Физика-математикалық пәндер кафедрасы

Кафедра меңгерушісi

Телегина Оксана Станиславовна

Телегина Оксана Станиславовна

Аға оқытушы

e-mail:

Кафедра Қостанай екі жылдық мұғалімдер институтының 1939 жылында құрылған күнінен бастап жұмыс істейді.

Кафедраның профессор-оқытушы құрамы әрқашан да ең интеллектуалдардың бірі болатын. Мысалға, ЖОО-ның 60 жылдығына орай кафедрада 11 оқытушылардан 6 профессор, 8 доцент, 8 физика-математика ғылымдарының кандидаттары, 2 Ақпараттық Халықаралық Академиясының тілші-мүшелері (Г.Н. Пряхин, К.К. Джаманбалин) болған.

Физика-математикалық пәндер кафедрасы физика, математика мұғалімдерін дайындайды.

Кафедра мамандықтары:

  • 5В010900 – Математика
  • 5В011000 – Физика
  1. В009 Математика мұғалімдерін дайындау

Білім беру бағдарламалары:

  • 6В01501 Математика
  • 6В01507 Математика-Физика
  • 6В01508 Математика-Информатика
  1. В010 Физика мұғалімдерін дайындау

Білім беру бағдарламалары:

  • 6В01502 Физика
  • 6В01509 Физика-Информатика

«Физика» мамандығы бойынша кафедраға келесі зертханалар бекітілген: механика және молекулалық физика; оптика, электр және магнетизм; атом физикасы және радиоэлектроника; физиканы оқыту әдістемесі және мектеп экспериментінің техникасы; физиканың компьютерлік әдістері.

«Математика» мамандығы бойынша кафедраға интерактивті тақтамен және мобильді ЖК жабдықталған математика кабинеті бекітілген.

2015 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асырды: «Elementary Physic» (қазақ және орыс тілдерін оқыту топтарында), «Physic» (көптілді топтар).

2017 жылдан бастап «Физика» мамандығы бойынша қазақ және орыс бөлімдері базасында көптілді топтар ашылды. Ағылшын тіліндегі пәндерді қауымдастырылған профессор А.Г. Қасымова жүргізеді – С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінде ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын базалық білімге ие, және Ұлыбританиядағы Нью-Касл қаласында тағылымдама өткен.

2016 жылдан бастап «Математика» мамандығына көптілділік енгізілді, онда студенттерді оқыту үш тілде жүргізіледі: қазақ, орыс және ағылшын. Ағылшын тіліндегі пәндерді Wayne State University, Detroit, MI, USA тағылымдама өткен оқытушы А.А. Алимбаев жүргізеді.

2019 жылдан бастап кафедра студенттерді екі Білім беру бағдарламасының топтары бойынша, оның ішінде бес Білім беру бағдарламасы бойынша (олардың қатарына қос мамандандырылған Білім беру бағдарламалары кіреді) оқытуды жүзеге асырылады.

Біздің студенттер қоғамдық іс-шараларымен белсенді айналысады.

Кафедра түлектері әрқашан да тек қана мектеп, колледж, жоғары оқу орындарының оқытушылары ретінде ғана талап етілмей, сонымен қатар республика және шет елдерде көптеген өндірістің салаларында жұмыс істейді.

2017 жылы Қостанай облысының «Жастардың Алтын кітабына» енген 11 лауреаттың екеуі – біздің түлектер: Амиржан Джумабеков, «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 3 мектеп-гимназиясы» ММ дарынды балалармен жұмыс жөніндегі директордың орынбасары, Бәкір Марғұлан Абдоллаұлы, «Жайдарлы жастар» қоғамдық қордың директоры («Жайдарман» Мемлекеттік тілдегі КВН Лигасы).

--

Кафедра А.И. Герцен атындағы Ресей МПУ-мен (бірлескен жарияланымдар, конференцияларға қатысу), Ю.А. Гагарин атындағы Саратов МТУ-мен (аға оқыт. О.С. Телегина) және т.б. ынтымақтасады.

Ғылыми қызметтің негізгі бағыты: калий полититанаты негізіндегі материалдардың электрофизикалық және электрохимиялық қасиеттерін зерттеу; STEAM-білім беру саласында болашақ мұғалімдерді дайындау бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу; Евклид сақиналары үстіндегі ассоциативті емес алгебралар, ассоциативті емес сақиналардың автоморфизмдері; мозаикалық модельдер; Ли алгебрасының комбинаторлық теориясы; жартылай қарапайым Ли алгебралары; олимпиада есептерін шешу әдістері; мектептегі профильдеу мәселесі; болашақ математика, физика мұғалімдерінің кәсіби дайындығын жетілдіру.

Біздің жеңістеріміз

«5В010900-Математика» және «5В011000-Физика» мамандықтарының студенттері математика және физика пәндері бойынша студенттер арасындағы Республикалық пәндік олимпиадалардың, сонымен қатар әртүрлі конкурстар мен инновациялық жобалардың жүлдегерлері болып табылады.

Кафедра оқытушылары үнемі Республикалық орталықта да, шетелде де біліктілігін арттырады (Ұлыбритания – А.Г. Касымова, Германия – Б.Н. Демисенов, және т.б.).

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Факультеттер Жаратылыстану-математика факультеті Физика-математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасы