6B11101 Туризм

Білім беру саласының коды және атауы 6B11 Қызметтер
Даярлау бағытының коды және атауы 6B111 Қызмет көрсету саласы
Білім беру бағдарламалары тобы 6B091 Туризм
Білім беру бағдарламасының атауы 6B11101 Туризм
ББ түрі Қолданыстағы ББ
ББ мақсаты Жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, заманауи инновациялық технологиялар саласындағы білімді меңгерген, кәсіби стандартқа сәйкес кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті туризм саласындағы жоғары білікті: туризм жөніндегі менеджер, туризм жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, туризм индустриясын және қонақжайлылықты жетілдіруге бағытталған ұйымдастыру-басқару, өндірістік-технологиялық, кәсіпкерлік, ғылыми-зерттеу, жобалық міндеттерді шешуге қабілетті экскурсовод-лектор; ішкі және халықаралық туризмді, оның ішінде оның белсенді нысандарын дамыту; өңір, ел және әлем шеңберінде адами қарым-қатынасты, мәдениетаралық өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал ететін маманды даярлау.
ББХСЖ бойынша деңгейі ББХСШ 6
ҰБШ бойынша деңгейі ҰБШ 6
Оқу мерзімі  /  Оқыту нысаны СБШ 6 (6.1)
Оқу мерзімі  /  Оқыту нысаны күндізгі – 4 жыл, күндізгі (техникалық және кәсіптік білім беру  базасында)  – 3 жыл, күндізгі (жоғары білім беру базасында) – 2 жыл
Оқыту тілі қазақ және орыс 
Кредит көлемі 240 академиялық кредит / 240 ECTS
Берілетін академиялық дәреже «6B11101 Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры
Кадрларды даярлау бағытына лицензияға қосымшаның болуы № KZ08LAA00016062 Берілу кезі: 17.05.2019
ББ аккредиттеудің болуы Бар
Аккредиттеу органының атауы «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі» мемлекеттік емес мекемесі
Аккредиттеудің қолданылу мерзімі 08.11.2014 г. – 07.11.2019 г.
Түсу сынықтары Оқуға түсушілер Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқыту тілі) және екі негізгі пән - География мен Шетел тілі бойынша ҰБТ тапсырады

Кәсіби қызметтің көлемі

«6B11101 Туризм» өзінің кәсіби қызметін туризм және қонақжайлылық индустриясы, құқықтық негіздері және мемлекеттік басқару саласында туристік білім беру, туристік-нұсқаушылық және экскурсиялық-өлкетану қызметі бағыты бойынша жүзеге асырады.

Кәсіби қызмет объектілері

«6B11101 Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет бакалаврының кәсіби қызметінің объектілері болып табылады:

  • туризм мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік құрылымдар (Министрліктер, әкімдіктер және олардың өңірлік бөлімшелері мен құрылымдары);
  • туристік операторлар – фирмалар (бастамашылық және рецептивті);
  • туристік фирмалар-агенттіктер;
  • туристік индустрия қызметтерін тұтынушылар (жеке немесе корпоративтік клиенттер), олардың қажеттіліктері;
  • туристік кәсіпорындардың маркетингтік қызметтері;
  • орта буын туристік индустриясының мамандарын даярлау бойынша бейінді оқу орындары;
  • туризмді дамыту мәселелерін зерттейтін ғылыми-зерттеу ұйымдары;
  •  ішкі және сыртқы нарыққа туристік қызметтерді жылжытумен айналысатын туристік бейіндегі жарнама агенттіктері; 
  • төтенше жағдайлар министрлігінің іздестіру-құтқару бөлімшелері;

 «Туризм» мамандығы бойынша магистратура;

  • туристік өнім;
  • туристік индустрия қызметтерін көрсетудің технологиялық процестері;
  • зияткерлік қызмет нәтижелері;
  • орналастыру құралдары, тамақтану кәсіпорындары, экскурсиялық қызмет объектілері: спорттық-сауықтыру қызметтері, көлік құралдары, туристік индустрияның өзге кәсіпорындары және туристік өнімді әзірлеу және сатумен байланысты басқа да объектілер;
  • ақпараттық ресурстар мен жүйелер; автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен технологияларды қамтамасыз ету құралдары.

Кәсіптік қызметтің түрлері

«6B11101 Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша Бакалавр келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

  • өндірістік-технологиялық;
  • сервистік-пайдалану;
  • ұйымдық-басқарушылық;
  • эксперименталды-зерттеу;
  • ғылыми-зерттеу;
  • жобалау;
  • профилактикалық және іздестіру-құтқару;
  • туристік-рекреациялық.

Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері:

  • әлемдік туристік қозғалыс пен туристік бизнесті дамытудың жалпы және ерекше үрдістері мен перспективаларын білуді көрсетеді.
  • туристік өнімді және туристік қызметтердің жаңа түрлерін жоспарлау, өндіру және жылжыту процесінде қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданады.
  • бюджеттік, әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыру принциптерін, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығын талдау құралдарын меңгерген.
  • туризмнің белсенді және спорттық түрлері саласында оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістемесін меңгерген. нұсқаушы, гид, экскурсовод ретінде жұмыс тәжірибесі бар.
  • штаттық, тартылған персоналмен, контрагенттермен, аралас қызметтер өндірушілермен және клиенттермен жұмыс істеу дағдысына ие.
  • кешенді туристік қызмет көрсету процесінде қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және қолдайды.
  • талап етілетін сапамен тұтынушылар нарығының сұраныстарының толық спектрін қамтамасыз етеді.
  • аймақта, елде және әлемде туристік бизнесті болжаудың, жоспарлаудың, жүзеге асырудың және бақылаудың толық циклын іске асырады.

Білім беру бағдарламасымен қалыптасатын негізгі құзыреттіліктер

  • Коммуникативтік – Тіл модулі
  • Іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық дайындық – Жаратылыстану-математикалық модуль
  • Компьютерлік – Жаратылыстану-математикалық модуль
  • Әлеуметтік-мәдени – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
  • Кәсіпкерлік, экономикалық – Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
  • Кәсіби-педагогикалық – Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
  • Тұлғалық – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі, Тіл модулі, Жаратылыстану-математикалық модуль, Іргелі даярлық модулі, Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
  • Арнайы (пәндік) – Іргелі даярлық модулі, Кәсіби модуль

Жоғары білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесінің (ESUVO) тізіліміндегі білім беру бағдарламаларына сілтеме

Ө. Сұлтанғазин атындағы Университет, ДШСжТФ
Кафедра меңгерушісі П.ғ.к., Огиенко Н.А.
Мекен-жайы: Костанай қ, Тәуелсіздік көш.118, 603 кабинет
Телефон: 8 (7142) 54-58-74 ішкі. 119 (кафедра)
Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7142) 54-28-49.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Білім беру бағдарламалары Бакалавриат 6B11101 Туризм