диаспорасы-қазақстандық патриотизмнің ұлттық идеясының субъектілері»;

МҒТС ҒО "Солтүстік Қазақстан диаспорасы: тарих және қазіргі заман" атты ғылыми жобасын Ярочкина Е. В., Амантаева А. Б., Альшанова Б. Х., Шаймерден Г. И., Жумабаева Ж. Н., А. А. Бухметова құрастырып тіркеді.

Кафедра оқытушылары халықаралық, республикалық және аймақтық конференцияларда, семинарларда баяндама жасайды. Ғылыми журналдарда студенттермен бірлескен мақалалар және Scopus және Web of Science дәйексөздің жаһандық индексіне енгізілген журналдарда жарияланды.

Студенттермен ғылыми-зерттеу жұмыс

Кафедраның профессорлық- оқытушылар құрамы студенттермен бірге жыл сайын ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, олимпиадалар өткізеді.

"Әлеуметтік процестерді мемлекеттің және азаматтық қоғам тұрақтылығының факторы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы модельдеу", "Коррупция глазами студентов", "Антикоррупционное моделирование социальных процессов как фактор стабильности государства и гражданского общества", анимациялық жоба "Казахский национальный костюм: традиция и тенденция развития". Жобалардың жетекшілері ф.ғ.к. Альшанова Б. Х., т.ғ.к. Бекмағамбетов Р. К., құқық магистрі Разуваева М. В., құқық магистрі Молдахметов Н. Б. болып табылады

-

Тәрбие жұмысы және студенттік өмір

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы  Қостанай облысы әкімдігі жанындағы насихаттау "Діни экстремизмнің алдын алу" тобының жұмысына  Әлшанова Б. Х. қатысады.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттер белсенді түрде қызмет атқарады және теледидар мен радиода сөз сөйледі.

Біздің оқытушылардың жетістіктері.

  • Шевченко Л. Я- т.ғ.к., ҚпҚжЭН кафедрасының профессоры, «Ы. Алтынсарин» төс белгісіне ие және ҚМПИ-дің Құрмет кітабына енгізілген.
  • Әлібек Т. К- т.ғ.к., ҚпҚжЭН кафедрасының профессоры, «Ы. Алтынсарин» төс белгісіне ие және ҚМПИ-дің Құрмет кітабына енгізілген.
  • Альшанова Б.Х – ф.ғ.к., ҚпҚжЭН қауымдастырылған профессоры, Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқсан үлесі үшін құрмет грамотасымен марапатталды. 
  • Амантаева А.Б. – ф.ғ.к., ҚпҚжЭН қауымдастырылған профессоры. Университеттің дамуына сіңірген еңбегі үшін төс белгісімен марапатталды .
  • Бухметова А.А. - ҚпҚжЭН аға оқытушысы, педагогика магистрі.
    Университеттің дамуына сіңірген еңбегі үшін төс белгісімен марапатталды .

Біздің студенттердің жетістіктері

Тулегенова Жанель 4 курс студенті, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің шәкіртақысына иегер. Темирғалиұлы Кенже  стартап жобасының конкурсына қатысушысы.  Гаппар Айзере, Қуаныш Сымбат, Өмірбаева Құрманкүл, Ікрам Абзал, Мадияр Бақберген, Матығұлов Дәуіржан «Әлеуметтік процестерді мемлекеттің және азаматтық қоғам тұрақтылығының факторы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы модельдеу» жобасын жасаушылары.

Мухамедрахимова Жансулу, Оспанова Камила, Галеева Аягоз, Капишева Арайлым "сыбайлас жемқорлық студенттер көзімен" жобасын әзірлеушілер. Қостанай қаласындағы жалпы білім беру мекемелерінде волонтерлік көмек көрсету бойынша "Территория возможностей" әлеуметтік жобасына  мына студенттер қатысты. Галеева Аягоз, Шакирова Гайни, Жалыбин Игорь. "Шабыт"байқауында Сүндет Балғын, Рахымбай Ақгүл қатысушылары.

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Факультеттер Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасы