Оқу үдерісін жоспарлау

Офис жетекшісі

Маканова Балгын

Маканова Балгын Жарулловна

 

Маманы

Gulbanu Karabayeva

Карабаева Гульбану Жумашевна

  • Кабинет: 127
  • Телефон: 8 (7142) 53-01-62, 54-58-74 (ішкі тел.256)
  • e-mail:

Оқу үдерісін жоспарлау офисі оқу-әдістемелік басқарманың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Оқу үдерісін жоспарлау офисі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық құжаттарының талаптарына сәйкес университетте оқу үдерісін ұйымдастыру, басқару және бақылау бойынша жұмыстарды орындайды.

Қызмет түрлері:

  • Оқу үрдісін ұйымдастыру және жоспарлау;
  • білім берудің барлық түрлері бойынша жұмыс оқу жоспарларын (жылдық) жасау;
  • білім берудің барлық түрлеріне, мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларына арналған модульдік білім беру бағдарламаларын құрастыруды үйлестіру және бақылау;
  • келесі оқу жылына барлық мамандықтар бойынша академиялық күнтізбені құрастыру;
  • мамандықтардың таңдау пәндер каталогын қалыптастыру және жариялауға қатысу;
  • бөлімдердің оқу жүктемесін есептеу және бөлу;
    оқу үдерісін ұйымдастыруда деканаттарды, кафедраларды әдістемелік көмекпен қамтамасыз ету;
  • оқу сессияларын, аралық аттестаттау мен қорытынды аттестаттау кестесін құрастыру;
  • оқу процесін қамтамасыз ету үшін аудиторлық қорды бөлу;
  • семестрдің соңында және оқу жылында кафедра оқытушыларының жеке жоспарларын тексеру, аудиттің нәтижелері туралы шоғырландырылған есеп дайындау;
  • білім беру үрдісіне білім беру инновацияларын енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • жылдың соңында ішкі аудиттерді талдау арқылы егжей-тегжейлі есепті дайындау.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Университет туралы Бөлімдер Oқу-әдістемелік басқармасы Оқу үдерісін жоспарлау