5B011600 - География

Мамандық коды 5В011600
Мамандық атауы География
Берілетін дәреже Білім бакалавры
Оқыту формасы күндізгі, қашықтықтан
Оқу мерзімі күндізгі – 4 жыл
орта арнайы білім негізінде күндізгі және сырттай - 3 жыл
жоғары білім негізінде сырттай – 2 жыл
Түсу сынықтары 1 Профильді пән: Биология
2 Профильді пән: География

Педагогикалық мамандықтарға түсушілер арнайы емтихан тапсыратын болады. Арнайы емтихан талапкерлердің педагогикалық қызметке бейімділігін анықтайтын педагогикалық тесттен және педагогикалық жағдаяттан тұрады.

Егерде арнайы емтихан тапсырмаса не болады?

Егер талапкерлер арнайы емтиханнан өтпесе, онда педагогикалық мамандыққа білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алмайды.

Талапкерлер педагогикалық мамандыққа өтпеген жағдайда басқа мамандықтар бойынша таңдаған пәні бойынша басқа мамандықтардың білім грантын тағайындау конкурсына қатыса алады. 

Арнайы емтихан тапсыруға қатысу үшін өтініш 20 маусымнан 31 шілдеге дейінгі аралықта қабылданады. Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсы өткеннен кейін ақылы негізде оқуға өтініш берген талапкерлер үшін арнайы емтихан 18 тамызға дейін өткізіледі. Емтихан «жіберілді»/«жіберілген жоқ» деп бағаланады. Арнайы емтихан бойынша материалдар мен кеңестерді институттың қабылдау комиссиясынан алуға болады.     

Педагогикалық мамандықтар бойынша ЖОО түсуге талаптанған барлық талапкерлер үшін (мектептердің осы жылғы және алдыңғы жылдардың, колледждердің түлектері) сәйкесінше көрсетілген уақыт бойынша арнайы емтихан тапсырулары қажет.

«5В011600 - География» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесін алған бітіруші түлек орта мектептің оқу бағдарламасына кіретін барлық географиялық пәндер: «Жаратылыстану», «Физикалық географияның бастауыш курсы», «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы», «Қазақстанның физикалық географиясы», «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы», «Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы», «Қазіргі заман географиясы» және барлық оқыту бағыттары бойынша, оның ішінде мамандану пәндері бойынша, егер мамандықтың оқу жоспарында қосымша білім бағдарламалары қарастырылса  сол бойынша терең білім алуы қажет.

География бакалаврі білуі керек:

  • педагогикалыққұбылыстар, жағдаяттар, фактілерді сараптай білуі;
  • себеп-салдарының байланыстарын  және олардың өзара байланысын реттей білуі;
  • сын тұрғысынан ойлай білуді дамыту, жалпыны нақтылай білуін дамыту. 

5В011600 - География мамандығы бойынша бакалаврдің кәсіби қызмет сферасы:

  • білім (колледжде, гимназияда, лицейде, орта мектепте география мұғалімі);
  • басқару (білім және инфрақұрылым бөлімдері, акиматтар мен жоспарлы ұйымдар, өндіріс саласы ұйымдары және қызмет секторы, табиғатты және экологияны сақтау);
  • ғылым (ғылыми – зерттеу және құрастырмалы – жобалау ұйымдары профилі бойынша:   география,   геология,   экология,   картография, гидрология, сейсмология, топырақ географиясы және тағы басқалары.);

5В011600 - География мамандығы бойынша бакалаврлер мынадай кәсіби қызмет түрлерін орындайды:

  • Білім (педагогикалық) жұмыс негізінде: әр түрлі оқу орындарында (мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде және т.б.) экология мен экономика негіздері бойынша факультатив курстары мен география мұғалімі; мектептегі туристік - өлкетану мен экологиялық жұмыстардың ұйымдастырушылары;
  • Ғылыми - зерттеу: әр түрлі ұйымдарда профильдік пәндер бойынша (география, геология, экология, картография, гидрология, метеорология, география почв, туризм және т.б.) ғылыми зерттеулерді орындау;
  • жобалық, жобалық және құрастырмалық ұйымдарда жалпы және арнаулы әзірлемелерді (топографиялық түсірілімдер, карта құрастыру, метеоалаңдар) орындау, экологиялық соқпақ, рекреация, суландыру, реконструкция, аудандық жоба лау (мысалы, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым,табиғи және әлеуметтік - экономикалық және т.б.);  
  • әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдағы өндірістік – басқару қызметі (білім бөлімі, акимат, табиғатты қорғау және жер ресурстары бөлімдері,туристік – өлкетанулық және табиғатты қорғау ұйымдары және т.б.);
  • сараптау қызметі, табиғатты қорғау, табиғаттыпайдалану, халықтың саны, аймақтар және т.б. мәселелері бойынша әр түрлі ұйымдардың сараптау қызметі(жобалар сараптамасы, жоспарлар, елдердің, қалалардың, аудандардың және ауылдық округтердің, бағалау әрекеттері, жобаларды негіздеу және т.б. даму болжамы мен бағдарламалары);
  • ұйымдастыру - технологиялық қызмет, қоршаған орта мониторингі жүйесіндегі инженерлер, жер және табиғатты қорғау ұйымдарының, туристік -өлкетанулық және экологиялық мекемелер және т.б. қызметкерлері негізінде; 

Білімді жалғастыру мүмкіндіктері

Ғылыми қызметке бейімділігі бар мамандықтың бітіруші түлектері өздерінің таңдаған мамандықтары бойынша магистратурада оқуға мүмкіндіктері бар.  

