Қабылдау комиссиясына ұсынылатын құжатттардың тізімі

Кешенді тестілеуге қатысу үшін

  1. өтініш;
  2. 3 x 4 көлеміндегі екі фотосурет;
  3. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек;
  5. 086-У нысандағы медициналық анықтама;
    Мүгедек балалар, үшін (қосымша) - КТ-ға қатысу үшін жеке аудиторияны бөлу үшін мүгедектігі туралы анықтама;
  6. білім туралы құжат (түпнұсқа) немесе білім алған мамандығының коды мен атауын көрсете отырып, өзі оқыған білім беру ұйымы беретін, ағымдағы жылы оқуды аяқтағандығы туралы анықтама;

Белгіленген шекті балды алмаған тұлғалар үшін қайта КТ (ҰБТ) қатысу үшін

  1. өтініш;
  2. 3 x 4 көлеміндегі екі фотосурет;
  3. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек;
  5. 086-У нысандағы медициналық анықтама;
    Мүгедек балалар, үшін (қосымша) - КТ-ға қатысу үшін жеке аудиторияны бөлу үшін мүгедектігі туралы анықтама;
  6. білім туралы құжат (түпнұсқа).

Педагогикалық және шығармашылық мамандықтарға түсетіндер үшін

  1. өтініш;
  2. білім туралы құжат (түпнұсқа);
  3. 3 x 4 көлеміндегі екі фотосурет;
  4. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  5. ҰБТ немесе КТ сертификаты (бар болса)

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін

  1. өтініш;
  2. білім туралы құжат (түпнұсқа);
  3. ҰБТ немесе КТ сертификаты
  4. 3 x 4 көлеміндегі екі фотосурет;
  5. 086-У нысандағы медициналық анықтама;
  6. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  7. білім беру грантын алуға басым құқығын растайтын құжат
  8. Таңдаған мамандығы бойынша оқу үшін теріс көрсеткіштің жоқтығы туралы медициналық қорытынды (І және ІІ топтағы мүгедек азаматтар, мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезден мүгедектер үшін)

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар қосымша мына құжаттардың біреуін тапсырады:

  1. еңбек кітапшасы;
  2. жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен расталған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) (болған кезде);
  3. жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме мен жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер.

Жоғары оқу орындарына оқуға қабылдану үшін

  1. өтініш;
  2. білім туралы құжат (түпнұсқа);
  3. 3 x 4 көлеміндегі алты фотосурет;
  4. 086-У нысандағы медициналық анықтама (егулерді күндер бойынша көрсете отырып);
  5. ҰБТ немесе КТ сертификаты;
  6. білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса)

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар қосымша мына құжаттардың біреуін тапсырады:

  1. еңбек кітапшасы;
  2. жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен расталған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) (болған кезде);
  3. жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама

Белгіленген шекті балды алмаған тұлғаларды жоғары оқу орнына қабылдау үшін (бірінші академиялық кезеңге)

  1. өтініш;
  2. білім туралы құжат (түпнұсқа);
  3. 3 x 4 көлеміндегі алты фотосурет;
  4. 086-У нысандағы медициналық анықтама (егулерді күндер бойынша көрсете отырып);
  5. ҰБТ немесе КТ сертификаты;
    Сонымен қатар, қабылдау комиссиясыны қосымша неке туралы куәліктің көшірмесі (тегін өзгерту жағдайда) және жеңілдіктерді растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса) ұсынылады.

Магистратуруға оқуға түсетіндер үшін

  1. өтініш;
  2. жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
  3. шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы халықаралық сертификаттың көшірмесі (бар болса):
    - ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);
    - неміс тілі: Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);
    - француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл).
  4. кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы мен еңбек қызметін растайтын құжатты (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  5. 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
  6. 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
  7. жеке куәлігінің көшірмесі;
  8. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса)

Құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Талапкер Оқуға түсудегі құжаттардың тізімі