2017 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Бағдарламалық мақаласын іске асыру іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА» атты студенттердің аймақтық конференциясын өткізеді.

Конференцияға қатысу үшін қарастырылатын мәселелер бойынша қызығушылық білдіретін Қостанай қаласы, Қостанай облысының жоғары оқу орындарының студенттері шақырылады.

Конференция қорытындысы бойынша конференцияның мақалалар жинағы Pdf форматта жарияланады.

Ақпаратты хатты мына жерден көруге болады

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 2017 жылдың 12 шілде сағат 11.00-де институт негізінде шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты» бақылау кеңесінің отырысы өтетінін хабарлайды. Өтетін орны: ҚМПИ, Қостанай қ., Тәуелсіздік к., 118, 1 қабат, конференц-зал.

2017 жылғы мамыр мен қараша аралығында Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурсы өтеді. Конкурстың құрылтайшысы – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Конкурс отандық зерттеушілер мен жастардың ғылыми-сарапшылық әлеуетін тарту арқылы этносаяси және этноәлеуметтік ахуалды жетілдіру мақсатында өткізіледі.

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» ММ атынан, Оператор – «Ғылым Қоры» АҚ, 2017 жылға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру туралы конкурстың өткізілетінін хабарлайды. Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ Ғылым комитетінің (www.sc.edu.gov.kz) және «Ғылым Қоры» АҚ (www.science-fund.kz) сайттарында орналастырылған. Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді беру туралы сұрақтар бойынша кеңесті келесі телефондар бойынша алуға болады: 8(7172) 76-85-78; 26-63-59. (e-mail: ), және халықаралық байланыстар және ғылым бөлімде (114 каб., ішкі. тел.135).

2017 жылдың 25 мамырында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер орталығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашаршылық құрбандары мен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «1920-1950 жж. Қазақстан мен Батыс Сібірдегі жаппай саяси қуғын-сүргін тарихындағы жаңа есімдер мен фактілер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

2017-2018 оқу жылына академиялық ұтқырлық аясында шетелде оқуға  бірінші жартыжылдыққа студенттер арасында конкурс жарияланады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы 02 ақпандағы №47 бұйрығына сәйкес, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 2017 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап бір семестр бойы академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде шетелдердің жоғары оқу орындарына оқуға жіберілетін студенттерінің саны бекітілді. Еуропалық Кеңес мүшелері – 6 адам.

Сіздерді ақпаратты-кітапхана орталығына 2017 жылдың сәуір айында өтетін іс – шараларға қатысуға шақырамыз

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 2017 жылдың 30 наурызында сағат 18.00-де институт негізінде Байқау кеңесінің отырысы өтетінін хабарлайды. Өтетін орны: ҚМПИ, Қостанай қ., Таран к., 118, 1 қабат, конференц-зал.

2017 жылдың 29 наурызда талапкерлерді, түлектерді, мектеп оқушыларын, колледж студенттерін, басқа ЖОО-ның және жалпы, ҚМПИ-на оқуға ауысқысы келетін студенттерді, ата-аналар қауымын Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Ашық есік күніне шақырамыз!

2017 жылдың 29 наурызда талапкерлерді, түлектерді, мектеп оқушыларын, колледж студенттерін, басқа ЖОО-ның және жалпы, ҚМПИ-на оқуға ауысқысы келетін студенттерді, ата-аналар қауымын Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Ашық есік күніне шақырамыз!

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 2017 жылдың 18 наурызында сағат 12.00-де институт негізінде Байқау кеңесінің отырысы өтетінін хабарлайды. Өтетін орны: ҚМПИ, Қостанай қ., Таран к., 118, 1 қабат, конференц-зал.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Анонстар