• Автор: Патрисия Уоллейс
  • ISBN: 978-601-7943-23-3
  • Тілі: Қазақ
  • Баспа: «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ
  • Басылым жылы: 2019
  • Бет саны: 356
  • Алғашқы басылымы: 1999

Автор туралы:

Патрисия Уоллейс – Мэриленд университеті колледжінің жоғары мектеп доценті, сондай-ақ, дарынды жастарға арналған CTYOnline және Джон Хопкинс ақпараттық технологиялар орталығының бұрынғы бас директоры. Ол он үш кітаптың авторы.

Аннотация:

Патрисия Уоллейстің «Интернет психологиясы» киберкеңістіктің психологиялық қырлары, интернеттің адам мінез-құлқына әсері туралы күрделі мәселелерді қарастырады. Екінші басылым классикалық және заманауи зерттеулерге сүйене отырып, интернет технологиясындағы жаңа үрдістерді – онлайн-танысу, онлайн-агрессия, топтық динамика, бала тәрбиесі, проәлеуметтік мінез-құлық, онлайн ойындар, құпиялық және бақылау, желіге тәуелділік пен желіні қалыптастырудың стратегияларын зерттейді. Әдетте, адам өзіндік менің сырт көзге жақсы әсер қалыптастыру арқылы көрсетеді. Бірақ бұл оның шынайы бейнесі ме? Онлайнда ашық-жарқын адам оффлайнда да сол қалпын сақтай ма? Осындай қызықты мәселелерді белгілі әлеуметтік психологтардың дәстүрлі зерттеулерімен салыстыра таразылайды. Онлайнда өзгенің басындағы жағдайды, жан-дүниесіндегі арпалыстарды, жалғыздықты, көпшіл-бауырмал болуды түсіну мәселесіне де автор терең көз жүгіртеді. Онлайн-орта қалыптастыратын топтарға конформдылық, топ пікірін қабылдауға бейімділік те адам жаратылысының бір қыры екені жан-жақты мысалдармен дәлелденген.

Оқулық жоғары оқу орнының студенттеріне де, жалпы психология мен интернет психологиясына қызығушылығы бар кез келген оқырманға да таптырмас көмекші құрал бола алады.

Бұл кітапты пайдаланушы университеттер:

  • University of Oxford
  • Stanford University
  • University of Cambridge
  • Harvard University
  • Princeton University
  • University of California, Berkeley
  • Brown University
  • Columbia University
  • Yale University

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная 100 жаңа кітап Интернет психологиясы