Назар аударыңыздар! ҚМПУ жас оқытушыларының сайысына қатысу үшін қүжаттарды қабылдау 01.02.2019 аяқталады

Сырттай кезеңнен өту үшін байқауға қатысушылар ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттар мен материалдарды жіберу қажет:

  • конкурсқа қатысуға өтінім;
  • портфолио (қағаз және электронды түрде)
  • ғылыми хатшы растаған жарияланымдар тізімі
  • дипломдардың, сертификаттардың және Конкурсқа қатысушының жетістіктері туралы куәландыратын басқа да құжаттардың көшірмелері

Құжаттарды қабылдау 2018 жылғы 1 қазаннан бастап 2019 жылғы 1 ақпанға дейін жүзеге асырылады.

Қатысушы портфолиосының құрылым үлгісі

1 Титул парағы

  • Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты
  • Туған күні
  • Кафедра, тәлімгердің аты-жөні
  • Құжаттар мен материалдар ұсынылған кезең

2 Мазмұны

3 Жалпы мәліметтер

Білімі және біліктілігін арттыру туралы мәліметтер

  • а) білімі: бакалавриат, магистратура

Оқу орнын, алған мамандығы мен біліктілігін, оқу мерзімін көрсету

  • б) біліктілікті арттыру немесе қосымша білім алу

Оқу орнын немесе біліктілікті арттыру нысанын, ұйымдастыруды, оқу мерзімін, алынған құжаттың түрін көрсету

Еңбек қызметі туралы мәліметтер

Жалпы еңбек өтілі

Педагогикалық өтілі

4 Оқу-әдістемелік жұмыс және оның нәтижелілігі

  • оқытатын пәндері, заманауи білім беру технологияларын қолдану,
  • жеке технологиялар мен әдістемелерді әзірлеу және іске асыру, ашық сабақтар;
  • мектептермен және басқа да білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл түрлері;
  • мастер - кластар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, семинарлар және т. б. өткізуге қатысу.

5 Ғылыми-зерттеу жұмысы және оның нәтижелілігі

  • Ғылыми жұмыс, жоба тақырыбы, студенттердің ғылыми жұмысына басшылық жасау, жетістіктері

6 Тәрбие жұмысы және оның нәтижелілігі

  • Кураторлық жұмыс, әлеуметтік жобалар, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру

7 Әртүрлі

Байланыс тел. : 223
Абдыкаликова К.А., Важева Н.В.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Анонстар Назар аударыңыздар! ҚМПУ жас оқытушыларының сайысына қатысу үшін қүжаттарды қабылдау 01.02.2019 аяқталады