Медетов Нурлан Амирович

  • Ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор
  • Физика-математика ғылымдарының докторы
  • telephoneТелефон: (7142) 54-41-47
 

Медетов Нұрлан Әмірұлы Қостанай облысы, Қостанай қаласының тумасы.

2000 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін үздік бітірді.

1999 жылдан 2009 жылға дейін З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде лаборант, зертхананың меңгерушісі, оқытушы, аға оқытушы, техника факультетінің деканы, оқу жұмысы және инновациялық технологиялар жөніндегі проректоры лауазымында қызмет атқарды.

2005 жылы Уральск мемлекеттік техникалық университетінде – УПИ (РФ, Екатеринбург қаласы) физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін, кандидаттық диссертация қорғады.

2009 - 2011 жылдары Ұлттық зерттеу университетінің «Мәскеу электрондық техника институты» «Болашақ» бағдарламасы бойынша (РФ, Мәскеу қаласы) докторантурада оқыды. 2014 жылы физика-математика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғағады.

2015 - 2018 жылдары А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде ақпараттық технологиялар факультетінің деканы.

2016 - 2018 жылдары «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» Қостанайдағы филиалының директоры.

2018 жылдың ақпан айынан бастап Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор қызметін атқарады.

70-тен астам ғылыми жұмыстары рецензияланған ғылыми журналдар мен басылымдарда, сондай-ақ қазақстандық, бүкілресейлік және халықаралық конференция материалдарында басылып шықты. Оның ішінде 8 мақаласы Scopus базасында, 5 мақала Web of Science Clarivate Analytics (Thomson Reuters) базасында индекстелген.

Қазақстан ұлттық жаратылыстану академиясы және Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі болып табылады.

Қостанай қалалық мәслихаты V және VI шақырылымының депутаты. «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, Қостанай қ. әкімдігі жанындағы «Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау» комиссиясының мүшесі.

Марапаттары:

  • Қазақстан Республикасының 20-жылдығына орай, Қостанай облысы «Ғылымы мен инновациясын дамытуға қосқан үлесі үшін» Қостанай облысы әкімінің Грамотасы (2011),
  • Челябі мемлекеттік педагогикалық университетінің «Білім саласында сіңірген еңбегі үшін» 3 дәрежелі медалі (2013),
  • «Қазақстан маслихаттары 20 жыл» Мерейтойлық медаль (2014);
  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасы» (2016).

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Университет туралы Басшылық Ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор