Ақпаратты – кітапхана орталығы Сіздерді «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай «Қазақстан тәуелсіз ел, қанатын жайған әлемге» атты шығармашылық жинағының шығаруылына қатысуға шақырамыз. Өз шығармашылығыңызды электронды нұсқасын 15 қарашаға дейін университеттің кітапханасына тапсыруыңызды сұраймыз. (123 каб). Ұйымдастыру комитеті, ҚМПУ ақпараттық–кітапхана орталығы, Байланыс телефоны: 21-11-91, e-mail:

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2018» атағын беру үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі конкурс жариялайды. Құжаттар ағымдағы жылдың 8 және 17 қарашасы аралығында қабылданады. Конкурс «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 502 бұйрығы бойынша «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беруге үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштеріне» сәйкес жыл сайын 2 кезең бойынша өткізіледі.

2018 жылдың 23 қарашасында педагогика кафедрасы Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Адами капиталды дамыту контекстіндегі білімнің рөлі» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Конференция жұмысының негізгі бағыттары: мағжан Жұмабаевтың ағартушылық идеяларының қазіргі білім беру жүйесімен үндестіг, рухани құндылықтарды қалыптастырудың негізгі шарты тәрбиеші-педагог шеберлігі, білім беру тәжірибесіндегі инновациялық тәсілдер.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесе отырып «Тұрақты даму мүдделерінде үздіксіз білім беру: жаңа сын-тегеуріндер» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының 2-кезеңін өткізеді. Қатысушылар: Қазақстан және ТМД-ның басқа мемлекеттерінің, сондай-ақ алыс шетел ЖОО-лары мен колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдері.

2018 жылы ақпараттық кітапхана орталығында QR-кодының сілтемесін қолданатын электронды кітапхананың стендін құруға байланысты жоба жүзеге асырылды. Ашық қол жеткізілетін 18 кітапхана және университет репозиторийі берілген контентке кіреді. Бұл стенд ақпараттық кітапхана орталығының әмбебап оқу залында орналасқан. Ақпараттық стендте қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпаратты қолданудың егжей-тегжейлі алгоритмі бар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі -Бағдарлама) аясында мәлімдейді.

«Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» - «Серпін» жобасына қатысушылар қатарындағы және белгіленген квота шеңберінде (квота бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан 10% мөлшерінде білім ұйымына оқуға түсу кезінде белгіленеді) өңірлерде оқып жатқан ауыл жастарының қатарындағы түлектер ағымдағы жылдан өңіраралық қоныс аударуға қатысушыларға жатады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесінің» 7 тармағына сай «Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті» ШЖҚ РМК Ғылыми кеңесі 07.00.00 - Тарих мамандығы бойынша «Қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағына ізденуші оқу-әдістемелік басқарма бастығы, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Наурызбаева Эльмира Кенжегалиевнаның құжаттарын орналастырады.

Сілтеме:

Көрнекті ақын, жазушы, аудармашы, әдебиет зерттеушісі, қоғам қайраткері Қайнекей Жармағанбетовтың 100 жылдығына орай 2018 жылдың 03 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы. «Ұлттық рухани құндылық: қазіргі замандағы көркем сөздің жан дүниені жаңартудағы ықпалы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті 2018-2019 оқу жылында 6М010300-педагогика және психология мамандығы бойынша магистратураға қабылдау жүргізетінін хабарлайды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Анонстар