Қазақстан тарихы кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

Байдалы Рауан Жомартұлы

Байдалы Рауан Жомартұлы

доктор PhD (тарих)

e-mail:

Кешегі Кеңес заманы тұсында да Қазақстан тарихы пәні оқытылып келді. Бірақ, өкінішке орай Қазақстан тарихына деген көзқарас және мардымсыз сағат саны қолбайлау болып келді. Соған қарамастан, Ғалихан Жантурин және Кенжекей Тасқожина сынды ұлағатты ұстаздар Қазақстан тарихына бөлінген аз ғана дәріс курстарын үлкен патриоттық сезіммен оқып, студенттерді білім нәрімен сусындатты.

Қазақстан тарихы кафедрасы 1990 жылы Қостанай мемлекеттік университетінде алғаш Қазақстан тарихы мен мәдениеті кафедрасы болып құрылды. Алғышқа кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент М.Ә. Ауған болды.

1994 жылы осындай кафедра Қостанай ауыл шаруашылығы институтында да ашылып, оған кафедра меңгерішісі болып т.ғ.д., профессор Аманжол Күзембайұлы шақырылды. Кафедра құрамында проф. Г.К. Задорожный, доцент Ф.Мұхаметов сынды тәжірибелі оқытушылармен қатар басқа да жас мамандар қызмет істеді. Институттың 1999 жылы Қостанай мемлекеттік университетімен бірігуіне байланысты кафедралар да бір-біріне қосылды.

Кафедрада әр жылдары тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар қауымы З.Алдамжар, Г.Задорожный, А.Күзембайұлы, ғылым кандидаттары К.Тасқожина, Қ.Дүтбаев, Ф.Мұхаметов, Ә.Мұқтар, Н.Жұмабаев, Л.Мұқатаева, С.Қолдыбаев, Ұ.Жанатаева, А.Таскужина, А.Айтмұхамбетов, З.Шахаман, Е.Әбіл, Ұ.Ахметова, Л.Ордабаева, М.Бекмағамбетова, Г.Асанова, Е.Ярочкина сынды ұлағатты ұстаздар жұмыс жасады.

2004 жылы университеттен бөлінген педагогикалық институт жанынан Қазақстан тарихы кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі болып т.ғ.д., профессор Аманжол Күзембайұлы тағайындалды. 2005-2009 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі қызметін т.ғ.к. З.Б. Шахаман атқарды.

2009-2012 жылдар аралығында кафедра меңгерушілігі қызметін т.ғ.д., профессор Аманжол Күзембайұлы абыройлы атқарды. 2012 жылдан 2017 жылға дейін кафедраны т.ғ.к., доцент Э.К. Наурызбаева басқарды. Қазіргі таңда кафедра меңгерушілігін т.ғ.к., проф. М.Ж. Бекмағамбетова атқарып келеді.

2017-18 оқу жылының басынан бастап Қазақстан тарихы кафедрасын т.ғ.к., доцент М.Ж.Бекмағамбетова басқарады. Қазіргі уақытта кафедрада ғылым докторлары – А.Күзембайұлы, Е.Әбіл, В.Ф.Зайберт, ғылым кандидаттары – Г.З.Балғабаева, А.Б.Таскужина, М.Ж.Бекмағамбетова, Ө.И.Исенов, З.Б.Шахаман, PhD докторы Р.Ж.Байдалы, тарих магистрлері – А.Б.Анасова, К.К.Абильмаликов, Т.А.Еришева, Э.Т.Нурпеисова, Н.Н.Елкей, Г.Б.Тастекова, Д.Е.Абенов сынды оқытушылар мен кафедра қызметкері Г.А. Жусупова жемісті қызмет атқаруда.

Кафедра жоғары білікті тарихшы мамандарды дайындайды, сондай-ақ тарихтан басқа мамандықтарда Қазақстан тарихы пәні бойынша оқытуды қамтамасыз етеді.

Кафедра 5В011400 - ТАРИХ мамандығы бойынша (орта, орта-арнайы және жоғары білім негізінде) мамандарды даярлайды.

  • Оқыту формасы: күндізгі және қашықтықтан
  • Оқу мерзімі: 4; 3; 2 ж.
  • Біліктілігі: тарих бакалавры

«Тарих» мамандығы түлектері бәсекеге қабілетті мамандар болып табылады, олар мектептерде, арнайы орта оқу орындарында, ғылыми зертханаларда, мұражай және мұрағаттарда, мемлекеттік қызмет жүйелерінде қызмет атқара алады.

