Қазіргі әлемдегі мәдениеттер тоғысы және көптілді білім

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, ҚР Франция елшілігінің Мәдениет және білім бөлімінің қатысуымен Қостанай Француз мәдениет орталығы 2013 жылы 24 қазанда ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ МӘДЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты: шетел білімінің болашағын және қазіргі күндегі ахуалын нәтижелі талқылау; ғылыми және іскерлік байланыстарды орнату; шетел білімі саласында бірлескен жобаларды құру.Конференция аясында келесі секция жұмыстары жоспарлануда:
1. Көпмәдениетті қоғам жағдайында отан сүйгіштікке тәрбилеу мен оқытудың өзекті аспектілері.
2. Үштілділік негізінде көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру.
3. Алғашқы тілдік және шеттілдік білім: мәселелері және болашағы.
4. Шеттілдік білімдегі мәдениетаралық аспектілер.
5. Елдің тарихи мен мәдениеті шеттілдік білімде үйрену пәні ретінде.
6. Көптілдік және көпмәдениеттілік қоғамда гуманитарлық пәндерді оқыту мен үйренудің өзекті проблемалары.
7. Көптілдік және көпмәдениеттілікті қалыптастыруда туризмнің орны мен рөлі.

Коференцияға қатысуға білім саласының, мәдениет және туризм қызметкерлері,зерттеушілер, аспиранттар, ізденушілер, магистранттар, студенттер шақырылады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс.
Материал жинағы баспадан конференция алдында шығуға жоспарланған. Материал 2013 жылдың 20 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Баяндамаларды ресімдеу тәртібі:

Баяндамалардың мәтіндері Microsoft Word мәтіндік редакторында RTF форматында, Times New Roman қаріпінде, жоларалық интервалы – 1 см., таңба өлшемі - 12, сол өрісі - 2 см., қалған барлық өрістер - 1,5 см., жоғарыда бас әріптермен қою жазумен, төменірек жолдың ортасына 1 интервалда - автордың аты-жөні; келесі жолда- автор жұмыс істейтін мекенінің атауы, қаласы, елі, кейін төменде 2 интервалда - жаңа жолдан мәтін жазылады. Мәтінге суреттер мен кестелерді қосуға болады. Суреттердің түсі- ақ-қара. Суреттегі мәтіннің өлшемі 12 пт кем емес. Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай мақаланың соңында жазылады. Сілтеме берілген әдебиеттер мәтінде /1; 345/ қиғаш жақшаның ішінде көрсетіледі. Көлемі 7 беттен аспауы керек. Басылымға тек өңделген мәтіндер ғана қабылданады. Материалдағы қателер мен дәлсіздіктерге автор жауапты.

Конференцияға қатысу үшін мақала мәтіні мен тіркеу формасы 2013 жылдың 20 қыркүйегіне дейін тапсырылады.
1. Тегі, аты-жөні (толығымен)
2. Мекеме, ЖОО, ҒЗИ аты
3. Жұмыс мекенжайы, телефоны, e-mail
4. Секция тақырыбы
5. Баяндама тақырыбы
6. Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі
7. Ұйымдастыру жарнасының төленгендігі туралы түбіртек көшірмесі
8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
9. Керекті техникалық құралдар
10. Мен
10.1 Пленарлық баяндамамен сөз сөйлеуді қалаймын (иә, жоқ)
10.2 Секция мәжілісінде баяндамамен сөз сөйлеуді қалаймын (иә, жоқ)
10.3 Конференцияда тыңдаушы ретінде қатысуды қалаймын(иә, жоқ)

Ұйымдастыру жарнасы - 2000 теңге (US $ 15). Конференцияға келуге байланысты шығындар қатысушының есебінен.
Шетел азаматтары үшiн тегiн PDF берiледi. Олардың қатысу – ақысыз.

Қаржы реквизиттері:

Мекеме: РМҚК "Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты"
ИИК (р/с) KZ61319M010000393804
КФ АО «БТА Банк» Қостанай қ. (Аль-Фараби көшесi,114)
БИК (МФО) ABKZKZKX (кбе 16, КНП 861) ( «Конференцияға қатысу үшін» деп көрсетілсін)
РНН 391700223560
БИН 040340005711
Конференцияға қатысу үшін

Ұйымдастыру комитеті:

110000 Қостанай қ., Таран көш., 118 Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, шетел тілдер факультеті, 317 каб. Беккалиева Махаббат Алимгазиевна, тел. 8 (7142) 54 59 64 (Деканат), факс 8 (7142) 53 18 52, e-mail:

Негізгі даталар:

2013 жылдың 20 қыркүйегіне дейін - конференцияға материалдары қабылданады.
2013 жылдың 24 қараша- конференция жұмысының басталуы.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Анонстар Қазіргі әлемдегі мәдениеттер тоғысы және көптілді білім