Соңғы жылдары елімізде мұғалім маманның мәртебесі өсуде. Мұғалімдік мамандықты таңдайтын жастардың да қатары артып келе жатқаны байқалады. Мұғалімдік мамандыққа даярлауда кәсіби іс-тәжірибенің маңызы орасан зор. Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде болашақ маманның алғашқы оқу жылынан бастап оқу мерзімінің соңына дейін кәсіби іс-тәжірибеден өтуі, теориялық білімін практикада жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыруы ерекше жолға қойылған. Білім алушы студент соңғы курста өндірістік машықтанудан өтеді. Осы орайда Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Нурушева Меруертпен өндірістік машықтануға байланысты сұрақтар төңірегінде сұхбат жүргіздік.

«Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» деген ұлы Абай сөзін ұстаным етіп, үздіксіз ізденіс пен жан-жақты тұлғалық дамуды өмірлік мақсат еткен Данияр Ихсан жақын уақытта университетіміздің түлегі атанбақшы. Ол 2018 жылы Талдықорған қаласында өткен «Ілияс әлемі» жастар фестивалінің «Тар жолды, тайғақ кешулі тағдырлар» атты ғылыми жоба байқауының 2 орын, «Ғылым және жаңа ұрпақ – 2018» атты студенттер мен магистранттардың ХХ республикалық ғылыми конференциясының 3 орын, ЖОО студенттерінің Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының ІІІ дәрежелі дипломы, «Мосты согласия» қоғамдық қоры ұйымдастырған Республикалық «Үздік студент» жобасының «Үздік студент-2018» төсбелгісінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры стипендиясының иегері.

Құрметті талапкер! Егер сен еліміздің ең үздік жоғары оқу орнында оқимын деген шешім қабылдасаң, сондай-ақ, егер сен әлі таңдауыңды жасамасаң, Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне түсуге кеңес береміз. Кез келген ЖОО – да ең бастысы-ол беретін білімнің сапасы мен өзектілігі. Оның 80 жылдық тарихы бар ҚМПУ мақтан тұтатын нәрсе бар! Университет студенттері бүгінгі оқушыларды, ал ертең – студенттердің Ашық есік күндерін онлайн-режимде өткізу кезінде осындай сөздермен қарсы алды.

Іс-шара бағдарламасы болашақ талапкерлер үшін мазмұнды және пайдалы болды. Талапкерлер онлайн режимінде филология департаментінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қ. Т. Нұрмұхаметова және білім беру бағдарламаларының жетекшілері Т.Т.Сейсембай, К.С.Бірімжанова, А.С.Кинжибаевамен кездесті. Қ.Т.Нұрмұхаметова «Мұғалім мамандығын бағалау өте қиын, өйткені бұл әлемдегі ең құрметті және қажетті мамандықтардың бірі», - дей келе, мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктелетіндігін, ел болашағы болып табылатын жас ұрпақты жетілдірудегі педагог маманның  жауапкершілігі зор екендігін атап өтті.

Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің жаратылыстану-математика факультетінде "кәсіпқойлыққа жол: Менің болашақ мамандығым"атты бейнероликтер байқауын жоспарға сәйкес жаратылыстану-математика факультетінде ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты - жаратылыстану ғылымдары факультетінің білім беру бағдарламаларын кеңінен насихаттау, бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының мүмкіндіктерін көрсету, сонымен қатар студенттерге өздерінің кәсіби шеберліктері мен шығармашылық әлеуеттерін көрсету. Конкурсты дайындау мен өткізуге ұйымдастыру комитеті жалпы басшылық жасаушылар: (Ручкина Г. А. (ЖҒК), Губенко М. А. (ЖҒК), Айтбенова А. А. (ИРиКТ), МФҚ кафедрасының меңгерушісі  м. а. Телегина О. С,әдістемелік сүйемелдеу –кафедраның қауымдастырылған профессоры ЖҒК Ручкина Г. А. жүзеге асырды.)

2020 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін "Дефектология" білім беру бағдарламасының 3 және 4 курс студенттері Қостанай, Рудный, Жітіқара және Лисаков мектептерінде өндірістік тәжірибеден өтті. Іс-тәжірибе барысында біздің университет студенттері белсенділік, ұйымшылдық, тәртіп, бастамашылық, сонымен қатар балалармен жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті. Студенттер өз бетімен сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізді.

Кәсіби бағдар – бұл ересек өмірге кіретін жасөспірімдерге, өзінің мүдделерін, қабілетін және қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып, мамандықты табысты таңдауға көмектесетін психологиялық-диагностикалық және білім беру іс-шараларының жүйесі. 2020 жылдың 26 ақпанында психологиялық-педагогикалық факультетінің оқытушылары Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының "Қостанай педагогикалық колледжі" КМҚК кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Колледжде 2020 жылғы болашақ түлектер жиналысы кең аудиторияда интерактивті тақтамен ұйымдастырылды. Оқытушылар университет туралы, білім беру бағдарламалары, ҚМПУ-де оқытудың артықшылықтары, сондай-ақ ҚР "педагог мәртебесі туралы"жаңа Заңының негізгі ережелері туралы ақпарат берді. Колледж студенттерінің назарына университет туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын ақпараттық буклеттер ұсынылды және біздің университет қабырғасында білім алу-жарқын болашаққа жол екенін атап өтті.

2020 жылдың 19 ақпан күні кезекті Филология департаментінің ұйымдастыруымен қала мектептерінің оқушыларымен «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараға Қостанай қаласының (№9, №6, №20, №16, ЖЖМ) мектептерінен 50-ден астам мектеп оқушылары қатысты. Жалпы іс-шараның мақсаты студенттердің рекрутинг стратегиясының басым бағыттарының көтеру болып табылады. Департамент басшысы Қ.Т. Нұрмұхаметова, білім беру бағдарламаларының басшылары мен мемлекеттік қызмет және рекрутирлеу басқармасының бастығы Н. В. Ковалева сөз сөйлеп, аталмыш іс-шарада ҰБТ тапсыру рәсімі, жоғары оқу орнын дұрыс таңдау, жалпы болашақ мамандықты таңдауда дұрыс шешім қабылдауға көмектесті.

«Community Service» пәнін оқу аясында «6В01502-Физика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері 2020 жылдың 17 ақпанында «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 28 мектеп-гимназиясы» ММ 7 «А» (кадет) сыныбында «Архимед заңын зерделеу» атты зертханалық жұмысты өткізді. Сабақ өткізу үшін Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-дың физика-математика пәндері кафедрасының «Физика кабинетіндегі» құралдар қолданылды. Сабақты ұйымдастыру және оқушыларды топтарға бөлу үшін «Молекулалар» сергіту сәті қолданылды. Студенттер ФМД кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Нупирова А.М. және физика мұғалімі Көптілеу М.А. жетекшілігімен жұмыс істеу үшін қолданылатын құралдар туралы айтып, мензурка және динамометр шкаласының бөліну бағасын анықтауға, оқушыларға өлшеу және есептеу жүргізуге көмектесті. Жұмыс соңында оқушылар алдын ала дайындалған парақшадағы кестені толтырды, және өз бетінше қорытынды жасады.

Көктайғақ пен бұрқасын болғанына қарамастан рекрутинг және мемлекеттік қызмет басқармасы деканаттармен бірлесе отырып, болашақ талапкерлерге ақпарат және кеңес беру бойынша университеттің кәсіби бағдар беру жұмыстарының жоспарын орындау бойынша жұмысты жалғастыруда..2020 жылдың 12-13 ақпанында Жітіқара және Денисов аудандары мектептерінің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Талапкер Жаңалықтар