«Математика, оны қолдану және оқыту»

Сіздерді «Математика, оны қолдану және оқыту» халықаралық ғылыми конференция жұмысына қатысуға шақырады. Конференция 2012 жылдың 9 және 10 қараша айында Қостанай қ. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында өтеді.
Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, жоғары оқу орындарының және арнайы оқу орындарының оқытушылары, мектеп мұғалімдері шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияның бағдарлама бағыттары келесі секциялармен анықталған:
1. Математиканың заманауи сұрақтары.
2. Математикалық әдістерді әртүрлі ғылым және тәжірибе сфераларында қолдану.
3. Математиканы мектептерде және жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесі.

Конференцияға қатысу мәлімдемелерді мен баяндамалар мәтіндерінің басылған және электронды нұсқалары 2012 жылдың 15-шы қазанына дейін қабылданады.
Конференция материалдары жинағы басылымының ұйымдық жарнасы - 2000 тенге. Конференцияға қатысуға байланысты шығындар қатысушылар есебінен.

Банк реквизиттері:

ҚМПИ, Қостанай қ, Таран көш, 118
КФ АО «БТА банк»( Аль-Фараби көш., 114),
ИИК (р/с) KZ61319M010000393804,
(МФО) ABKZKZKX (кбе 16, КНП 861),
РНН 391700223560,
БИН 040340005711
Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекен - жайы: 110000, Қазақстан республикасы, Қостанай қ., Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Таран көш. 118., жоғары математика кафедрасы, 733 каб.
Үйлестірушілер: Мусабекова Майра Мурзабековна, 87016088060, Утина Римма Кажихановна, 87013272686, , жоғары математика кафедрасы. (7142)54-24-09, 54-25-49 (220 қосу),

Баяндамаларды көркемдеуге қойылатын талаптар
Көлемі 7 беттік баяндама мәтіндері MicrosoftWord 2003 немесе 2007 мәтіндік редакторында. А4 форматы, Times New Roman әрпімен терілуі тиіс. Жоларалық интервал –1, символ көлемі -14pt, жиектері: жоғары және төменгі -20 мм, оң -20мм, сол - 30мм. Жоғары жағында бас әріптермен баяндаманың атауы, одан төмен, бір жол кейін шегеріліп 2 интервалдан соң бас әріптермен автордың аты-жөні, елі, жұмыс орны, одан төмен, бір жол кейін шегеріліп 2 интервалдан соң азат жолдан мәтін теріледі, беттер нөмерленбейді. Түйіндеме (екі тілде).

Конференцияға қатысуға мәлімдеме:
1. Аты-жөні
2. Ғылыми дәрежесі, атағы
3. Ұйымның атауы, қызметі
4. Баяндаманың атауы
5. Мекен-жайы, телефон/факс, е-mail
6. Секции атауы
7. Қатысы нысаны (секцияда баяндамамен қатысу, материлдарды басу).
 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Анонстар «Математика, оны қолдану және оқыту»