5B011200 - Химия

Мамандық коды 5В011200
Мамандық атауы Химия
Берілетін дәреже Білім бакалавры
Оқыту формасы күндізгі, қашықтықтан
Оқу мерзімі күндізгі – 4 жыл
орта арнайы білім негізінде күндізгі және сырттай - 3 жыл
жоғары білім негізінде сырттай – 2 жыл
Түсу сынықтары 1 Профильдік пән: Химия
2 Профильдік пән: Биология

Педагогикалық мамандықты таңдаған талапкерлер арнайы емтихан тапсырады. Арнайы емтихан талапкердің педагогикалық мамандыққа деген бейімділігін анықтау мақсатында педагогикалық тест пен педагогикалық жағдаяттардан тұрады.

Арнайы емтиханды тапсырмаса, не болады?

Талапкерлер педагогикалық мамандыққа арналаған арнайы емтиханды тапсырмаса, талапкерлер педагогикалық мамандықтың білім грантын тағайындау байқауына қатысуға құқығы болмайды.

Талапкерлер педагогикалық мамандыққа арналған арнайы емтиханды тапсырмаса, талапкерлер таңдау пәні бойынша басқа мамандықтардың білім грантын тағайындау байқауына қатысуға құқылы.

20-маусым мен 31- шілде аралығында арнайы емтиханға қатысу үшін өтініштер қабылданады. Ақылы негізде оқуға тапсыратын талапкерлер үшін арнайы емтихан білім грантын тағайындау байқауынан кейін 18- тамызға дейін өткізіледі.   Емтихан «рұқсат»/ «рұқсат жоқ» ұстанымы арқылы бағаланады. Арнайы емтихан материалдары мен кеңес уақыты туралы мағұлыматты институттың қабылдау комиссиясынан білуге болады.

Педагогикалық мамандық бойынша ЖОО түсуге талабы бар талапкерлердің барлығы (осы жылдың және өткен жылдардың мектеп түлектері, колледж түлектері), белгіленген уақыт аралығында арнайы емтиханды тапсыруға міндетті.

5В011200 Химия мамандығы бойынша білім бакалавры төмендегі қызметтерді атқара алады:

  • аға лаборант, лаборант, химиялық және педагогикалық профильдегі ғылыми-зерттеу ұйымдарының маманы және т. б.;
  •  химия пәнінің оқытушысы;
  • мектеп директоры, директордың ғылыми, оқу және оқу-тәрбие жұмысының  орынбасары;
  • оқу-тәрбиелік мекемелерде, жалпы орта білім беру, кәсіптік-техникалық білім беру, арнайы орта білім беру, сонымен қатар мектептен тыс және қосымша білім беру мекемелерінде педагог қызметкерлерге теңестірілген басқа лауазымдар 

Кәсіби қызмет объектілері

  • жалпы орта білім беру,  кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары мен мекемелері
  • орта кәсіптік білім беру мекемелері
  • мектептен тыс және қосымша білім беру мекемелері.

5В011200 Химия мамандығы бойынша бакалаврлар келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара  алады: оқу-тәрбиелік мекемелерде, жалпы орта білім беру, кәсіптік-техникалық білім беру, арнайы орта білім беру, сонымен қатар мектептен тыс және қосымша білім беру мекемелерінде:

  • диагностикалық;
  • білім беру (педагогикалық);
  • жобалау;
  • ғылыми-зерттеу;
  • өндірістік-басқару;
  • ұйымдастыру-технологиялық;
  • бағдарлау-болжау;
  • ақпараттық - түсініктемелік;
  • коммуникативті-ынталандыру;
  • аналитикалық-бағалау.

Оқуды жалғастыру мүмкіндігі

Ғылыми қызметке бейімділік танытқан жаратылыстану ғылымдары кафедрасының түлектерінің  таңдаған мамандығы бойынша магистратурада оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар.

Қазіргі заманда көптілде білім алу тенденциялары орын алған, сондықтан студенттерді ағылшын тілінде оқыту өзекті болып тұр. Ол үшін біз  "Химия", "Жалпы және экологиялық химия" бағдарламаларымен қатар  үшінші, үш тілде білім беретін "Көптілді химия" бағдарламасын ұсынамыз. Бұл бағдарламаны меңгерген түлектер елімізде ашылып жатқан Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тиімді жұмыс істей алады.

Осыған байланысты 5В011200 – Химия  мамандығының білім беру бағдарламаларының мазмұны келесі траекторияларды меңгеруге бағытталған:

  • Химия
  • Көптілді химия
  • Жалпы және экологиялық химия

5В011200 – Химия мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны

Мамандарды дайындаудың оқу жоспары жалпы білім беруді, жалпы педаогикалық және арнайы дайындауды кеңінен қарастырады.

Бағдарламаның жалпы білім беру циклі келесі міндетті компоненттерден тұрады: Қазіргі Қазақстан тарихы, Философия, Қазақ (орыс) тілі, Шетел тілі, Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде), Кәсіби қазақ (орыс) тілі, Кәсіби-бағытталған шетел тілі.

Жалпы педагогикалық және психологиялық дайындау келесі пәндер арқылы жүзеге асырылады: Оқушылардың физиологиялық дамуы, Педагогика, Психология, Білім беру менеджменті, Критериалды бағалау технологиялары, Инклюзивті білім беру, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, Химияны оқыту әдістемесі.

Арнайы дайындау келесі пәндерде жүзеге асырылады: Сапалық анализ, Сандық анализ, Химиядан есептер шығару әдістемесі, Периодтық жүйе элементтері химиясы, Бейорганикалық химияның теориялық негіздері, Органикалық химияның теориялық негіздері, Ғылыми-техникалық ақпаратты іздеу әдістемесі, Компьютерлік химия, Химиялық экология, Мектепте химиялық экспериментті жүргізу әдістемесі, Зат құрылысы, Физикалық химия, Азық-түлік өнімдерінің анализі, Химиялық зерттеулердің физикалық әдістері, Химиялық технология.

Оқытудың қосымша түрлері: оқу, педагогикалық, өндірістік практикалар, дене шынықтыру.

Институт шеңберінде барлық мамандықтар бойынша ҰБТ/АКТ-ға дайындық курстары өткізіледі, мәліметтерді қабылдау бөлімінен алуға болады.

5В011200 - «Химия», 5В011300 - «Биология», 5В011600 - «География» мамандықтары үшін жаратылыстану ғылымдары кафедрасы бакалаврларды дайындауды қамтамасыз етеді 

Кафедра ұжымы – бұл  тәжірибелі оқытушылар, соның ішінде химия, биология, педагогика ғылымдарының кандидаттары,  география, биология ғылымдарының докторы, және жас магистрлер.

Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «Химия», «Биология», «География»  мамандықтары бойынша көптілді топтар оқиды және  сабақтар үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі.

Академиялық ұтқырлық бойынша біздің студенттер Қазақстанның ЖОО -да,  жақын және алыс шетелдерде білім алуда .

Кафедрада табысты жұмыс істейді:

  • биология және экология мәселелерінің ғылыми-зерттеу орталығы БЭМҒЗО, ғылыми жетекшісі: б.ғ.д., профессор Брагина Т.М.,  http://nic-peb.kspi.kz/ru/,
  • биоалуантүрлілік  зерттеу ғылыми орталығы (Пережогин Ю.В., Бородулина О.В., Курлов С.И., Баймагамбетова К.Т.) http://herbarium.kspi.kz/,
  • Қостанай облысының жаратылыстану тарихы мұражайы, жетекшісі: профессор Пережогин Ю.В.,
  • адам физиологиясы және экологиясының ғылыми-зерттеу орталығы (Суюндикова Ж.Т., Белан О.Р. ),
  • «Өлшеу құралдарын жасау және олардың дербес компьютермен интеграциясы» атты эксперименттік аумағы,
  • «Химияны оқыту әдістемесі мәселелерін зерттеу орталығы»,
  • Минералогиялық жинақ қоры бар зертхана,
  • «Саяхат» және «Бёрдвётчер» студенттік клубтары,
  • Сосновый бор орманындағы дала практикаларына арналған стационарлық базасы;
  • шетелдік әріптестермен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған стационарлық орталық (ГЭФ, Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры, АСБК) қарқынды жұмыс істейді.

Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметтеріне кафедрада көп көңіл бөледі.Студенттер Республикалық студенттетердің ғылыми-практикалық жұмыстарына, студенттік ғылыми - практикаларға, ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға, конкурстарға, жобаларға, стартаптарға  белсене қатысады.

  • ҚМПИ, ЖМФ, Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі к. б.н., доцент Г. А. Ручкина
  • Мекен-жайы: Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 118-үй, 712-кабинет
  • Телефон: 8 (7142) 54-25-89 (деканат), 54-24-09 іш 222 (жаратылыстану ғылымдары кафедрасы)
  • Телефондары қабылдау комиссиясы: 8 (7142) 54-28-49.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Білім беру бағдарламалары Бакалавриат 5B011200 - Химия