Назар аударыңыз! Құрметті студенттер мен оқытушылар! 2019 жылғы 17 сәуірде Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтеді. Барлық 3 және 4 курс студенттерін шақырамыз.

Ақпараттық кітапхана орталығының оқырман залында «Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті: тарих және қазіргі заман» атты кітап көрмесі ашылды. Экспозиция Қазақстанның солтүстік өңірінің алдыңғы қатарлы педагогикалық жоғары оқу орындарының бірінің 80 жылдық мерейтойына арналған. Университет тарихы – Қостанай облысының жоғары педагогикалық білім беруді дамытудың бастауында тұрған талантты және жанкешті оқытушылардың, қызметкерлердің өмірі мен шығармашылығы. Жоғары оқу орнының дәстүрі, атақты түлектер туралы көрмеде орналастырылған басылымдар баяндайды. Мұнда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 1958, 1959,1961 жж. жарық көрген "ғалымдардың жазбалары" алғашқы басылымдарымен танысуға болады.

Сен ақылды, жас, дарындысың ба?

Өршіл, кретивті және біздің қоғамымызды жақсы орынға жеткізетін жобалар идеяларына толысың ба?

Қайдан бастау керек екенін білмейсің бе?

U – SMART Бизнес – инкубаторына кел (202-203 каб., 87479186756)!

Біз сенің идеяңды іске асыруға көмектесеміз!

2019 жылы 28 наурызда студенттер, магистранттар, жаспедагогтар мен ғалымдарды Ө.Сұлтанғазинатындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің 80 жылдығына арналған "Жасұрпақтың ғылым мен білімдегі миссиясы: дәстүрлері, инновациялары" атты аймақтық студенттік ғылыми-практикалық конференция ғақатысуға шақырамыз. Конференцияның мақсаты: Қазақстан Республикасы азаматтарын жас ұрпақтың инновациялық әлеуетін практикалық түрде жүзеге асыру үшін жағдай жасау және дамытуға ынталандыру. Конференцияға Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасы жетекшілік етеді.

Құрметті студенттер! «Бір ел – бір кітап» ұлттық акция аясында кітап оқуға шақырамыз: Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы, Ә. Тәжібаевтің Лирикалық өлеңдері. Ақпараттық кітапхана орталығына жүгініңіздер.

Сырттай кезеңнен өту үшін байқауға қатысушылар ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттар мен материалдарды жіберу қажет: конкурсқа қатысуға өтінім; портфолио (қағаз және электронды түрде); ғылыми хатшы растаған жарияланымдар тізімі; дипломдардың, сертификаттардың және Конкурсқа қатысушының жетістіктері туралы куәландыратын басқа да құжаттардың көшірмелері. Құжаттарды қабылдау 2018 жылғы 1 қазаннан бастап 2019 жылғы 1 ақпанға дейін жүзеге асырылады.

Ақпараттық-кітапхана орталығының оқу залында Қазақстан жастары жылына арналған «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сіздерді көрмеге келіп «Интеллектуалды ұлт», «Жас көшбасшылар», «Жастар әлемді өзгертеді» бөлімдеріндегі ұсынылған әдебиеттермен танысуға шақырамыз. Көрме мұғалімдерге, студенттерге, сондай-ақ еліміздегі жастар саясаты мәселелеріне қызығушылық танытатын кез келген оқырманға қызықты болады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті ҚМПУ-дың 80 жылдығына және университетке физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Сұлтанғазин Өмірзақ Махмұтұлының есімі берілуіне орай «Сұлтанғазин оқулары» І халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің 80 жылдығына арналған алтынсарин оқулары «Білім беру машықтануының сапасын жоғарлатудың өзекті мәселелері»

  • Өтетін уақыты: 01 ақпан 2019 ж.
  • Өтетін орны : Қостанай қ., Тәуелсіздік көш. 118, конференц-зал

ақпаратты көшіру

2018 жылғы 30 қарашада сағат 17.00 мақсаты халыққа құқықтық мәселелер бойынша тегін білікті заң көмегін көрсету болып табылатын  «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясын өткізу жоспарлануда.

Акцияға жергілікті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, үкіметтік емес ұйымдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және атқарушы органдардың заң қызметтерінің өкілдері қатысады.

Акцияны өткізу орны: Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 28, 2 корпус.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Анонстар