ППС кафедры

Қазақстан тарихы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы

Қазақстан тарихы кафедрасы барлық мамандықтардың 1 курстарына Қазақстан тарихының оқытылуын қамтамасыз етеді.

Кафедрада барлық қажетті оқу-әдістемелік құжаттамалары мен тәлім-тәрбиесінің барлық формалары бар: мемлекеттік стандартқа сай бәріне бірдей білім, жиынтық оқу жоспарлары, жұмыс оқу жоспарлары, тәрбие бойынша жұмыс бағдарламалары, силлабустар.

Барлық пәндер бойынша ПОӘК кафедра мәжілістерінде қарастырылады. ПОӘК жұмыс жоспары өз құрамына қысқаша лекция конспектілерін, графиктарды, оқу әдістемелік тәртіптің картасы, ағымдық және түйінді тексеріс материалдары және т.б. ПОӘК 200-ден астам беттен тұрады және студенттердің электронды түрде пайдалануларына жол ашылған. ПОӘК электронды нұсқалары институт кітапханасының электронды залында сақтаулы. Оқу-әдістемелік, дидактикалық материалдар кафедрада жинастырылған.

Кафедрада кәсіби-бағыт беру жұмыстарын жандандыру мақсатында мынадай тәжірибе түрлері жүзеге асырылады:

  • археология-этнографиялық - далалық жағдайда елді мекенге бару және қазба жұмыстарын жүргізу арқылы;
  • мұрағат-мұражайлық - қаланың мұрағат және мұражай қорларымен танысу;
  • педагогикалық - Қостанай облысы және Қостанай қаласының мектептерінде жүзеге асырылады.
Археологическая практика

Археологиялық практика, Ботай қонысы

Қазақстан тарихы кафедрасына Отан тарихының дамуына зор үлес қосқан академик Манаш Қабашұлы Қозыбаев және тарихшылар Ғалихан Жантөрин, Кенжекей Жаппарқызы Таскужина, Сейіл Зейнелұлы Баймағамбетов сынды көрнекті тұлғалардың есімдері берілген арнайы аудиториялар бекітілген.

Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметі

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысады. «Солтүстік-батыс Қазақстан халықтарының этносаяси, әлеуметтік-экономикалық тарихы» атты кешенді тақырып зерттелуде, Қостанай облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша келісімді «Қостанай облысының тарихи топономикасы» тақырыбында ғылыми еңбектер шығарды.

2017-2018 жж. жаңа оқу жылының басында Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары ҚР БҒМ «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» байқауы бойынша бірнеше ғылыми жобаларды әзірлеп, Министрлікке жіберді:

  • «Қазақстан тарихы теориясы мен әдіснамасының жалпы мәселелері» - А. Күзембайұлы, Еришева Т.А., Нурпеисова Э.Т., Жусупова Г.Б.
  • «Исследование и реконструкция социально-экономических и мировоззренческих контекстов на поселении Ботай» - Зайберт В.Ф., Таскужина А.Б., Абильмаликов К.К.
  • «Тобыл-Торғай аймағының мәдени мұралары: тарихы мен рухани қасиетті жерлерінің географиясы (XVIII-XX ғғ.)» - Әбіл Е.А., Наурызбаева Э.К., Шахаман З.Б., Бекмагамбетова М.Ж., Абильмаликов К.К., Елкей Н.Н.
  • «Қазақстанның Солтүстiк-Батысындағы Ресей империясының отаршылдық саясатын тұжырымды ой елегінен қайта өткізу» - Наурызбаева Э.К., Таскужина А.Б., Исенов Ө.И., Абильмаликов К.К., Елкей Н.Н.

Қазақстан тарихы кафедрасы көптеген ғылыми жобалар мен ғылыми-теоретикалық конференциялардың бастамашысы болып табылады.

Кафедра оқытушылары халықаралық, республикалық және аймақтық конференцияларға, семинарларға белсенді қатысады. Ғылыми журналдарда студенттермен бірге мақалалар жариялауда. Кафедра оқытушыларының жетекшілігімен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары белсенді жүргізіледі.

