Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы Университетіміздің 80 жылдығына және ҚМПУ-ға физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Сұлтанғазин Өмірзақ Махмұтұлының есімі берілуіне орай өткізіліп отырған «Сұлтанғазин оқулары» І халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының бағдарламасы өзгергенін хабарлайды.

2019 жылы 17 мамырда университеттің 80 жылдығына және ҚМПУ-ға физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Сұлтанғазин Өмірзақ Махмұтұлының есімі берілуіне арналған «Сұлтанғазин оқулары» І халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі.

Конференцияның өткізілу барысында білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін зерттеумен айналысатын ғалымдар, практик-мамандардың қатысуы жоспарланып отыр.

Конференция бағдарламасын жүктеу

Қазақстан Республикасындағы жастар жылы және Ө.Сұлтағазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің 80-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Сіздерді Ө.Сұлтағазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады. Конференция Қазақстан Республикасындағы жастар жылы және Өмірзақ Сұлтағазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің 80-жылдығына арналады. Конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар қатыса алады.

Әрі қарай оқу

Сіздердің баяндамаларыңыз университетіміздің 80-жылдығына және ҚМПУ-ға ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы Сұлтанғазин Өмірзақ Махмұтұлының есімі берілуіне арналған «Сұлтанғазин оқулары» I-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдарында жариялануға қабылданғанын хабарлаймыз. Сіздерді 2019 жылы 17 мамырда Қостанай қаласы (Қазақстан), Тәуелсіздік көшесі 118 мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің (ҚМПУ) ғимаратында өтетін конференцияға қатысуға шақырамыз.

ақпаратты көшіру

Назар аударыңыз! Құрметті студенттер мен оқытушылар! 2019 жылғы 17 сәуірде Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтеді. Барлық 3 және 4 курс студенттерін шақырамыз.

Ақпараттық кітапхана орталығының оқырман залында «Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті: тарих және қазіргі заман» атты кітап көрмесі ашылды. Экспозиция Қазақстанның солтүстік өңірінің алдыңғы қатарлы педагогикалық жоғары оқу орындарының бірінің 80 жылдық мерейтойына арналған. Университет тарихы – Қостанай облысының жоғары педагогикалық білім беруді дамытудың бастауында тұрған талантты және жанкешті оқытушылардың, қызметкерлердің өмірі мен шығармашылығы. Жоғары оқу орнының дәстүрі, атақты түлектер туралы көрмеде орналастырылған басылымдар баяндайды. Мұнда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 1958, 1959,1961 жж. жарық көрген "ғалымдардың жазбалары" алғашқы басылымдарымен танысуға болады.

Сен ақылды, жас, дарындысың ба?

Өршіл, кретивті және біздің қоғамымызды жақсы орынға жеткізетін жобалар идеяларына толысың ба?

Қайдан бастау керек екенін білмейсің бе?

U – SMART Бизнес – инкубаторына кел (202-203 каб., 87479186756)!

Біз сенің идеяңды іске асыруға көмектесеміз!

2019 жылы 28 наурызда студенттер, магистранттар, жаспедагогтар мен ғалымдарды Ө.Сұлтанғазинатындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің 80 жылдығына арналған "Жасұрпақтың ғылым мен білімдегі миссиясы: дәстүрлері, инновациялары" атты аймақтық студенттік ғылыми-практикалық конференция ғақатысуға шақырамыз. Конференцияның мақсаты: Қазақстан Республикасы азаматтарын жас ұрпақтың инновациялық әлеуетін практикалық түрде жүзеге асыру үшін жағдай жасау және дамытуға ынталандыру. Конференцияға Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасы жетекшілік етеді.

Құрметті студенттер! «Бір ел – бір кітап» ұлттық акция аясында кітап оқуға шақырамыз: Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы, Ә. Тәжібаевтің Лирикалық өлеңдері. Ақпараттық кітапхана орталығына жүгініңіздер.

Сырттай кезеңнен өту үшін байқауға қатысушылар ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттар мен материалдарды жіберу қажет: конкурсқа қатысуға өтінім; портфолио (қағаз және электронды түрде); ғылыми хатшы растаған жарияланымдар тізімі; дипломдардың, сертификаттардың және Конкурсқа қатысушының жетістіктері туралы куәландыратын басқа да құжаттардың көшірмелері. Құжаттарды қабылдау 2018 жылғы 1 қазаннан бастап 2019 жылғы 1 ақпанға дейін жүзеге асырылады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Анонстар