Қосымша және қашықтықтан білім беру факультеті

Декан

Самаркин Сергей Владимирович

Самаркин Сергей Владимирович

Тарих ғылымдарының кандидаты

Факультет құрамында:
telephoneТелефон: (7142) 54-64-09 (деканат), 53-01-85 (ҚОО)

Бекіту сессиясының және кеңес беру сабақтарының кестесіне назар аударыңыздар!

Қосымша білім беру факультетін құру тұралы 2016 жылдың 29 тамызында өткен Ғылыми Кеңес қауылымының негізінде шешім қабылданды. Құрылымдық бөлімше ретінде факультет Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректор м.а. Е.Әбілдің 2016 жылдың 31 тамызы №24-А бұйрығымен құрылды. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Жарғысына сәйкес (29 тармақ) факультет қосымша білім беру жүйесінде мамандарды даярау бағдарламаларын жүйеге асырады.

Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары бойынша дайындық жүйесін факультеттің мамандары Ищанова Р.С., Жакаева Г.Е., методист Нурмагамбетова Ж.Т. жетекшілік етеді.

Факультет тарихы

Сырттай (қашықтықтан) оқыту факультеті 2009 жылы 15 маусымда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректорының №10 бұйрығы бойынша құрылымдық бөлімшесі болып ұйымдастырылды. 2012 жылы ақпан айында қашықтықтан оқыту орталығы жұмысқа кірісті. 2014 жылы 28 маусым айында ҚМПИ Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша сырттай оқыту факультеті қайта-құрылды. Штат бірлігін және бөлімшесін сақтаумен факультеттің аты 2014 жылы 1 шілде айында Қашықтықтан оқыту факультеті болып ауыстырылды. Факультет қарамағына қашықтықтан оқыту орталығы да кірді. Қашықтықтан оқыту орталығының құрылымына қосымша оқу үрдісінің әкімшілігі бөлінді, материалды-техникалық базасы күшейтілді.

Әр жылдарда болған факультет декандары

- Кифик Н.Ю. Ибатулин А.Ш.
Шахаман З.Б.
Кифик Н.Ю. Ибатулин А.Ш.

Факультеттің оқу үрдісін ұйымдастыруда аралық және қорытынды бақылау, оқыту технологиясын кредитпен келісілген мемлекеттік қорытынды аттестациясы мониторинг пен бақылаудан және студенттермен кері байланыс ең маңызды сұрақтардың бірі болып саналды. 2009 жылы қазан айында факультетте методикалық кабинет ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша барлық факультеттердің декандары мен кафедра меңгерушілері оқуды өтті, және екі мамандықтың: (Информатика, Биология) оқу-әдістемелік базасы қалыптастырылғаны үшін алғаш рет ҚМПИ оқу үрдісінде қашықтықтан оқытуға ауысу туралы сұрақ 2010-2011 жылы қозғалды.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, профессор Қ.М. Баймырзаев 21 ақпанның 2012 жылы №57 бұйрықпен қашықтықтан оқыту орталығының бастығы етіп информатика магистрі Петр Николаевич Радченконы қабылдады.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында қашықтықтан оқыту технологиясын еңгізу бойынша 2012 жылы мамыр айында жұмыс тобының құрамы бекітілді. 2012 жылы 1 қыркүйектен бастап ҚМПИ студенттері күндізгі бөлімінің академиялық жинақылық жүйесі бойынша, сонымен қатар сырттай қысқартылған (кәсіптік-орта білім базасы) және сырттай қысқартылған (жоғары –кәсіптік білім базасы) бойынша бакалавриат оқу бағдарламасы негізінде қашықтықтан оқыту технологиясы қолданыла бастады.

Факультет ұжымы жас әрі мобильді, сонымен қатар оқу үрдісінде ұйымдастырылған маңызды тапсырмаларын шешуге әрқашан дайын.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Факультеттер Қашықтықтан және қосымша білім беру факультеті