5B011300 - Биология

Мамандық коды 5В011300
Мамандық атауы Биология
Берілетін дәреже Білім бакалавры
Білім алу формалары күндізгі,қашықтықтан
Оқу мерзімі күндізгі – 4 жыл
орта арнайы білім негізінде күндізгі және сырттай - 3 жыл
жоғары білім негізінде сырттай – 2 жыл
Түсу сынықтары 1 Профильді пән: Биология
2 Профильді пән: Химия

Педагогикалық мамандықты таңдаған талапкерлер арнайы емтихан тапсырады. Арнайы емтихан талапкердің педагогикалық мамандыққа деген бейімділігін анықтау мақсатында педагогикалық тест пен педагогикалық жағдаяттардан тұрады.

Арнайы емтиханды тапсырмаса, не болады?

Талапкерлер педагогикалық мамандыққа арналаған арнайы емтиханды тапсырмаса, талапкерлер педагогикалық мамандықтың білім грантын тағайындау байқауына қатысуға құқығы болмайды.

Талапкерлер педагогикалық мамандыққа арналған арнайы емтиханды тапсырмаса, талапкерлер таңдау пәні бойынша басқа мамандықтардың білім грантын тағайындау байқауына қатысуға құқылы.

20-маусым мен 31- шілде аралығында арнайы емтиханға қатысу үшін өтініштер қабылданады. Ақылы негізде оқуға тапсыратын талапкерлер үшін арнайы емтихан білім грантын тағайындау байқауынан кейін 18- тамызға дейін өткізіледі.   Емтихан «рұқсат»/ «рұқсат жоқ» ұстанымы арқылы бағаланады. Арнайы емтихан материалдары мен кеңес уақыты туралы мағұлыматты институттың қабылдау комиссиясынан білуге болады.

Педагогикалық мамандық бойынша ЖОО түсуге талабы бар талапкерлердің барлығы (осы жылдың және өткен жылдардың мектеп түлектері, колледж түлектері), белгіленген уақыт аралығында арнайы емтиханды тапсыруға міндетті.

Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері болып табылады:

Бакалаврлар 5В011300 - Биология мамандығы бойынша бакалаврлардың кәсіби қызметтің түрлері:

  • білім беру (педагогикалық) - биология мұғалімі ретінде әр түрлі оқу орындарында (мектеп, гимназия, лицей, колледждер және т. б.);
  • ғылыми-зерттеу - бейіндік пәндер бойынша әр түрлі мекемелерде (ботаника, зоология, анатомия, физиология, биохимия, генетика, биотехнология және т. б.) ғылыми зерттеулерді орындау;
  • жобалық - жалпы және арнайы әзірлемелер конструкторлық және жобалық ұйымдарда, (көгалдандыру, суландыру, қайта қалпына келтіру, жоспарлау, мысалы, агробиостанциялар, юннат станциялары және т. б.) орындау;
  • өндірістік-басқару іс-әрекеттері әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарда (білім беру бөлімдері, әкімшіліктер, биологиялық және химиялық бағыттағы зертханалар және т. б.);
  • ұйымдастыру-технологиялық қызметі-биологиялық бағыттағы өнеркәсіпте (санитарлық – эпидемиологиялық станция, өсімдік және жануалар өнімін қайта өңдеу өндірісінде және т. б.)

Оқуды жалғастыру мүмкіндігі

Ғылыми зерттеуге бейімді факультет түлектері өзі тандаған бағыт бойынша оқуын магистратурада жалғастыра алады.

Қазіргі көптілді білім беру тенденциясы өзекті бол,андықтан студенттерде оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. Бұл үшін "Химия" және "Биология және Экология" бағдарламалардан тыс үш тілде үшінші білім беру "Көптілді биология" бағдарламасы ұсынылды. Бұл бағдарламаны меңгерген түлектер бүкіл ел бойынша ашылған Назарбаев зияткерлік мектептерде тиімді жұмыс істей алады.

Осыған байланысты - білім беру бағдарламаларының мазмұны 5В011300 – Биология мамандығы бойынша игеруге бағытталған келесі траекториялары

