Байқау кеңесі

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидалары

1. Білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10507 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 114 бұйрығымен бекітілген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерге сәйкес келетін байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау салаларында жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорында байқау кеңесін енгізу немесе байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) тиісті шешімі қабылданғаннан кейін тиісті саладағы уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган):

  • байқау кеңесі туралы ережені, байқау кеңесін шақыру және отырыс өткізу тәртібін бекітеді;
  • осы бұйрықпен бекітілген Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларына сәйкес байқау кеңесінің мүшелеріне үміткерлерді конкурстық іріктеуді жүргізеді;
  • байқау кеңесінің құрамын қалыптастырады және бекітеді.

3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің саны тақ болады және бір-бірімен және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен жақын туыстық және жекжаттық қатынастарда болмайтын кемінде бес адамнан құралуға тиіс.

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын қоспағанда, байқау кеңесінің мүшелері шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын жұмыскерлерінің штатына кірмейді.

Байқау кеңесінің төрағасы байқау кеңесі мүшелерінің көпшілік дауысымен байқау кеңесі мүшелерінің қатарынан сайланады.

Мемлекеттік кәсіпорын басшысы байқау кеңесінің төрағасы сайлану үшін үміткер болып табылмайды.

4. Байқау кеңесінің құрамына тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өкілдері, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысы және осы бұйрықпен бекітілген Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындағы байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес конкурстық негізінде сайланатын өзге де тұлғалар кіреді.

5. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабы 3-тармағына сәйкес, Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.

  • Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңестерінің құрамын бекіту туралы  (ақпаратты көшіру)
  • Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі туралы (ақпаратты көшіру)
  • Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу тәртібі (ақпаратты көшіру)

«Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорын байқау кеңесінің құрамы 

Аты-жөні Лауазымы
1 Асылова Бибигуль Амангельдиновна Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі
2 Әбіл Еркін Аманжолұлы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры
3 Искандирова Татьяна Николаевна «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының директоры
4 Слесарь Марионелла Васильевна «Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының директоры
5 Микетка Александр Романович «Костанайский мелькомбинат» АҚ директоры
6 Әбенов Мұрат Телғарұлы Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры
7 Байжанова Шолпан Амантайқызы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БА институтының бас маманы
8 Ахметова Гүлмира Аскарқызы «Қазақстан Халық банк» АҚ Қостанай облысы филиалының директоры
9 Сухинин Петр Петрович Қостанай облысы бойынша кәсіпкерлік қызметке жәмдемдесу қоры
10 Жумашева Галия Амангельдеевна «Казкоммерцбанк» АҚ Қостанай қаласы филиалының директоры
11 Сапаков Думан Набильевич Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры
Тәуелсіз бақылаушылар құрамы
1 Салманова Татьяна Ивановна «ПК Большевичка» ЖШС директоры
2 Кикебаев Набидолла Ақанұлы «Қазақ тұлпары» ЖШС директоры

Байқау кеңесінің хатшысы -  Қозыбаева Махаббат Мәлікқызы, PhD докторы, доцент

Байланыстар:

  • Мекенжайы: 110000, г.Костанай, ул. Тәуелсіздік, 118
  • Тел.: 8-777-375-49-56, 54-28-49
  • e-mail:

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Университет туралы Байқау кеңесі