Әскери есепке алу бөлімі

Бөлім бастығы

Жекибаева Кымбат Бахитжановна

Жекибаева Кымбат Бахитжановна

  • Телефон: 8 (7142) 54-58-74 (вн. 139)
  • Кабинет: 107

Жұмыс істейтін және оқитын әскери міндеттілер мен әскер қатарына шақырылушыларды әскери есепке алуды ұйымдастыру мақсатында институтта әскери есепке алу бөлімі құрылды.

Әскери есепке алу бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасы азаматтарын әскери есепке алуды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі заңнамалық және нормативтік құжаттарды, 2012 жылғы 27 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскер қатарына шақырылғандарды есепке алу Ережелерін» басшылыққа алады.

Әскери есепке алудың мақсаты елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларды тиімді пайдалану мүддесінде әскерге шақырылатын және жұмылдыратын адамдар ресурстарының сандық және сапалық құрамын анықтау болып табылады.

Әскери есепке алу бөлімінің негізгі міндеттері:

  • жұмысқа (оқуға) қабылданатын азаматтардың әскери есепте тұратындығын анықтау;
  • университетте жұмыс істейтін және оқитын азаматтардың әскери есебінің толықтығы мен сапасын қамтамасыз ету;
  • жылына бір рет әскери есеп туралы азаматтардың жеке карточкаларындағы мәліметтерді Қостанай қ. қорғаныс істері жөніндегі Басқарманың әскери есеп туралы құжаттарымен салыстырып тексеру;
  • жыл сайын әр студентке әскерге баруды кейінге қалдыруға құқық беретін анықтаманы қаланың Қорғаныс істері жөніндегі Басқармасына беру;
  • келесі жылы әскерге шақыртатын учаскеге тіркелуге және әскери есепке тұруға жататын студенттердің тізімін беру;
  • әскерге шақырылатындарға шақырту қағазы бойынша қаланың, ауданның ҚІБ-на уақытылы келу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • жұмысқа (оқуға) қабылданған немесе жұмыстан шығарылған (университеттен шығарып жібергендерді) әскери міндеттілер туралы қаланың ҚІБ-на хабарлау.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Университет туралы Бөлімдер Әскери есепке алу бөлімі