"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2019" атағын беру конкурсын өткізу туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2019" атағын беру конкурсын жариялады. Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 28 қазаннан 1 қарашаға дейін жүзеге асырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген (Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 15 тамызының № 502 бұйрығымен өзгертулер енгізілуімен) "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларына сәйкес жыл сайын екі кезеңде өткізіледі.

Бірінші жоғары оқу орнының ішкі кезеңі ағымдағы жылдың қазан айында өткізіледі, оның өткізілу тәртібін ЖОО өзі анықтайды.Конкурстың нәтижелері бойынша Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-дың Ғылыми Кеңесінің шешімімен қорытынды кезеңге қатысу үшін үміткерлердің толық тізімі бекітіледі.

http://edu.gov.kz/kz/grazhdanam/detail.php?ELEMENT_ID=12199

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Анонстар "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2019" атағын беру конкурсын өткізу туралы»