• Автор: Элен Битэм, Рона Шарп
  • ISBN: 978-601-7943-29-5
  • Тілі: Қазақ
  • Баспа: «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ
  • Басылым жылы: 2019
  • Бет саны: 328
  • Алғашқы басылымы: 2007

Автор туралы:

Элен Битэм – тәуелсіз кеңесші, электронды білім беру саласының зерттеушісі. Рона Шарп – Оксфорд Брукс университетінің (Ұлыбритания) қызметкерлерді оқыту және дамыту орталығының басшысы.

Аннотация:

Бұл оқулықта ХХІ ғасырдағы педагогиканың дамуы, оқытуды жеке тұлғаға бейімдеу, қолжетімді әрі тиімді жоспарлау мен оны жүзеге асыруға бағытталған жобалар қарастырылады. Оқу қызметін электрондық және мобильді технологиялар контексінде зерттей отырып, авторлар білім берудің техно-бағдарлы болашағын кеңінен баяндайды. Кітаптың «Дизайнның принциптері мен практикасы» деп аталатын І бөлімінде білім алуға және оны жоспарлауға қатысты цифрлық технологиялардың қағидалары мен теориялары егжей-тегжейлі қарастырылып, оларды тиімді қолдану жолдары көрсетілсе, ІІ бөлімде дизайнның пәндік қырлары ортаға салынып, мобильді және сымсыз есептеу техникасы саласындағы жетістіктер, тәжірибе жүзіндегі жобалау мүмкіндіктері, күрделі жүйелер мен мобильді оқытуды дизайнға түсіру туралы тың зерттеу жаңалықтарымен толықтырылған. Қорытындылаушы ІІІ бөлімде авторлар осы технологияларды болашақта қолдану аймақтарына шолу жасай отырып, оған қатысты нақты үлгілер ұсынады.

Оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығушылық танытушы барша зерттеушілерге арналған.

Бұл кітапты пайдаланушы университеттер:

  • University of Cambridge
  • Harvard University
  • Brown University
  • Cornell University
  • Oxford University
  • Yale University

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная 100 жаңа кітап Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу. ХХІ ғасырдағы оқыту дизайны