5B050300 – Психология

Мамандық коды 5В050300
Мамандық атауы Психология
Берілетін дәреже Әлеуметтік білім бакалавры (психолог)
Оқыту формасы күндізгі, қашықтықтан
Оқу мерзімі күндізгі – 4 жыл
орта арнайы білім негізінде күндізгі және сырттай - 3 жыл
жоғары білім негізінде сырттай – 2 жыл
Түсу сынықтары 1 Профильді пән: Биология
2 Профильді пән: География

Психолог мамандығы

Психолог– бұл қазіргі әлемде ең қажетті мамандықтардың бірі.

Білім бағдарламасы: «Психология» жобалау, болжау, ұйымдастыруды дамыту, персоналды іріктеу, ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалын белсендіру, халыққа және жеке тұлғаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету және кеңес беруде гуманитарлық технологияларды игерген белсенді, шығармашылық тұрғыда ойлайтын даярлыққа бағдарланған. Гуманитарлық мәдениетті дамыту, рухани бай, интеллектуалды жетілдірілген, әлеуметтік жауапты тұлғаны қалыптастыру арқылы кәсіби білім беруді ұштастыру.

Түлектердің кәсіби қызметінің түрлері мен сферасы

5В050300 – Психология мамандығы бойынша бакалавр келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады: 

  • теориялық білімін тәжірибеде қолдану;
  • тренингтік бағдарламалар өңдеу;
  • түзету бағдарламаларын өңдеу;
  • кәсіби іріктеу тәжірибесінде бағалау және диагностикалау, кәсіби бағдар беру және қызметкерлерді аттестациялау шараларын қоса алғанда, сараптамалық-психологиялық жұмысты жүргізу;
  • өндірістік кәсіпорындар мен бизнес ұйымдарда психологиялық қызмет көрсету, жұмыс орнында конструктивті әлеуметтік-психологиялық климатты қалыптастыру;
  • еңбек өнімділігін жоғарылату және өндірісте тұлғааралық қатынастарды үйлестіру үшін психологиялық қорларды анықтау және тиімді пайдалану;
  • жеке және топтық нұсқада психологиялық кеңес берудің әртүрлі әдістері сауатты және салмақты түрде қолдану;

Психология бакалавры келесі қызметтерді атқара алады:

  • орта және жоғары оқу орындарында психолог;
  • қалалық және республикалық жұмыспен қамту орталықтарының кәсіптік бағдарлау және кәсіптік оқыту орталықтарында психолог;
  • қоғамдық пікірді және саяси технологияларды зерттеу орталықтары психологы;
  • өндірістік кәсіпорындарында психолог (қызметкерлер жұмысын басқару);
  • спорттық ұйымдарда психолог;
  • медициналық ұйымдарда және емдеу-профилактикалық мекемелерде психолог;
  • құқық қорғау ұйымдары мен пенитенциарлық мекемелерде, оңалту орталықтарында және педагогикалық жағынан ескерілмеген жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеуде психологы;
  • ғылыми-зерттеу ұйымдарында кіші ғылыми қызметкер.

Білімді жалғастыру мүмкіншіліктері

Ғылыми қызметке бейімділігі бар факультет түлектері өздерінің таңдаған бағыты бойынша магистратурада оқуын жалғастыруға мүмкіншілігі бар.

5В050300 – Психология мамандығы бойынша білім бағдарламасының мазмұны

«Психология» білім бағдарламасы келесі оқу траекторияларын қарастырады: «Білім берудегі психология», «Ұйымдастырушылық-басқарушылық психология», «Денсаулық қорғау психологиясы».

Мамандарды даярлаудың оқу жоспары кең ауқымды жалпы білім беруді, жалпы педагогикалық және арнайы даярлықты қарастырады.

Жалпы білім беру даярлығы міндетті құрылыммен ұсынылады: Қазақстан тарихы, Философия, Қазақ тілі, Шетел тілі, Информатика, Экология және басқа.

Жалпы педагогикалық және психологиялық даярлық мына пәндермен жүзеге асырылады: Мамандыққа кіріспе, Жалпы психология, Даму психологиясы, Дифференциалды психология, Әлеуметтік психологияға кіріспе, Тұлға психологиясына кіріспе және т.б.

Қосымша оқыту түрлері: оқу, педагогикалық, өндірістік практика, дене шынықтыру.

Барлық мамандықтар бойынша институт шеңберінде ҰБТ/КТА тапсыру үшін даярлау курстары жүргізіледі, ақпаратты қабылдау комиссиясының телефоны бойынша байланысып аласыз.

Кафедрада студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруға көп көңіл бөлінеді.

Студенттер Республикалық студенттік ғылыми-практикалық жұмыстары конкурстарына, студенттік ғылыми-практикалық конференцияларға, олимпиадаларға, конкурстарға, жобаларға, стартаптарға белсенді қатысады.

Студенттермен тәрбие жұмыстары азаматтылық, патриоттылық, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жастар ортасындағы жағымсыз әркеттерді жеңуге бағдарланған, осы мақсатта кафедрада жыл сайын «Президент күні», «Тәуелсіз Қазақстан» тақрыптарына студенттер жұмысына конкурс, сонымен қатар әскери-патриоттық өлеңдердің ән конкурсы өткізіледі.

Факультеттің үздік студенттері Астанадағы Н. Назарбаев атындағы кітапханаға баруға және семинарға қатысуға мүмкіншіліктері бар.

Жыл сайын кафедрада құқық қорғау органдарының, СӨС қалыптастыру мәселелері жөніндегі орталықтың қызметкерлерімен кездесулер болады, онда студенттер белсенді қатысып отырады.

ҚМПУ, ППФ
Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., Лиходедова Л.Н.
Мекенжай: Қостанай қ., Тәуелсіздік к., 118, 625 кабинет
Телефон: 8 (7142) 54-83-44 (деканат), 54-58-74 ішкі 225 (кафедра)
Қабылдау комиссиясының телефондары: 8 (7142) 54-28-49.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз