Oқу-әдістемелік басқармасы

Басқарма басшысы

Наурызбаева Эльмира Кенжегалиевна

Наурызбаева Эльмира Кенжегалиевна

  • Кабинет: 106
  • Телефон: 8 (7142) 54-85-56, 54-58-74 ішкі.135
  • e-mail:

Оқу-әдістемелік басқармасы келесі құрылымдық бөлімшелерді қамтиды:

Басқарманың басты мақсаты университетте білім беру үдерісін басқарудың тиімді жүйесін әзірлеу, енгізу және қолдау болып табылады.

Оқу-әдістемелік басқармасынің міндеттері:

  • білім беру бағдарламаларын іске асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету; 
  • білім беру үдерісін қолданыстағы технологияларын, әдістерін, құралдары мен нысандарын әзірлеу, енгізу және жетілдіру;
  • педагогтың шығармашылық ойлауын дамыту, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік мүмкіндігін жетілдіру болып табылады

Оқу-әдістемелік басқармасы қызметінің негізгі бағыттары

  1. ҚР БҒМ нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес университеттегі оқу үдерісінің жүруін ұйымдастыру жетекшілік ету және бақылау;
  • Оқу үдерісінің нәтижелілігін көтеру және жетілдіру бойынша әзірлеме және ұсыныстар енгізу;
  • университетте оқу үдерісін жүзеге асыру бойынша нормативтік және ұйымдастырушылық, ақпараттық, оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу;
  • университеттің білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жетілдіру;
  • оқыту үдерісіне шығармашылық көзқарастағы технологияларды енгізу мен дамыту;
    -оқу сабақтарын бақылауды ұйымдастыру және талдау;
  • оқу сабақтарының, емтихандық сессиялардың, мемлекеттік емтихан және диплом жұмысын қорғаудың кестесін құру;
  • оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша жиналыстар, семинарларды ұйымдастыру және өткізу;
  • университеттің кафедралары мен бөлімшелерінің әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру;
  • кафедра филиалдарын ашу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • кәсіби тәжірибені өткізу аясында универстеттің білім беру, өндіріс және ғылыми мекемелермен байланысын нығайтып, әлеуметтік серіктестігін кеңейту;
  • ЖОО-да оқытудың заманауи педагогикалық әдістерін меңгерту бойынша жас оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету.
  1. Оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру:
  • Университет кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамының педагогикалық жүктемесінің есебі;
  • Кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамына педагогикалық жүктемені бөлу;
  • Кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамының педагогикалық жүктемені орындау есебі;
  • Кафедралардың, деканаттың және ПОҚ-тың жеке жоспарларын орындауын бақылау;
  • Профессорлық-оқытушылық құрамның электронды журналдарын тексеру және бекіту;
  • Тәжірибенің барлық түрлерін ұйымдастыру және өткізу бойынша факультеттердің және кафедралардың жұмыстарын үйлестіру;
  • МАК төрағаларының және МАК құрамының бекітуі бойынша бұйрықтардың жобаларын әзірлеу;
  • Студенттердің, жетекшілердің, рецензенттердің дипломдық жұмыстарының тақырыбын бекітуге бұйрықтың жобасын даярлау;
  • МАК төрағаларының есептерін сараптау және жалпылау;
  • Жұмыс берушілермен элективті пәндерді келісу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • Түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
  • Жаңа мамандықтарды ашу бойынша құжаттарды әзірлеу;
  • ҚР БҒМ, кәсіпорындардың, мекемелердің сұраулары бойынша ақпараттарды әзірлеу және ұсыну;
  • Ректордың оқу-әдістемелік жұмыс бойынша және т.б. бұйрықтарын әзірлеу.
  1. Оқу үдерісін жүзеге асыру бойынша оқу-әдістемелік, ақпараттық құжаттамаларды ұйымдастыру және әзірлеу;
  • Модульдік оқыту бағдарламаларын (МОБ);
  • Элективті пәндер тізімдемесін (ЭПТ);
  • Оқытудың барлық нысандары бойынша бакалавриат мамандықтарының оқу жұмыс жоспарларын;
  • Мамандықтардың оқу-әдістемелік кешенін (МОӘК);
  • Пәндердің оқу-әдістемелік кешенін (силлабустарды);
  • Пәндердің оқу жұмыс бағдарламаларын;
  • Академиялық күнтізбелерді.
  1. Оқу сабақтарын бақылауды ұйымдастыру және сараптау.
  • Академиялық сабақтарды және СОӨЖ-ді  өткізу сапасын бақылау мен оқу үдерісінің мазмұнын талдау;
  • Студенттердің оқу сабақтарына қатысуын бақылау және талдау;

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Университет туралы Бөлімдер Oқу-әдістемелік басқармасы