Тәрбие жұмысы және студенттік өмір

Кафедра оқытушылары өз пәндерінің мүмкіндіктерін студенттердің бойында қазақстандық патриотизмді, белсенді өмірлік ұстанымдарды қалыптастыруда шебер қолдана біледі. Көптеген оқытушылар, жоғары курс студенттері институттың, қаланың, облыстың және республиканың қоғамдық өміріне белсене қатысады. Халық алдында, облыстық радио және теледидар арқылы, облыстық және орталық газет беттерінде Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша сөз сөйлейді, ой бөліседі.

«Тарих» мамандығының студенттері жалпы институт және факультет іс-шараларына қатысады. Кафедра Қостанай облысы және қала мектептерімен байланыс орнатқан. Оқытушылар түрлі іс-шараларға, конференцияларға, олимпиадаларға әділ-қазы ретінде қатысады.

-

Біздің оқытушылардың жетістіктері

  • 2014 ж. – т.ғ.д., профессор Е.А. Әбіл ҚР БҒМ шешімі бойынша «ЖОО Үздік оқытушысы - 2014» ғылыми атағын иеленді.
  • 2014 ж. – Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Ө.И. Исенов ҚР БҒМ шешімі бойынша «ЖОО Үздік оқытушысы - 2014» ғылыми атағын иеленді.
  • 2015 ж. – т.ғ.д., профессор Аманжол Күзембайұлы ҚР БҒМ шешімі бойынша «ЖОО Үздік оқытушысы - 2015» ғылыми атағын иеленді.
  • 2015 ж. – Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Г.З. Балғабаева ҚР БҒМ шешімі бойынша «ЖОО Үздік оқытушысы - 2015» ғылыми атағын иеленді.
  • 2016 ж. – Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Э.К. Наурызбаева ҚР БҒМ шешімі бойынша «ЖОО Үздік оқытушысы - 2016» ғылыми атағын иеленді.

2016 жылдың 24 желтоқсаны күні Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония залында «Қазақстан-Қостанай» телеарнасы мен облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен үлкен іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – жергілікті арна арқылы халыққа тарихи-мәдени ақпараттармен қамтамасыз ету бағытында қосқан үлестерін бағалау арқылы бірқатар адамдарды марапаттау болып табылды. Аталған жобада телеарна арқылы мәдени-тарихи бағдарламаларға белсене қатынасып, жергілікті халыққа көптеген сұхбаттар бергені үшін Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Ө.И. Исеновтің еңбегі ерекше бағаланды. Халықтың көп дауысына ие болған Өтеген Ихсанұлы Исенов арнайы телеарна тарапынан «Телевизиялық жыл адамы - 2016» атты статуэткаға ие болды.

2017 жылдың 31 мамырында Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда Қостанай облысының Меценаттар клубының арнайы «Қазына» және «Шабыт» жүлделерін тапсыру салтанаты өтті. Аталған жиында тарих ғылымына қосқан үлесі үшін Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Аманжол Күзембайұлы «Қазына» жүлдесін жеңіп алды.

А. Күзембайұлы стал обладателем премии клуба меценатов «Казына»

Біздің студенттердің жетістіктері

Кафедра «Тарих» мамандығы студенттерінің тарих пәнінен республикалық олимпиадалардағы, дебат турнирлеріндегі, республикалық конференциялар мен конкурстардағы жетістіктерін мақтаныш етеді.

2016 жылы сәуір айының 6-8 жұлдызы күндері Тараз қаласында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыруымен өткен ҮІІІ Республикалық Пәндік Олимпиадаға 5В011400 «Тарих» мамандығының студенттері проф. Аманжол Күзембайұлының ғылыми жетекшілігімен қатынасты. Тарихшылар командасынан 2-4 курс студенттері Айту Б., Нақыпов Б., Бектұрғанов Қ., Жусупов Қ. олимпиадада белсенділік танытып өз білімдерін жоғары көрсете білді. Олимпиада барысында, тарихшылар командасы «Ең үздік жоба» номинациясындағы марапатқа да ие болды.

2016 жылдың 22 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған студенттік инновациялық жобалар байқауының қорытынды кезеңі өтті. Аталған байқаудың жеңімпазы болып тарих және өнер факультетінің командасы, «Тарих» мамандығының студенттері Ернар Жаксыбаев, Жанбота Ғиса танылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Факультеттер Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы