Жалпы мәліметтер

Институт факультеттері мен кафедраларында еңбек ететін ғалымдар, білікті маман дайындауды әрдайым басты назарда ұстауда. Ол үшін, студенттер мен магистранттарды оқыту процесін жетілдіруге басты көңіл бөлінуде. Институттың негізгі факультеттерінде білім берудің екі сатылы (бакалавр - магистр) білім беру құрылымы енгізілген. Олардың оқу жоспарларында студенттердің өз беттерімен дайындықтарымен қатар практикалық жұмыстары болашақ ұстаздық мамандықтарымен ұштастырылып жүргізілуде. Оқу мерзімінде әр студентке білім алу жолын өз бетінше таңдауға мүмкіндігі туғызылған. Институтта студенттердің денсаулықтарын сақтауға ерекше жағдай жасалған. Сондықтан да бірінші және екінші курстардың оқу бағдарламаларына спорт және дене шынықтыру сабақтары енгізілсе, жоғары курстарда бұл сабақтарды студенттер түрлі спорт секцияларында жалғастыра алады.

Біз қалай оқытамыз?


Ел институтқа білім алу үшін келеді. Ол рас. Бірақ, бүгінгі күннің талабына сай, бәсекелестікке бейім маман болу үшін тек қана білімді болу жетіспейді. Ол үшін жас маман жоғары біліммен қатар, қай істе болмасын белсенді, дер кезінде жауапкершлікті өз мойнына ала алатындай батыл, өз мамандығына сай іскер, кіммен болса да тіл таба алатындай сауатты, бүгінгі ақпараттық технологияны барынша кеңінен пайдалана алатындай шебер, тағы да басқа толып жатқан қасиеттерге ие болуы керек.

Жоғарғы біліммен қатар міне, осы қасиеттердің барлығын біз студенттеріміздің бойларына сіңіреміз.

--

Біздің мақтаныштарымыз!


Біздің институтымыз сапа менеджменті жүйесімен жұмыс істеуде. Институт ұжымының жоғары нәтижелі жұмысы 2005 жылы Голландияның PW аккредитациясына сай келетін дүниежүзіне танымал «Русский регистр» Ассоциациясының сертификатына ие болуға мүмкіндік берді. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Халықаралық ИСО 9001-2000 стандартына ие болған Қазақстан Республикасындағы 12 жоғарғы оқу орнының бірі. Институтымыз өзінің 70 жылдығы қарсаңында Халықаралық Іскерлер Кеңесі тағайындаған «2006 жылғы Ұлттық экономиканың озаты» деген құрметті атаққа ие болды. 2008 жылы институтымыздың ректоры Қ.М. Баймырзаев институт атынан университеттердің Ұлы хартиясына қол қойып, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне көтеріліп, өзінің Болон процесіне қатысуға дайын екендігін дәлелдеді. Институтымыз Қазақстан Республикасы мен дүние жүзіндегі көптеген елдердің мемелекеттік және қоғамдық негіздегі білім беру ұйымдарымен тұрақты түрде қарым-қатынас жасауда. Оның айқын дәлелі ретінде, 2007 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық инстиутында Франция Республикасының мәдени Орталығының ашылғанын атап өтуге болады. Бұл Орталық Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты басшылығы мен Францияның Қазақстан Республикасындағы елшілігі Мәдениет және қарым-қатынас бөлімінің өзара келісім шартының нәтижесінде ашылып отыр.

--

Білім берудегі жаңа технолгияларды игеру жөніндегі жетістіктеріміз


Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында қуатты ақпараттық- компьютерлік кешен жұмыс істейді. Ондағы қондырғыларды жаңартып отыру үшін жыл сайын қажетті мөлшерде қаржы бөлінуде. Кешендегі, бүгінгі күннің талабына сай компьютерлер, дыбыс және бейне жазу қондырғылары мен мультимедиялық материалдар, қол жетерлік жердегі Интернет жүйесі - бәрі – бәрі студенттерімізге білім алуды барынша жеңілдетуге, әрі қызықты етуге көмектесуде. Студенттеріміз, қажетті технологиялық қондырғылармен қамтамасыз етілген дәрісханалар мен зертханаларда оқып, білім алуда. Ғылыми кітапханамыздың ақпараттық қоры өте бай. Онда: әдеби, оқу-әдістемелік кітаптар, мерзімдік баспасөз - газет- журналдардың бай қоры жинақталған. Олардың біразы электрондық жүйеге енгізілген. Осыдан елу жыл бұрын Москва университеті тарту еткен – 17 – 18 -19-20 ғасырларда жарық көрген бір мың данадан астам кітап қоры біздің ғылыми кітапханамыздың мақтанышы болып саналады. Институтымызда шағын баспахана жұмыс істейді. Онда ғалымдарымыз бен студенттеріміздің жазған ғылыми еңбектері жарық көруде.

--

Студенттер өмірі


Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында студент жастарға білім берумен қатар, олардың ғылыми - зерттеу жұмыстарымен шұғылдануларына, бұқаралық - мәдени, спорттық және туристтік шараларға қытысып, өз шеберліктерін шыңдауға жан-жақты жағдай жасалған. Институт қабырғасында жүргізілетін бұл жұмыстар жастардың бойына азаматтық, патриотизм қасиеттерін егіп, олардың салауатты өмір салтын ұстанып, жастарды болашақ өмірде кездесетін қандай болмасын қиындықтарды жеңе алатындай етіп тәрбиелеуге бағытталған. Институтта жастар Орталығы жұмыс істейді. Онда: хореграфия, вокал студиялары мен би үйірмелері, аэробика, түрлі шейпинг, спорт пен туризм секциялары, көңілді тапқырлар клубы (КВН), театр студиясы, студент-жастардың еңбек отрядтары жұмыс істейді. Орталықта ай сайын түрлі мәдени-бұқаралық шаралар өткізілуде. Олардың ішінде: дәстүрге айналған: «Білім күні», «Студенттер қатарына қабылдау», көңілді тапқырлардың жарыстары, Жаңа жыл, Наурыз мерекелері мен Қыз Жібек үні, студенттердің пікірсайыстары, көпке танымал болған «Альянс пати» ойындары мен дойбыдан, шахматтан, баскетболдан, тоғызқмалақтан, волейболдан, спорттың басқа да түрлерінен жарыстар өткізілуде.

--

Институт жайлы студенттердің ой - пікірлері


Қостанай мемлекеттік педагогикалық иснтитутында, сабақ үсті мен практикалық жұмыстарда, мейлі спорт жарыстарында болсын, пікірталастар мен үйірмелердің жұмыстарында, студенттер мен оқытушы-профессорлар, жастар мен жастардың арасында әрқашанда да ашықтық, өзара түсіністік, шыдамдылық, тағаттылық, шынайы демократиялық жағдай қалыптасқан. Бұл өз кезегінде кімнің болса да жүрегіне сенім ұялатып, алға қарай берік қадам жасауға көмектесуде.

--

Нәтижесінде:


Бүгінгі күннің талабына сай білім мен тәжірибе жинақтаған, қандай жағдайда болмасын белсенділік танытып, жауапкершілікті көтеруге бейімделген біздің Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының түлектері өмірден өз орындарын тауып, барған жерлерінде өздерінің де, біздің институтымызды да абыройын арттыруда. Оқытушы - профессорларымыздың біліктіліктеріне, болашақ ұстаз дайындау жолындағы ұлы істе бірлігіміз бен өз ісімізге деген адалдығымызды таныта отырып, іскерлік этикасының жоғарғы деңгейіне жету жолында еңбек етіп жатқан біздің институтымыз алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының озық оқу орнының қатарынан көріне бермек.

КГПИ ЖДЕТ ТЕБЯ!-
Скачать:

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

Проект Правила присуждения образовательного гранта для оплаты высшего образования

Біздің мекен - жайымыз: Қостанай қаласы, Таран көшесі, 118 үй.
Телефонымыз: 8 (7142) 54-58-74 (111). Қабылдау комиссиясы.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Талапкер