6B01509 Физика-Информатика

Білім беру саласының коды және атауы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
Даярлау бағытының коды және атауы 6В015   Жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша мұғалімдер даярлау 
Білім беру бағдарламалары тобы В010 Физика және информатика мұғалімдерін даярлау
Білім беру бағдарламасының атауы 6В01509 Физика-Иинформатика
ББ түрі Жаңа ББ
ББ мақсаты Физика және информатика мұғалімін даярлағанда пән саласындағы сапалы білімге; талдау, зерттеу және тіл дағдыларына; ары қарай үздіксіз білім алу және кәсіби білімді, білік пен дағдыны жетілдіру қабілетіне; көшбасшылық қасиеттеріне және инновациялық ойлауға  ие болады
ББХСЖ бойынша деңгейі ББХСШ 6
ҰБШ бойынша деңгейі ҰБШ 6
Оқу мерзімі  /  Оқыту нысаны СБШ 6 (6.1)
Оқу мерзімі  /  Оқыту нысаны күндізгі – 4 жыл, күндізгі (техникалық және кәсіптік білім беру  базасында)  – 3 жыл, күндізгі (жоғары білім беру базасында) – 2 жыл
Оқыту тілі қазақ және орыс 
Кредит көлемі 240 академиялық кредит / 240 ECTS
Берілетін академиялық дәреже «6В01509 Физика-Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Кадрларды даярлау бағытына лицензияға қосымшаның болуы № KZ08LAA00016062 Берілу кезі: 17.05.2019
ББ аккредиттеудің болуы  
Аккредиттеу органының атауы  
Аккредиттеудің қолданылу мерзімі  
Түсу сынықтары Оқуға түсушілер Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқыту тілі) және екі негізгі пән - Физика мен Математика бойынша ҰБТ тапсырады

Кәсіби қызметтің көлемі

«6В01509 Физика-Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры өз кәсіби қызметін білім беру саласында жүзеге асырады. 

Кәсіби қызмет объектілері

«6В01509 Физика-Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры кәсіби қызметінің нысандары:

  • меншіктік және ведомостволық бағыныштылық түріне тәуелсіз барлық типтегі және түрдегі орта білім беру мекемелеріндегі педагогикалық үрдіс;
  • техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үрдіс.

Кәсіптік қызметтің түрлері

«6В01509 Физика-Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

  • білім беру (педагогикалық);
  • оқыту және тәрбиелеу;
  • оқу-технологиялық;
  • әлеуметтік-педагогикалық;
  • эксперименталды және зерттеу;
  • ұйымдастырушылық және басқарушылық;
  • ақпарат және байланыс.

Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері:

  • физика заңдарын, алгоритмдер және бағдарламалау тілдерін, негізгі терминдердің мәнін, физиканы және информатиканы оқытудың құрылымы мен мазмұнын біледі және түсінеді;
  • физикалық аспаптардың жұмыс принциптерін, сондай-ақ эксперименттік деректерді алу тәсілдерін, алгоритмдерді құру принциптерін, әртүрлі бағдарламалық пакеттердің көмегімен деректерді өңдеу ресурстарын құруды біледі және түсінеді;
  • эксперименттік, зерттеу, олимпиадалық физикалық есептерді ұйымдастыру, қою және шешу,оқу процесіне бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және енгізу кезінде кәсіби дағдыларды қолданады; нақты мәселелерді шешу кезінде кәсіби тәжірибеде бағдарламалау тілдерін қолданады;
  • барлық деңгейдегі білім беру процесінің барлық субъектілерінің қызметін талдайды физика мен информатиканы оқытудың қазіргі заманғы әдістерін қолданады;
  • инновациялық ақпараттық-коммуникациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, физиканы және информатиканы оқытуда кәсіби шеберлікті көрсетеді, компьютерлік жүйелерді жобалай және енгізе алады, жұмыста желілік ресурстарды, аспаптық бағдарламалық құралдарды пайдалана алады;
  • оқушылардың жеке қажеттіліктерін, төзімділікті, моральдық құндылықтарды, трилингвизм талаптарын ескере отырып, оқыту процесін ұйымдастырады, түрлендіреді және дамытады;
  • критериалды бағалау технологияларын меңгерген, формативті және жиынтық бағалауды ұйымдастыру сыни ойлауды дамытуға ықпал ететін оқыту және бағалау стратегиясын қолданады;
  • тұжырымдамалық философиялық идеяларды меңгерген, сыни және шығармашылық ойлауға қабілетті, өзінің оқу қызметін рефлексия мен өзін-өзі бағалауды жүзеге асыруға қабілетті.

Білім беру бағдарламасымен қалыптасатын негізгі құзыреттіліктер

  • Коммуникативтік – Тіл модулі
  • Іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық дайындық – Жаратылыстану-математикалық модуль
  • Компьютерлік – Жаратылыстану-математикалық модуль
  • Әлеуметтік-мәдени – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
  • Кәсіпкерлік, экономикалық – Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
  • Кәсіби-педагогикалық – Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
  • Тұлғалық – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі, Тіл модулі, Жаратылыстану-математикалық модуль, Іргелі даярлық модулі, Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
  • Арнайы (пәндік) – Іргелі даярлық модулі, Кәсіби модуль

Жоғары білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесінің (ESUVO) тізіліміндегі білім беру бағдарламаларына сілтеме

Ө. Сұлтанғазин атындағы Университет, ЖМФ
  Кафедра меңгерушісі Телегина О.С.
Мекен жайы: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі 118, 426 кабинет
Телефон: 8 (7142) 54-58-74 (132 ішкі)
Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7142) 54-28-49.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Білім беру бағдарламалары Бакалавриат 6B01509 Физика-Информатика