Кадр бөлімі

Бөлім бастығы

Смагина Ольга Анатольевна

Смагина Ольга Анатольевна

  • Кабинет: 112
  • Телефон: 8 (7142) 53-11-72
  • e-mail:

Кадрлар бөлімі институтымыз құрылған күннен бастап жұмыс істеп келе жатқан ең байырғы қызметтердің бірі. Оның алғашқы күннен бастап қаз тұрып кетуіне алғашқы бөлім бастықтары - Анатолий РомановичВольский, Роза Қабдылқапарқызы Есетова, Любовь Трофимовна Конвисарева сынды тұлғалар айтарлықтай үлестерін қосқандықтарын атап өтуге болады. Олар өздерінің көп жылғы адал да табысты еңбектерінің арқасында өз замандастары, қызметтестерінің құрметтеріне ие болған жандар болатын.

Өзінің 79 жылдық тарихында бұл бөлім кадрлар бөлімі де, кадрлық қызмет бөлімі де болып аталды. 

Кадрлар бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 15 мамырында қыбылданған «Еңбек кодексі», Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесінде қаблданған «Білім туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 9 шілдесінде қабылданған «Ғылым туралы» Заңын басшылыққа алады. Бұлармен қатар институт ректорының бұйрығымен «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы-профессорлардың бос орындарына қызметкерлер қабылдаудың», Ережелері мен «Ұжымдық Келісім-шарт» бекітілген болатын. Институтуттағы жұмыс беруші (ректор) мен қызметкердің арасында туындайтын кейбір жайлар, институтымызда «Еңбек кодексінің» талаптарына сай жасалған еңбек келісім шартының негізінде шешілуде.

Кадрлар бөлімі өз қызметінде сонымен қатар институттың түрлі қызметтерімен бірлесе жұмыс істеп, институттың жеке құрамы мен кадрларға байланысты бұйрықтар дайындаумен, қызметкерлердің саны мен сапасын анықтайтын құжаттар мен институт қызметкерлерінің еңбек өтілдеріне қатысты барлық құжаттардың есебін жүргізіп, оқытушы-профессорлардың арасында өткізілетін аттестациялық және конкурстық комиссиялардың отырыстарына қажетті құжаттарды дайындап, оларды өткізуге қатысады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Университет туралы Бөлімдер Кадр бөлімі