ҚР Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, институтта ISO 9001: 2000 Халықаралық стандарты негізінде Сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) әзірлеу және енгізу жұмыстары басталды.

2005 жылғы қаңтар мен қазіргі уақыт аралығы кезеңінде сапа бойынша басшылық өкілі, жауапты тұлғалар тағайындалып, білім берудің сапа менеджменті бөлімі құрылды, сапа аймағында оның Саясаты және Мақсаты қалыптасып, олардың орындалуы қамтамасыз етілді. ISO 9001: 2000 Халықаралық стандарты талаптарына сәйкес, институтта негізгі үрдістерді бір қалыпқа келтіру жүргізілді, 30 құжатталған процедура, институттың құрылымдық бөлімдері туралы ереже, институт қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары әзірленіп, енгізілді.

Ішкі тексерісті жүргізу үшін, институт жұмыстарының ISO 9001: 2000 Халықаралық стандарты талаптарына сәйкессіздігін айқындау мақсатында институт қызметкерлерінен 10 аудитор анықталды.

-2008 жылғы 11 қыркүйекте Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, профессор Қ.М.Баймырзаев университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойып, Болон процесіне қатысуға дайын екендігіміз жайлы, халықаралық білім беру кеңістігінде өзіміз туралы мәлімдеді.
Университеттердің Ұлы Хартиясы еуропалық бірегей білімдік кеңістіктің негізі болады. Ол кеңістікті жоғары білімді автономды университеттер тарапында көрсете отыра, басқарудың демократиялық принциптерін студенттердің академиялық ғылыми зерттеулеріндегі еркіндігін, оқыту мен зерттеудің біртұтастығын анықтайды.

2014 жылғы бас кезінде институт сәтті сертификатты аудиттан кейін, «Русский регистр» сертификаты жөніндегі қауымдастықтан RWI голландық аккредитацияға сәйкес сертификат алды. Бүгінгі таңда ҚМПИ ҚР Мемлекеттік стандарты, Русский регистр, МОКА және IQNet тізімдері құрамында. Әсіресе IQNet значогі біздің сертификатымыздың әлемнің 35 елінде, соның ішінде Франция, Израиль, Жапония және басқа да елдерде жарамды екендігі жөнінде куәландырады. СМЖ енгізу институтқа ішкі үрдістерді жетілдіру және басқару жағдайында қызметті жүзеге асыру, қызметкерлердің алдына нақты мақсат қоя отырып, белгіленген өкілеттілік пен жауапкершілік шегінде сол мақсатқа жетуі үшін, оларға шығармашылық еркіндік ұсыну, институттың іс-әрекетін ұдайы жақсарту үшін, алға қойылған мақсаттарға жету барысын міндетті түрде талдауды жүзеге асыру, құжаттар айналымын бір жүйеге келтіру, қолданыстағы құжаттарды есепке алу және сақтау, мамандарды даярлауда жауапкершілікті біршама күшейтуге мүмкіндік берді.

СМК
Приложение
iqnet
magna charta

Joomla 1.6 Template
Joomla 1.6 Template
http://flamemirage.org sitemap