2020 жылдың 4-5 маусым аралығында Нигде Өмер Халисдемир университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразияұлттық университетінің басшылығымен Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында II.

Халықаралық түркі әлемі жаратылыстану және инженерлік ғылымдар конгресі (TURK-COSE 2020) ұйымдастырылады. TURK-COSE 2020 – ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, жаратылыстану және қолданбалы ғылымдар, физика және техникалық ғылымдар, құрылыс технологиялары және инжиниринг, көлік және энергетика салаларындағы заманауи ғылымға, инженерлік және технологиялық мәселелерді талқылауға бағытталған.

Конгрестің біріншісі 2019 - жылдың 17-18 маусымында Түркияның Нигде қаласында, Нигде Өмер Халисдемир университетінде ұйымдастырылған болатын.

TURK-COSE 2020 - әлемдегі ғалымдардың ғылым, техника және технология салаларында басын қосып, бүгінгі зерттеу нәтижелері мен идеяларын ұсынатын форум құруды мақсат етеді.

ақпаратты көшіру

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы және Қазақстан: тарихи жадының мәселелері» халықаралық қатысуымен өтетін республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференция 2020 жылдың 24 сәуірінде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетінде өтеді.

ақпаратты көшіру

Дене шынықтыру мұғалімдерін, ЖОО оқытушыларын, спорттық және туристік ұйымдардың мамандарын, магистранттар мен докторанттарды Ұлы Отан соғысының 75 жылдық Жеңісіне арналған «БІЛІМ БЕРУ, ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ, ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТТАҒЫ ИННОВАЦИЯ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз.

Конференция 2020 жылдың 24 сәуірінде Алматы қаласы Қазақ спорт және туризм академиясының базасында дене шынықтыру және спорт университеттері Халықаралық қауымдастығының қамқорлығымен өтеді.

ақпаратты көшіру

Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 2020 жылдың 17 сәуір күні «Шоқан оқулары–24» атты дәстүрлі халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясын өткізеді. Қатысуға магистранттар, докторанттар, жоғары мектеп оқытушылары, ғылыми қызметкерлер шақырылады.

ақпаратты көшіру

М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетісіздерді Қазақстан Республикасының ғылым күніне арналған «Ғылым мен өндірістің өзекті мәселері» атты студенттік Халықаралық ғылыми-тәжірибелікконференцияға қатысуға шақырады.

Конференция 2020 жылы 10 сәуірде М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде өтеді. Күндізгі және сырттай қатысуға болады.

Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілінде өткізіледі.

ақпаратты көшіру

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде 2020 жылдың 9-10 сәуірінде жас ғалымдар, PhD докторанттар, магистранттар мен студенттерге арналған «Жастар, ғылым және инновация» атты XVІ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Филологияның өзекті мәселелері;
  2. Ғылым, техника және технология: прогресс пен инновациялар;
  3. Қазіргі заманғы зерттеулер аясында ІТ-технологиялар және физика-математика ғылымдарының мәселелері;
  4. Әлеуметтік-гуманитарлық ғалымдар дамуының қазіргі мәселелері мен тенденциялары (философия, әлеуметтану, саясаттану, тарих, дінтану, мәдениеттану және т.б.);
  5. Педагогика, психология және оқыту технологиясының өзекті мәселелері;
  6. Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері;
  7. Ұлттық экономика, басқару және құқық мәселелері;
  8. Шығармашылық мамандықтардың даму мүмкіндіктері: қазіргі уақыт және перспективасы.

ақпаратты көшіру

Нархоз Университетінің «Туризм және сервис» ҒАД халықаралық ғылыми студенттік конференциясын ұйымдастырады.

Конференция 2020 жылдың 12-13 наурызында Алматы қаласы "Нархоз" университетінде өтеді.

ақпаратты көшіру

2019 жылы 12 желтоқсанда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақ халқының ХХ ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік дамуына, түркі халықтарының рухани бірлігін сақтауы мен мәдениетінің өркендеуіне, тәуелсіздік идеясын бастаған тұлғаларының бірі атақты ғалым, мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың туылғанына 125 жыл толуына орай, ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҰМЫТЫЛМАС ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРЫ атты халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді.

ақпаратты көшіру

«Сабақты зерттеу: Қазақстандық мектептердің тәжірибесі» аймақтық ғылыми-практикалық конференцияны өткізу ережесі.Өткізу орны: Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, Қостанай қ., Тәуелсіздік көшесі 118.Аудиториялар:А-201, А-203, А-205, Акт залы және рекреация Өткізу күні: 06-желтоқсан 2019 жылы.Конференцияның басталу уақыты: 10:30 сағатта.

ақпаратты көшіру

2019 жылдың 5 желтоқсан күні Академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің базасында университеттің негізін қалаушы академик З.Алдамжар мырзаны еске алуға арналған «Алдамжар оқулары-2019» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі.

ақпаратты көшіру

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Конференциялар