Ақпараттық-кітапхана орталығы 2019 жылдың 1 қазан күнінен бастап ИНФРА-М компаниялар тобына тестілік қолжетімділік мүмкіндігін ұсынады. ИНФРА-М –  бұл он ресейлік баспаларды біріктіретін, ғылыми және оқу әдебиеттерін басып шығаруға және таратуға маманданған академиялық кітап әлеміндегі ірі холдинг. Мұнда жоғары және орта кәсіптік білім беруге арналған оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, анықтамалықтар мен энциклопедиялар шығарылады. Баспаның ассортименті үнемі толықтырылып, ғылым мен білімнің барлық салаларын қамтиды. Электронды адрес: https://infra-m.ru/

Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті (110000, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 118, кадрлар бөлімі, № 112 кабинет, анықтама телефоны 53-11-72) профессор – оқытушылар құрамының келесі лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды: Қауымдастырылған профессор (доцент): филология департаменті (қазақ тілі мен әдебиетін оқыту) – 1.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы бойынша шыққан 30 атаулы кітап, университет кітапханасының қорын толықтырылды. Оқулықтар туралы толығырақ кітапханадан немесе университеттің веб-сайтындағы «100 жаңа кітап» https://www.kspi.kz/kz/100-books бөлімінен көруге ​​болады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі  - ҚР БҒМ) ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша («Мәңгілік ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер; Энергетика және машина жасау; Табиғи, оның ішінде су ресурстарын тиімді пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен құрылымдар; Өмір және деңсаулық туралы ғылымдар; Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулер; Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы және ауылшаруашылық өнімнің қауіпсіздігі; Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және Конкурстық құжаттамаға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Ақпараттық-кітапхана орталығының оқу залында "Кітапхана–Баспа–жоғары оқу орны: өзара іс–қимылдың шегі" атты жаңа әдебиеттер көрме-шолуы ұйымдастырылды. Көрмеде мамандандырылған оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер ұсынылды. Кітаптармен танысуға шақырамыз!

Анықтама-библиографиялық және ақпараттық бөлімі Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің 80 жылдығына арналған ретроспективті «Оқытушылардың ғылыми еңбектерінің библиографиялық көрсеткіші (2015 – 2019)», шығарды. Басылым бұрын шыққан көрсеткіштердің жалғасы болып табылады (1973, 1980,1999,2004, 2009, 2014 жж.).

Көрсеткішке: монографиялар, оқу-әдістемелік құралдар, халықаралық, республикалық конференциялар материалдары, ғылыми журналдардан мақалалар енгізілген. Басылымдар қазақ, орыс және шетел тілдерінде енгізілген. Көрсеткіш ғылыми қызметкерлерге, оқытушылар мен студенттерге арналған.

Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті (110000, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 118, кадрлар бөлімі, № 112 кабинет, анықтама телефоны 53-11-72) профессор – оқытушылар құрамының келесі лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды: Кафедра меңгерушілері: Қазақстан тарихы–1;қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері–1; физика-математикалық пәндер–1;информатика, роботехника және компьютерлік технологиялар–1; жаратылыстану ғылымдары–1. Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі бар және ғылыми- педагогикалық қызметінде жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес болуы тиіс. Кафедра профессорлары: Қазақстан тарихы – 4;жаратылыстану ғылымдары-1.

Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы Университетіміздің 80 жылдығына және ҚМПУ-ға физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Сұлтанғазин Өмірзақ Махмұтұлының есімі берілуіне орай өткізіліп отырған «Сұлтанғазин оқулары» І халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының бағдарламасы өзгергенін хабарлайды.

2019 жылы 17 мамырда университеттің 80 жылдығына және ҚМПУ-ға физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Сұлтанғазин Өмірзақ Махмұтұлының есімі берілуіне арналған «Сұлтанғазин оқулары» І халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі.

Конференцияның өткізілу барысында білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін зерттеумен айналысатын ғалымдар, практик-мамандардың қатысуы жоспарланып отыр.

Конференция бағдарламасын жүктеу

Сіздердің баяндамаларыңыз университетіміздің 80-жылдығына және ҚМПУ-ға ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы Сұлтанғазин Өмірзақ Махмұтұлының есімі берілуіне арналған «Сұлтанғазин оқулары» I-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдарында жариялануға қабылданғанын хабарлаймыз. Сіздерді 2019 жылы 17 мамырда Қостанай қаласы (Қазақстан), Тәуелсіздік көшесі 118 мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің (ҚМПУ) ғимаратында өтетін конференцияға қатысуға шақырамыз.

ақпаратты көшіру

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Анонстар