Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурсы

2017 жылғы мамыр мен қараша аралығында Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурсы өтеді.

Конкурстың құрылтайшысы – Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Конкурс отандық зерттеушілер мен жастардың ғылыми-сарапшылық әлеуетін тарту арқылы этносаяси және этноәлеуметтік ахуалды жетілдіру мақсатында өткізіледі.

Конкурстың тақырыптық бағыттары:

  • Қазақстан халқы Ассамблеясы татулық, қоғамдық келісім мен бірлік институты ретінде;
  • Қазақстандық бірегейлік: құндылықтық негіздер мен нығайту жолдары;
  • «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы: бастаулардан болашаққа;
  • Мемлекеттік рәміздердің қабылдануының 25 жылдығы;
  • Елордасы Астананың 20 жылдығы;
  • Қазақстанның жаңғыруы: жаңа технологиялық тәртіп және отансүйгіштік.

Конкурсқа ізденуші ретінде қоғам қайраткерлері, ғалымдар, сондай-ақ 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының докторанттары мен қызметкерлері, ғылыми-сарапшылық қауымдастықтардың өкілдері қатыса алады.

Конкурсқа бір автор немесе авторлық ұжым әзірлеген жобалар қатыса алады. Егер конкурсқа саны екі адамнан көп авторлар ұжымы әзірлеген жоба ұсынылған жағдайда ізденуші ретінде авторлық ұжымның жетекшісі көрсетіледі. Әрбір ізденуші тек бір өтінім бере алады. Бір ізденушінің екі және одан көп өтінімде бірлескен авторлығына рұқсат етілмейді.

Байқау туралы Ереже

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Анонстар Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурсы