ҚМПУ 2018-2019 оқу жылында 6М010300-педагогика және психология мамандығы бойынша магистратураға қабылдау жүргізетінін хабарлайды

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті 2018-2019 оқу жылында 6М010300-педагогика және психология мамандығы бойынша магистратураға қабылдау жүргізетінін хабарлайды.

Магистранттарды даярлау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

  • ғылыми-педагогикалық бағыт (оқу мерзімі - 2 жыл). Оқу аяқталғаннан кейін жоғары оқу орындарында сабақ беру және барлық деңгейдегі білім мекемелерінде қызмет ету құқығын бере отырып, «6M010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі» дәрежесі беріледі.
  • профильдік бағыт (оқу мерзімі - 1 жыл). Оқуды аяқтағаннан кейін түлекке барлық деңгейдегі білім мекемелерінде қызмет ету құқығын бере отырып, «6M010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша білім беру магистрі» дәрежесі беріледі.

Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Оқу үдерісі тек күндізгі түрі арқылы жүргізіледі. Магистратураға жоғары білімі бар тұлғалар қабылданады.

Азаматтарды қабылдау келісім шарт негізде кәсіпорындар, ұйымдар, қорлар немесе азаматтардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Магистратураға азаматтарды қабылдау «Шетел тілі», «Мамандық бойынша» емтихандарының нәтижелері бойынша жүргізіледі:. Әрбір емтихан 100 - баллдық жүйемен бағаланады.

Емтихан мамандық бойынша алдыңғы білім деңгейлеріне (бакалавриат, мамандық) сәйкес келесі пәндер бойынша кешенді тестілеу түрінде жүргізіледі: «Жалпы педагогика» және «Жалпы психология»

Оқуға қабылдаудың кешенді емтихан бағдарламасы, сондай-ақ оның өткізілу тәртібі Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің kspi.kz сайтында орналастырылған.

Магистратураға түсу және құжаттарды қабылдау мерзімі туралы сұрақтар бойынша Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің қабылдау комиссиясымен байланысуға болады.

Магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасыемтиханның бағдарламасы

Мекен жайымыз: Қостанай қ., Тәуелсіздік к., 118, 8 (7142) 54-28-49 - қабылдау комиссиясы, Мнайдарова Светлана Сейтжановна

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Анонстар ҚМПУ 2018-2019 оқу жылында 6М010300-педагогика және психология мамандығы бойынша магистратураға қабылдау жүргізетінін хабарлайды