Хабарландыру

Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті (110000, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 118, кадрлар бөлімі, № 112 кабинет, анықтама телефоны 53-11-72) профессор – оқытушылар құрамының келесі лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

  1.  Қауымдастырылған профессор (доцент): филология департаменті (қазақ тілі мен әдебиетін оқыту) – 1.

Біліктілік талаптары: жоғары кәсіби білім, келесі талаптардың біріне сәйкестігі:

  • доцент (аға ғылыми қызметкер), кафедраның / білім беру бағдарламасының бейіні бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесі болуы тиіс;
  • ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес (оның ішінде ЖОО-да кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс), соңғы үш жылда шығарылған ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстары болуы тиіс;
  • ЖОО-дағы педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстарының болуы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі пайдалануға ұсынған оқулықтың (оқу құралының) жеке авторы немесе жоғары оқу орындары үшін екі және одан да көп оқулықтардың (оқу құралдарының) бірлескен авторы болу тиіс;
  • жоғары оқу орнына педагогикалық қызметке жоғары білікті маман болуға, кафедра/білім беру бағдарламасының бейіні бойынша кемінде он жыл практикалық жұмыс өтілі бар, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары бар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі пайдалануға ұсынған жоғары оқу орындары үшін оқулықтың (оқу құралының) жеке авторы немесе екі немесе одан да көп оқулықтың (оқу құралдарының) бірлескен авторы болуға тиіс.

Аға оқытушылар: филология департаменті (қазақ тілі мен әдебиетін оқыту) –3.

Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және  

келесі талаптардың біріне сәйкестігі:

  • ғылым кандидаттары үшін - жоғары оқу орындарында кемінде бір жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілінің болуы, білім беру бағдарламасының/кафедраның бейініне сәйкес келетін кемінде екі оқу-әдістемелік жұмыстың авторы (бірлескен авторлықта) болуы, білім беру бағдарламасының/кафедраның бейініне сәйкес келетін үш ғылыми жұмыстың авторы (тең авторы) болуы, профессор-оқытушылар құрамының жыл сайынғы ғылыми сессияларына қатысуы;
  • ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі жоқ жоғары білікті мамандар үшін-жоғары оқу орындарында кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі және / немесе тиісті құжаттармен расталған он жылдан кем емес табысты педагогикалық қызмет өтілі болуы, кафедра/білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін кемінде екі оқу-әдістемелік жұмыстың авторы (бірлескен авторлықта), білім беру бағдарламасының/кафедраның бейініне сәйкес келетін үш ғылыми жұмыстың авторы (бірлескен авторлықта) болуы, профессор-оқытушылар құрамының жыл сайынғы ғылыми сессияларына қатысуы.

Өтініштерді беру мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап отыз күнпарақ күнінен кешіктірмей қабылданады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Анонстар Хабарландыру