6B01502 Физика

Білім беру саласының коды және атауы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
Даярлау бағытының коды және атауы 6В015   Жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша мұғалімдер даярлау 
Білім беру бағдарламалары тобы В010 Физика мұғалімдерін даярлау
Білім беру бағдарламасының атауы 6В01502 Физика
ББ түрі Қолданыстағы ББ
ББ мақсаты Физика мұғалімін даярлағанда пән саласындағы сапалы білімге; талдау, зерттеу және тіл дағдыларына; ары қарай үздіксіз білім алу және кәсіби білімді, білік пен дағдыны жетілдіру қабілетіне; көшбасшылық қасиеттеріне және инновациялық ойлауға  ие болады
ББХСЖ бойынша деңгейі ББХСШ 6
ҰБШ бойынша деңгейі ҰБШ 6
Оқу мерзімі  /  Оқыту нысаны СБШ 6 (6.1)
Оқу мерзімі  /  Оқыту нысаны күндізгі – 4 жыл, күндізгі (техникалық және кәсіптік білім беру  базасында)  – 3 жыл, күндізгі (жоғары білім беру базасында) – 2 жыл
Оқыту тілі қазақ және орыс 
Кредит көлемі 240 академиялық кредит / 240 ECTS
Берілетін академиялық дәреже «6В01502 Физика» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Кадрларды даярлау бағытына лицензияға қосымшаның болуы № KZ08LAA00016062 Берілу кезі: 17.05.2019
ББ аккредиттеудің болуы Бар
Аккредиттеу органының атауы «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі» мемлекеттік емес мекемесі
Аккредиттеудің қолданылу мерзімі 08.11.2014 г. – 07.11.2019 г.
Түсу сынықтары Оқуға түсушілер Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқыту тілі) және екі негізгі пән - Физика мен Математика бойынша ҰБТ тапсырады

Кәсіби қызметтің көлемі

«6В01502 Физика» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры өз кәсіби қызметін білім беру саласында жүзеге асырады. 

Кәсіби қызмет объектілері

«6В01502 Физика» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры кәсіби қызметінің нысандары:

  • меншіктік және ведомостволық бағыныштылық түріне тәуелсіз барлық типтегі және түрдегі орта білім беру мекемелеріндегі педагогикалық үрдіс;
  • техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үрдіс.

Кәсіптік қызметтің түрлері

«6В01502 Физика» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

  • білім беру (педагогикалық);·   
  • оқыту және тәрбиелеу;
  • оқу-технологиялық;
  • әлеуметтік-педагогикалық;
  • эксперименталды және зерттеу;
  • ұйымдастырушылық және басқарушылық;
  • ақпарат және байланыс.

Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері:

  • физика заңдарын біледі және түсінеді: механика, молекулалық физика және термодинамика, электр және магнетизм, оптика, атом физикасы, атом ядросы және элементар бөлшектер;
  • физикалық аспаптардың жұмыс принциптерін, сондай-ақ эксперименттік деректерді алу, өңдеу және талдау тәсілдерін біледі және түсінеді;
  • эксперименттік, зерттеу, олимпиадалық есептерді және startup-жобаларды ұйымдастыру, қою және шешу кезінде кәсіби дағдыларды қолданады;
  • барлық деңгейдегі білім беру процесінің барлық субъектілерінің қызметін талдайды, физиканы оқытудың қазіргі заманғы әдістерін қолданады;
  • АКТ-ны пайдалана отырып, жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасының талаптарына, зерттеу нәтижелеріне сәйкес физиканы оқытуды ұйымдастырады;
  • оқушылардың жеке қажеттіліктерін, төзімділікті, моральдық құндылықтарды, трилингвизм талаптарын ескере отырып, оқыту процесін ұйымдастырады, түрлендіреді және дамытады;
  • критериалды бағалау технологияларын меңгерген, формативті және жиынтық бағалауды ұйымдастыру сыни ойлауды дамытуға ықпал ететін оқыту және бағалау стратегиясын қолданады;
  • тұжырымдамалық философиялық идеяларды меңгерген, сыни және шығармашылық ойлауға қабілетті, өзінің оқу қызметін рефлексия мен өзін-өзі бағалауды жүзеге асыруға қабілетті.

Білім беру бағдарламасымен қалыптасатын негізгі құзыреттіліктер

  • Коммуникативтік – Тіл модулі
  • Іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық дайындық – Жаратылыстану-математикалық модуль
  • Компьютерлік – Жаратылыстану-математикалық модуль
  • Әлеуметтік-мәдени – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
  • Кәсіпкерлік, экономикалық – Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
  • Кәсіби-педагогикалық – Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
  • Тұлғалық – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі, Тіл модулі, Жаратылыстану-математикалық модуль, Іргелі даярлық модулі, Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
  • Арнайы (пәндік) – Іргелі даярлық модулі, Кәсіби модуль

Жоғары білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесінің (ESUVO) тізіліміндегі білім беру бағдарламаларына сілтеме

Ө. Сұлтанғазин атындағы Университет, ЖМФ
  Кафедра меңгерушісі Телегина О.С.
Мекен жайы: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі 118, 426 кабинет
Телефон: 8 (7142) 54-58-74 (132 ішкі)
Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7142) 54-28-49.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Білім беру бағдарламалары Бакалавриат 6B01502 Физика