5B010300 – Педагогика және психология

Мамандық коды 5В010300
Мамандық атауы Педагогика және психология
Берілетін дәреже Білім бакалавры
Оқыту формасы күндізгі, қашықтықтан
Оқу мерзімі күндізгі – 4 жыл
орта арнайы білім негізінде күндізгі және сырттай - 3 жыл
жоғары білім негізінде сырттай – 2 жыл
Түсу сынықтары 1 Профильді пән: Биология
2 Профильді пән: География

Педагогикалық мамандыққа өтініш берушілер арнайы емтихан тапсырады. Педагогикалық сынақтан және педагогикалық жағдайдан тұратын арнайы емтихан абитуриенттердің педагогикалық қызметке бейімділігін анықтауға бағытталған.

Арнайы емтихан тапсырмаған жағдайда не болады?

Егер Сіз педагогикалық мамандықты қабылдамасаңыз, онда ізденушілерге білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін педагогикалық мамандықты таңдауға құқығыңыз жоқ. Егер сіз педагогикалық мамандықты қабылдамасаңыз, онда үміткерлер таңдау тақырыбына сәйкес басқа мамандықтар бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға құқылы.

Арнайы емтиханға қатысу туралы өтініштер 20 маусым мен 31 шілде аралығында қабылданады. Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсынан соң, ақылы негізде оқуға өтініш білдірген үміткерлер 18 тамызға дейін арнайы емтихан тапсырылады. Емтихан «рұқсат етілген» / «рұқсат етілмеген» қағидасы бойынша бағаланады. Арнайы емтиханға арналған кеңестер мен материалдарды Институттың қабылдау бөлімінен алуға болады.

Тиісінше, ЖОО педагогикалық мамандықтарға түсуге өтініш берген барлық талапкерлер (ағымдағы және алдыңғы жылдардағы мектептердің түлектері, колледж түлектері) осы кезеңде арнайы емтихан тапсыруы қажет.

«Педагог – психолог» мамандығы

Педагог – психолог – бұл қазіргі әлемде ең қажетті мамандықтың бірі.

Педагог-психологтың кәсіби қызметі білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдауымен оқу және тәрбие үрдісін ұйымдастыруға, кадрларды және т.б. даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын, кез-келген ғылыми-зерттеу ұйымдарында, мекемелерінде психологиялық-педагогикалық зерттеу жүргізуге бағытталған.

«5В010300 - Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім бакалавры жалпыадами құндылықтарға бағдарланған, гуманистік көзқарастары, кәсіби даярлығы жоғары деңгейде болуы керек, кең фундаментальды және практикалық даярлықты біріктіріп, өз мамандығын жетік меңгерген, өзінің білімін практикада қолдануға және психологиялық-педагогикалық, түзету-дамыту жұмыстарының психодиагностикалық құралдары мен технологияларын меңгеруі керек.

Түлектердің кәсіби қызметінің түрлері

«5В010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалавр келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

  • ұйымдастырушылық-технологиялық (педагогикалық технологиялар негізінде оқу және тәрбие үрдісін ұйымдастыру);
  • өндірістік-басқарушылық («субъект-субъект» өзара әрекеттесуі);
  • жобалық (жалпы білім беретін орта мектепте білім беруді модельдеу);
  • ғылыми-зерттеушілік (кез-келген ғылыми зерттеу ұйымдарында ғылыми-зерттеу жобаларын ұйымдастыру, модельдеу және жүзеге асыру);
  • білім беру (педагогикадан және психологиядан сабақ беру, кадрларды даярлау және қайта даярлау).

«5В010300 - Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім бакалавры келесі қызметтерді атқара алады:

  • әртүрлі оқу-тәрбие мекемелерінде педагог-психолог (мектепке дейінгі оқыту және тәрбие жүйесі, жалпы білім беретін орта мектеп, кәсіптік мектеп, пофильдік мектеп: гимназиялар, лецейлер, колледждер);
  • білім жүйесіндегі ҒЗИ кіші ғылыми қызметкер;
  • педагогика және психология оқытушысы;
  • интернат-үйлерінде, балалар үйлерінде, түзету мекемелерінде, әлеуметтік педагог;
  • әкімшілік органдарының маманы (Білім және ғылым министрлігі);
  • әртүрлі ұйымдардың кадрлық қызметтеріндегі персонал бойынша менеджерлер, кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыспен қамту қызметтері.