  • Биология (биологияны оқыту әдістемесі, биологияға кіріспе, ботаника (өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы), омыртқасыздар зоологиясы, цитология және гистология, өсімдіктану (өсімдіктер систематикасы), омыртқасыздар және омыртқалылар зоологиясы, биохимия, адам анатомиясы, энтомологияға кіріспе, адам және жануарлар физиологиясы, генетика, экология, микробиология және вирусология, өсімдік физиологиясы, фитоценология, сәнді гүлдендіру, дәрілік өсімдіктер, молекулалық биология, экология және табиғатты пайдалану, әлемнің флорасы мен фаунасы.
  • Көптілді биология (өсімдіктердің құрылымы мен морфологиясы, омыртқасыздар зоологиясы, цитология және гистология, өсімдіктер таксономиясы, омыртқалы жануарлардың биологиясы, адам антропометриясы, химия негіздері, мамандыққа кіріспе, энтомологияға кіріспе, адам физиологиясы, генетика негіздері, өсімдіктердің функционалдық белсенділігінің негіздері, топырақ зоологиясы, орнитология, органикалық әлемнің эволюция заңдылықтары, зоогеография, топырақтану негіздерімен практикалық биология, су қоймалардың альгологиясы мен экологиясы, Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері, геоботаника, адам экологиясы).
  • Биология және экология (өсімдіктер микроморфологиясы, омыртқасыздар зоологиясы, жасушалар мен ұлпалардың құрылымдық-функционалдық ұйымы, жануарлардың биоалуантүрлілігі, өсімдіктердің биоалуантүрлілігі, экологиялық биохимия, адамның дене құрылысы, жануарлартекті ағзатүрдің физиологиясы, селекция негіздерімен адам генетикасы, популяциялық экология, табиғаттың тарихи дамуының негіздері, өсімдіктердің тіршілік әрекеттерінің заңдылықтары, антропоэкология, Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері, қоршаған ортаның сапасы және халықтың денсаулығы, экологиялық білім беру, Қазақстан Республикасының биоресурстары, сирек және жойылып бара жатқан жануарлардың түрлері және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орнитология, зоогеография).

Жалпы білім беру дайындығы келесі міндетті компоненттермен қамтылған: Қазақстанның қазіргі заман тарихы, философия, қазақ (орыс) тілі, шетел тілі, ақпараттық - коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде), кәсіби қазақ (орыс) тілі, кәсіби-бағытталған шетел тілі.

Жалпы педагогикалық және психологиялық дайындау келесі пәндерде жүзеге асырылады: оқушылардың физиологиялық дамуы, педагогика, психология, білім берудегі менеджмент, бағалаудың өлшемдік технологиялары, инклюзивті білім беру, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, биологияны оқыту әдістемесі, биологияға кіріспе.

Қосымша оқыту түрлері-оқу, педагогикалық, өндірістік практика, дене шынықтыру.

Барлық мамандықтар бойынша ҰБТ/ТКТ тапсыру үшін институты шеңберінде дайындық курстары жүргізіледі, ақпарат алу үшін телефон арқылы қабылдау комиссияға хабарласуға болады.

Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы 5В011200 - «Химия», 5В011300 - «Биология», 5В011600 - «География» мамандықтарынан бакалаврларды дайындайды. Кафедра ұжымын тәжірибелі оқытушылар құрайды, оның ішінде география ғылымдарының докторы, биология ғылымдарының докторы, химия, биология және педагогика ғылымдарының кандидаттары, және жас магистрлер.

Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында көптілді топтар үш мамандық бойынша "Биология", "География" және "Химия"оқиды, сабақтар үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілінде жүргізіледі.

Академиялық ұтқырлық бойынша біздің студенттер Қазақстанның жоғары оқу орындарында, жақын және алыс шет елдерінде білім алады.

Кафедрада табысты жұмыс істейді:

  • биология және экология мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу орталығы, ЭБМҒЗО б.ғ.д. профессор Брагина Т. М. басшылығымен жүргізіледі. http://nic-peb.kspi.kz/ru/,
  • биоалуантүрлілікті зерттейтін ғылыми-зерттеу орталығы БАЗҒЗО (Пережогин Ю. В., Бородулина О. В., Курлов С. И., Баймағамбетов К. Т.) http://herbarium.kspi.kz/,
  • Қостанай облысының жаратылыстану тарихының мұражайы профессор Пережогин Ю. В., басшылығымен жүргізіледі.
  • Адам физиологиясы мен экологиясы бойынша ғылыми-зерттеу орталығы (Суюндикова Ж.Т., Белан О.Р.)
  • Тәжирибе алаңы «Өлшеу аспаптарын интеграциялау, әзірлеу және дербес компьютер»
  • "Химияны оқыту әдістемелерінің мәселелерін зерттеу орталығы ",
  • Минералогиялық коллекциялық қорымен зертхана,
  • "Саяхат" және "Бедветчер" студенттік клубтары,
  • далалық практика үшін "Сосновый Бор"стационарлық базасы,
  • шетелдік серіктестермен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуге арналған стационарлық орталығы, (ҒЭҚ, Дүниежүзілік жабайы табиғатты қорғау қоры, ҚБСА).

Кафедрада аса көп көңіл студенттермен ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлінеді.

Студенттер Республикалық студенттік ғылыми-практикалық жұмыс, студенттік ғылыми - практикалық конференцияларға, олимпиадаларға, конкурстарға, жобаларға, стартаптарға белсене қатысады.

  • ҚМПИ, ЖМФ, Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі к. б.н., доцент Г. А. Ручкина
  • Мекен-жайы: Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 118-үй, 712-кабинет
  • Телефон: 8 (7142) 54-25-89 (деканат), 54-24-09 ін 222 (жаратылыстану ғылымдары кафедрасы)
  • Телефондары қабылдау комиссиясы: 8 (7142) 54-28-49.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз