ҚМПИ студенттерінің ар-намыс кодексі

  • Студент Қазақстан Республикасының лайықты азаматы, таңдаған мамандығының кәсіби маманы болуға, өз бойында шығармашыл тұлғаның ең жақсы қасиеттерін дамытуға тырысады.
  • Студент үлкендерге құрметпен қарайды, айналасындағы адамдарға қатысты дөрекілікке жол бермейді, әлеуметтік қорғалмаған жандарға жанашырлық танытады және мүмкіндігінше оларға қамқорлық жасайды.
  • Студент мәдениет пен моральдің, әдептіліктің үлгісі, адамгершілікке жат қылықтарға және жыныстық, ұлттық немесе діни белгілер бойынша кемсітушілік көрсетуге жол бермейді.
  • Студент салауатты өмір салтын ұстанады және зиянды әдеттерден толықтай бас тартады.
  • Студент ЖОО дәстүрлерін құрметтейді, оның мүлкін сақтайды, студенттер Үйінде тәртіп пен тазалықты қадағалайды.
  • Студент шығармашылық белсенділікке (ғылыми – білім берушілік, спорттық, көркемдік т.с.с), ЖОО имиджі мен ұжымдық мәдениетті көтеруге бағытталған барлық қызметті қажетті және пайдалы деп таниды.
  • Институттың қабырғасынан тыс уақытта студент әркез жоғары мектептің өкілі екендігін есте сақтау керек және оның абырой мен атағын түсірмеу үшін бар күшін салады.
  • Студент академиялық жауапсыздықтың барлық түрлерімен күресуді өзінің міндеті деп санайды, солардың ішінде: көшіру және білімді бақылау рәсімін өткенде басқа тұлғаларға жүгіну, көлемі бойынша кез келген дайын оқу материалдарын ұсыну (реферат, курстық жұмыс, бақылау жұмысы, дипломдық және басқа жұмыстар); Интернет-ресурстарын және өз еңбегінің нәтижесін қосқанда, жоғары баға алу үшін туыстық және қызметтік қатынастарды қолдану; дәлелді себептерсіз оқу сабақтарынан қалу және кешігу.
  • Студент барлық аталған академиялық жауапсыздықты Қазақстанның басқару, саяси, болашақ экономикалық орнының лайықты қалыптасуына және сапалы және бәсекеге қабілетті білімді алуымен үйлесімсіз деп қарастырады.
  • Студент Қазақстанның болашақ экономикалық, саяси, басқарушылық дегдарларға лайықты сапалы және бәсекеге қабілетті білімді алумен барлық аталған академиялық жауапсыздықты үйлесімсіз деп қарастырады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная ҚМПУ студенттерінің ар-намыс кодексі