Білімді жалғастыру мүмкіншіліктері

Ғылыми қызметке бейімділігі бар факультет түлектері өздерінің таңдаған бағыты бойынша магистратурада оқуын жалғастыруға мүмкіншілігі бар.

5В010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша білім бағдарламаларының мазмұны

«5В010300 - Педагогика және психология» мамандығының білім бағдарламасы келесі оқу таректорияларын қарастырады:

  1. Жалпы білім беру мекемелерінің педагогикасы және психологиясы;
  2. Инновациялық білім педагогикасы және психологиясы;
  3. Девиантты мінез-құлық педагогикасы және психологиясы.

Мамандықтарды даярлаудың оқыту жоспары кең ауқымды жалпы білім беруді, жалпы педагогикалық және арнайы даярлықты қарастырады.

Жалпы білім беру даярлығы міндетті құрылыммен ұсынылады: Қазақстан тарихы, Философия, Қазақ тілі, Шетел тілі, Информатика, Экология және басқа.

Психологиялық – педагогикалық және кәсіптік даярлық мына пәндермен жүзеге асырылады: Педагогика, Психология, Инклюзивті білім, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, Педагогиканы оқыту әдістемесі, Психологияны оқыту әдістемесі, Психологиялық-педагогикалық кәсіпке және өзін-өзі тануға кіріспе, Әлеуметтік бейімделу тренингі, Жасерекшелік психологиясы, Әлеуметтік психология, Тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасы, Ғылыми-психологиялық зерттеу әдістемесі және әдіснамасы, Отбасылық өмір психологиясы, Гендерлік психология, Қазіргі білім беру технологиялары, Практикалық психология, Педагогикалық психология, Трансактылы талдау, Этнопсихология, Конфликтология, Психикалық денсаулықты және суицид басымдылығын алдын алу, Дарындылық психологиясы, Дефектология негіздері, Мектеп психологының жұмысы, Мұғалімнің кәсіби бағдары, Мектеп медиация негіздері және т.б.

Қосымша оқу түрлері: оқу, педагогикалық, өндірістік практика, дене шынықтыру.

Барлық мамандықтар бойынша институт шеңберінде ҰБТ/КТА тапсыру үшін даярлау курстары жүргізіледі, ақпаратты қабылдау комиссиясының телефоны бойынша байланысып аласыз.

Кафедрада студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруға көп көңіл бөлінеді.

Студенттер Республикалық студенттік ғылыми-практикалық жұмыстары конкурстарына, студенттік ғылыми-практикалық конференцияларға, олимпиадаларға, конкурстарға, жобаларға, стартаптарға белсенді қатысады.

Студенттермен тәрбие жұмыстары азаматтылық, патриоттылық, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жастар ортасындағы жағымсыз әркеттерді жеңуге бағдарланған, осы мақсатта кафедрада жыл сайын «Президент күні», «Тәуелсіз Қазақстан» тақрыптарына студенттер жұмысына конкурс, сонымен қатар әскери-патриоттық өлеңдердің ән конкурсы өткізіледі.

Факультеттің үздік студенттері Астанадағы Н. Назарбаев атындағы кітапханаға баруға және семинарға қатысуға мүмкіншіліктері бар.

Жыл сайын кафедрада құқық қорғау органдарының, СӨС қалыптастыру мәселелері жөніндегі орталықтың қызметкерлерімен кездесулер болады, онда студенттер белсенді қатысып отырады.

ҚМПУ, ППФ
Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., Лиходедова Л.Н.
Мекенжай: Қостанай қ., Тәуелсіздік к., 118, 625 кабинет
Телефон: 8 (7142) 54-83-44 (деканат), 54-58-74 ішкі 225 (кафедра)
Қабылдау комиссиясының телефондары: 8 (7142) 54-28-49.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Талапкер Білім беру бағдарламалары топтарының тізімі 5B010300 - Педагогика және психология