5В011600 - География мамандығы бойынша білім бағдарламасының мазмұны:

 «География» білім бағдарламасы мынадай оқу траекторияларын қарастырады:

  • География (Тарихи география; Дүниежүзінің физикалық географиясының номенклатурасы; Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы мен географиясы; Географиядығы тәжірибелік- бағдарлық бағытты зерттеу; Әлемнің флорасы мен фаунасы; Палеогеография; Геодезия және топография; Өндірістің техникалық экономикалық негіздері; Елтану; Мұғалімнің кәсіби бағыттары; Табиғатты пайдалану экономикасы; Дүниежүзінің топырағы мен топырақ ресурстары; Дүниежүзі таулы елдерінің географиясы; Геоурбанистика; Қазақстанның физикалық географиясы; Қазақстанның қазіргі заманғы географиясы; Қазақстанның топонимикасы; Қалалық және жалпы ландшафттану; Гидрология; Рекреациялық география; Неоландшафттар;)
  • География және биология көптілділік топтарында (Геотектоника; Дүниежүзінің физикалық  географиясының номенклатурасы; Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы мен географиясы; Ландшафттану; Материктер мен мұхиттардың географиялық сипаттамасы; Картография топография негіздеріменс; географияға кіріспе; дүниежүзі елдерінің демографиялық саясаты және демографиясы; Дүниежүзі елдері экономикалық қатыныстар жүйесі және саяси географиясы; Қазіргі заман географиясы; Мұғалімнің кәсіби бағыттары; Метеорология және климатология негіздірі; Геоморфология; Қазақстанның физикалық географиясы; Қазақстанның Қазіргі заман географиясы; Қазақстанның топонимикасы; Жануарлардың әртүрлігі мен зоологиясы; Адам экологиясы; Сәндік гүлдендіру және ландшафтік дизайн; Өсімдіктердің әртүрлігі мен ботаникасы; )
  • География және экология ( Геология; Дүниежүзінің физикалық  географиясының номенклатурасы; Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы мен географиясы; Ландшафтану; Материктер мен мұхиттардың географиялық сипаттамасы; Топография негіздері және жергілікті жерді бағдарлау; Топырақ географиясы; Экономикалық әлеуметтік және саяси географияға кіріспе; Тұрғындар географиясы; Халықаралық экономикалық қатынастар географиясы; Дүниежүзінің экономикалық әлеуметтік және саяси географиясы; Мұғалімнің кәсіби бағыттары Топонимика; Метеорология және климатология негіздірі; Геоморфология; Қазақстанның физикалық географиясы; Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы; ҚР экологиялық мәселері; Бұзылған территорияларды қалпына келтіру; Табиғи орта мониторингі Қорғалатын территориялар жөне боиәртүрлікті сақтау принциптері)

Мамандарды дайындауға арналған оқу бағдарламасы жалпы білім, жалпы педагогикалық және арнаулы дайындықтарды қамтамасыз етеді. 

Оқытудың қосымша түрлері: оқу, педагогикалық, өндірістік практика, дене шынықтыру.

Барлық мамандықтар бойынша ҰБТ/ТКТ тапсыру үшін институт шеңберінде дайындық курстары жүргізіледі,  ақпарат алу үшін телефон арқылы қабылдау комиссиясына хабарласуға болады.

Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы 5В011200 - «Химия», 5В011300 - «Биология», 5В011600 - «География» мамандықтарынан бакалаврларды дайындайды. Кафедра ұжымын тәжірибелі оқытушылар құрайды, оның ішінде география ғылымдарының докторы, биология ғылымдарының докторы, химия, биология және педагогика ғылымдарының кандидаттары, және жас магистрлер.

Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында көптілді топтар үш мамандық бойынша "Биология", "География" және "Химия"оқиды, сабақтар үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілінде жүргізіледі.

Академиялық ұтқырлық бойынша біздің студенттер Қазақстанның жоғары оқу орындарында, жақын және алыс шет елдерінде білім алады. 

Кафедрада аса көп көңіл студенттермен ғылыми-зерттеу жұмыстарына  бөлінеді.

Студенттер Республикалық студенттік ғылыми-практикалық жұмыс, студенттік ғылыми - практикалық конференцияларға, олимпиадаларға, конкурстарға, жобаларға, стартаптарға белсене қатысады.

  • ҚМПИ, ЖМФ, Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі к. б.н., доцент Г. А. Ручкина
  • Мекен-жайы: Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 118-үй, 712-кабинет
  • Телефон: 8 (7142) 54-25-89 (деканат), 54-24-09 ін 222 (жаратылыстану ғылымдары кафедрасы)
  • Телефондары қабылдау комиссиясы: 8 (7142) 54-28-49.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Білім беру бағдарламалары Бакалавриат 5B011600 - География