ҚМПИ оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған ұжымдық әдептілік кодексі

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған Ұжымдық әдептілік кодексі «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», ЖОО-ның Жарғысы мен жалпы қабылданған моральдық-этикалық стандарттарға сәйкес әзірленді.

Кодексте ЖОО студенттері мен қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын этикалық принциптер бекітілген.

Кодекс жалпы танылған адамгершілік құндылықтарға, адам құқықтарының басымдықтарына, азаматтық қоғамның демократиялық идеяларына негізделген қатынастарды реттейді.

Кодекс келесі принциптерге негізделген:

  • толеранттылық;
  • ұжымдасушылық;
  • академиялық адалдық;
  • ұжымдық ынтымақтастық.

Кодекстің мақсаты ЖОО-да өзара құрмет, ізгілік, ғылыми және шығармашылық ынтымақтастық орнату болып табылады.

Кодекстің міндеттері:

  • жеке тұлғаның зияткерлік, мәдени және адамгершілік дамуын қамтамасыз ету;
  • ұжымның әрбір мүшесінің құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
  • ЖОО ұжымында қолайлы моральдік-психологиялық климатты қамтамасыз ету;  
  • қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.

Бап 1

Жоғары оқу орны қызметкерлерінің міндеттері

  • жоғары оқу орны имиджі мен іс-әрекетіне қайшылық көрсететін жағдайларға қарсы тұру;
  • жемқорлық тудыратын жағдайларға, жемқорлықтың барлық түрлеріне қарсы тұру;
  • мемлекет меншігіне ұқыпты қарау, оны ұқыпты және тиімді пайдалану;
  • жалпы моральді-этикалық нормаларды ұстану;
  • ұлтаралық келісімді нығайту, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халықтарының салт-дәстүріне құрметпен қарау;
  • еңбек тәртібін қатаң ұстану, өз қызметтік міндетін тиімді және адал орындау;
  • бір-бірін негізсіз кінәламау, дөрекілік көрсетпей, адамгершілік қасиетін қорламау;
  • өз қарамағындағы қызметкерлерді жалпы моральді-этикалық нормаларға қайшы келетін заңсыз әрекеттерге итермелемеу;
  • қызметтік міндеттерді орындау барысында белгілі болған мәліметтерді сыртқа таратпау;
  • жоғары оқу орны қызметкерлерінің сырт келбетіне лайықты принципті ұстану;
  • жұмыстан тыс уақытта жалпы этикалық тәртіпті ұстану, қоғамдық заңдылықтарды бұзбау.

2 бап

Профессорлық-оқытушылар ұжымның міндеттері

  • ұжымдағы іскерлік мәдени қарым-қатынасты қалыптастыру және қолдау;
  • моральді-психологиялық қолайлы жағдай жасау;
  • даулы мәселелерді шешуде әдептілікті сақтау;
  • ЖОО-ның беделін қолдау және нығайту;
  • кәсіби шеберлігін жоғарылату;
  • ғылыми және кәсіби этиканы ұстану;
  • адамдық қасиеттерді қорлауға, жалған сөзге, дөрекілікке, моральдық іс-әрекеттерге, дәлелсіз айыптауға жол бермеу.

3 бап

Студенттердің міндеттері

  • ЖОО -ның қызметкерлері мен білім алушыларына дұрыс қарым-қатынаста болу;
  • ЖОО -ның беделін нығайту және қолдау;
  • білім берудегі пәндерді ұстану;
  • салауатты өмір салтын ұстану;
  • ЖОО -ның дәстүрін сақтау;
  • ЖОО -ның мүлкін және тазалық, тәртібін сақтауды қолдау;
  • даулы мәселелерде принциптерге бағыну;
  • аморальді сипаттағы іс – әрекеттерге, дөрекілік фактілерге, физикалық зорлық – зомбылыққа, жалған сөзге, адамның қадір – қасиеттерін қорлауға жол бермеу;
  • қарым – қатынаста бір – біріне толеранттық принципті ұстану.

4 бап

Оқу-көмекші және қызмет көрсетуші персоналдың міндеттері

  • ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық климатты қолдау;
  • даулы мәселелерді шешуде әдептілік сақтау;
  • іскерлік қатынас этикасын ұстану;
  • мүлікті қорғау, ЖОО -да тазалық пен тәртіпті қадағалау.

5 бап

Академиялық еркіндікті қамтамасыз ету

Ғылыми сын мен полемиканы табиғи академиялық қатынас ретінде қабылдау, ғылыми оппоненттердің пікірлеріне құрметпен қарау.

  • Біз Кодексті сақтау мен айтылған базалық принциптерді жүзеге асыру жауапкершілігін өз мойнымызға аламыз. Біздің ЖОО-ны Қазақстанның жоғары білім элитасын құрайтын және адамгершілікті-интеллектуалды күштің үлгісі болуы үшін біз аянбай белсенділігімізді танытатын боламыз.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная ҚМПУ оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған ұжымдық әдептілік кодексі