• Автор: Эллиот Аронсон
  • ISBN: 978-601-7349-09-7
  • Тілі: Қазақша
  • Баспа: "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ
  • Басылым жылы: 2018
  • Бет саны: 408
  • Алғашқы басылымы 1972

Автор туралы:

Гарвард университетінің профессоры Эллиот Аронсонның бұл еңбегі әлеуметтік психологияға адам табиғаты мен болмысы арқылы жол салған ерекше туынды. Оқулық атауының қазақша баламасы – «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе».

Аннотация:

Белгілі ғалым Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе» атты кітабы әлеуметтік психологияның жаңа қырларын ашады. Мамандар бұл ілімді, cалыстырмалы түрде, ғылымның жас саласы деп есептегенмен, оның алғышарттары Аристотель заманында-ақ көрініс тапқан. Ал Аронсон болса, ХІХ ғасыр соңында іргетасын Триплет қалап, 1930 жылдары К. Левин одан әрі дамытқан әлеуметтік психология ғылымының көкжиегін кеңейтуге тырысады.

Жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ, қалың оқырман қауымға да қызықты бұл оқулық адамның сыртқы ортаға бағынуы, жағдайға мойынсұнуы, өзін-өзі ақтап алуы, көзсіз сенімге еруі, ұнатуы, ашуға бой алдыруы, үгіт-насихат жетегінде кетуі сияқты маңызды факторларды нақты мысалдар арқылы саралайды. Соның нәтижесінде Аронсон әлеуметтік психологияның ғылыми сала ретінде қалыптасып, өзіндік орнын иеленгендігін негіздеген. Бұл еңбек әлеуметтік психологияға жаңаша қарауға, ең бастысы, адам психологиясындағы ерекшеліктерге мұқият болуға баулиды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная 100 жаңа кітап Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе